53
Сәбидің дүниеге келуі
Умму Сәләмә анамыз да осыған ұқсас бір оқиғаны
былай баяндауда:
«Бір күні Хасан мен Хұсейін
Пайғамбарымыздың үстіне кіші дәретін жіберіп
қойды. Олар сиіп болғанға дейін Пайғамбарымыз еш
нәрсе істемеді»
57
. Мұндай жағдайда балаларды дереу
алмақ болғандарға «Балаларыма кедергі жасамаңдар»
дейтін. Бір күні Пайғамбарымыз бөлмесінде ұйықтап
жатқанда үстіне шыққан немересі Хасан сие бастай-
ды. Баланы алу үшін Әнәс (р.а.) тұра ұмтылады. Сол
сәтте оянған Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
:
«Әй,
Әнәс, жүрегімнің жемісі – балама тиіспе. Оған жапа
көрсеткен маған жапа көрсеткенмен тең. Маған жапа
көрсету – Аллаһ тағалаға жапа көрсетумен тең»
58
, –
деп немересін еркіне қоя беруді айтады.
Сахабалар кейде балаларын көтеріп келетін.
Пайғамбарымыз оларды қолына алып еркелетпек
болғанда, кейбіреулері үстіне сиіп қоятын. Ата-аналары
ыңғайсызданып, балаларын кері алмақ болғанда,
Пайғамбарымыз жайбарақат қалпын бұзбастан, тек
бір ожау су сұрайтын. Суды баланың сиіп қойған
жеріне төгетін. Баланың еркінен тыс болған іске ашу
шақырмайтын. Баланы қорқытпау үшін сиіп болғанша
күтетін. Бұның өзі де бала тәрбиесі тұрғысынан өте
маңызды. Себебі, бала бұлшық еттері жетілгенге дейін
кіші дәретін ұстай алмайды. Бұндай жағдайда ұрсу,
жеку баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Бұл
жастағы балалар үшін ата-ананың ашулануы «мені тас-
тап кетпей ме» деген қорқынышқа итермелейді. Әрі оған
ұрысқан сайын керісінше сиіп қою үйреншікті жағдайға
57
Ибн Хажәр,
Фәтхул-Бари, I, 338-б.
58
Мәжмауз-зәуаид, I, 284-б.
54
Исламдағы бала тәрбиесі
айналады. Тіпті бір күні сіздің ұрысқаныңызды, ашу-
ланғаныңызды елемейтін жағдайға да әкелуі ғажап
емес. Сол себепті мейлінше сабырлық таныта білген
абзал.
Бала екі жастан асқаннан кейін психологтардың
кеңестеріне құлақ сала отырып, оны кіші және үлкен
дәретін қадағалауға үйретуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: