Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет33/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   101
Сезімтал бала
Қанша  ұйықтауға  тырысса  да  аштықтан  әл-дәрмені 
қалмаған  Аллаһ  елшісінің 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  көзіне  ұйқы 
кірмеді. Бұратылып ары жатты, бері жатты. Соңында болмаған 
соң  сыртқа  шықты.  Дала  қап-қараңғы.  Айнала  жым-жырт.  Ел-
жұрт  тегіс  ұйқыда.  Кенет  көше  бойымен  келе  жатып,  біреудің 
қараңдаған бейнесін байқады. «Келе жатқан кім болды екен?» – 
деп зер салып қарағаны сол, дереу тани кетті. Қашан да қасынан 
табылған  өзінің  жан  досы  Әбу  Бәкір  (р.а.)  екен.  Аллаһ  расулы 
сәлемдескеннен кейін:
−  Уа,  Әбу  Бәкір,  түннің  бір  уағында  неғып  жүрсің?  –  деп 
сұрады. 
−  Үйде тіске басар азық таппадым. Көзіме ұйқы кірмеген 
соң біраз жүріп қайтайын деп сыртқа шықтым, − деді. Осы сәт 
қараңдаған  тағы  бір  адамның  сұлбасы  байқалды.  Хазірет  Омар 
(р.а.)  екен.  Беймезгіл  уақытта  көше  бойында  тұрған  екі  досын 
көріп,  таңғалған  күйде  қастарына  келді.  Бәрі  амандасқаннан 
кейін Пайғамбарымыз одан да:
−  Уа,  Омар,  түн  жарымында  неге  көшеге  шықтың?  –  деп 
сұрады.
−  Уа, Аллаһтың елшісі, шынымды айтсам, аштықтан көз іле 
алмадым.


72
Исламдағы бала тәрбиесі
Сол  кезде  Пайғамбарымыздың  есіне  Әбу  Хәйсәм  түсе 
кетті.  Үйі  де  осы  маңайдан  алыс  емес-ті.  Күндіз  бақшасында 
жүргенін көрген еді. Ең болмаса қонақтарына құрма ұсынар де-
ген ниетпен достарына: 
−  Жүріңдер, Әбу Хәйсәмнің үйіне барайық, – деді.
Үшеуі  Әбу  Хәйсәмнің  есігінің  алдына  келді.  Үйдегілер 
қалың  ұйқыда  жатқан  еді.  Алдымен  есікті  хазірет  Омар  (р.а.) 
қақты. Зор даусымен:
−  Уа, Әбу Хәйсәм, есігіңді аш! – деді.
Әбу Хәйсәм да, әйелі де оянбады. Бірақ қастарында жатқан 
5-6 жасар ұлы төсегінен қарғып тұрып: 
−  Әке,  хазірет  Омар  келіп  тұр,  –  деді.  Ұлы  түс  көріп 
ұйқысыраған шығар деп әкесі:
−  Жата ғой балам, түн жарымында Омар келді дегені несі, – 
деп баласын жатқызып қойды. 
Үйден  тырс  еткен  дыбыс  шықпаған  соң,  есікті  хазірет  Әбу 
Бәкір (р.а.) қағып:
−  Уа, Әбу Хәйсәм, есігіңді аш! – деді жұмсақ даусымен.
Әбу  Хәйсәм  мен  әйелі  тағы  да  ояна  қоймады.  Кішкентай 
бүлдіршін қайтадан орнынан атып тұрып:
−  Тұрыңызшы, хазірет Әбу Бәкір келіп тұр, – деді. Баласы 
әлі ұйқысырап жатыр деп ойлаған әкесі баласын тағы жатқызып 
қойды. 
Бұдан кейінгі естілген дауыс әлемдегі барлық жаратылысты 
дүр сілкіндірген Аллаһ елшісінің 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 даусы еді:
−  Уа, Әбу Хәйсәм! Есігіңді аш! 
Ардақты пайғамбардың даусын естіген бала төсегінде жата 
алмады.  Орнынан  ұшып  тұрып,  әкесін  де  күтпестен  есікке  тұра 
ұмтылды. Жүгіріп бара жатып: 
−  Әке,  тұрыңыз,  ардақты  Пайғамбарымыздың  өзі  есікті 
қағып  тұр,  –  деді.  Әбу  Хәйсәм  ұйқылы-ояу  өз  көзіне  өзі  сенбей, 
біраз абдырап қалды. Түннің қараңғылығын нұр жүзімен сейілткен 
Алллаһ елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 қасында екі досымен есіктен 
кіріп  келе  жатты.  Әбу  Хәйсәм  қонақтарын  төрге  шығарып,  өзі 
сыртқа жүгіріп барып, бір лағын бауыздады. Әйелі дереу тамақтың 


73
Сәбидің дүниеге келуі
қамына  кірісті.  Көп  ұзамай  дастарқан  жайылып,  ыстық  тамақ  та 
келді. Шаңырақ иелері қадірлі қонақтардың келгеніне мәз-мейрам. 
Бұндай құрметті кісілердің үйлеріне келгенін өздеріне абырой са-
нап, дастарқанға барын қойды. Бәлкім, мұндай сәт өмірлерінде енді 
қайталанбас. Сол үшін үй иелері шамалары келгенше қонақтарды 
риза етуге тырысты. Тамақ, сүт, артынан құрма әкелінді. Қонақтар 
тамақтанып әлденіп алды. 
Бұл  жерде  айтпағымыз,  5-6  жасар  баланың  діни 
тәрбиесі.  Кішкентай  бүлдіршін  Пайғамбарымызды 
құрметтеуді, қатты жақсы көруді үйренген. Себебі, ол 
шаңырақта үнемі Аллаһ елшісінің үлгі-өнегесі жайлы 
әңгіме айтылатын. 
Жас бүлдіршіннің әкесі Әбу Хәйсәмнің 14-15 жа-
сында  Меккеге  келіп,  Пайғамбарымызға  жан-тәнімен 
серт беріп, толқып тұрып айтқан мынадай сөзі бар еді:

 Уа, Расулаллаһ, бізге, Мәдина қаласына келіңіз, 
сізге әрдайым есігіміз ашық!
Әкесінің  бірнеше  жыл  бұрын  толқыған  сәтін  дәл 
сол түні ұлы да басынан өткізді. «Әкеге қарап ұл өсер» 
деген қағиданың ақиқат екені сол түні тағы бір рет рас-
талды.
Кейбір  ғалымдар  балалардың  барлық  қабілет-
терінің  балалық  шақта  жетілетінін  айтады.  Мыса-
лы,  Америкалық  ғалымдардың  зерттеулері  бойынша 
баланың  санасындағы  қабілеттердің  жартысы  4  жа-
сында, үштен екі бөлігі 6 жасқа келгенде қалыптасады. 
Сондықтан  балалардың  мінез-құлқына,  кісілік  тұлға-
сына әсер ететін нәрселерді үйрете берген жөн. Бала-
ның  бойында  кісілік  тұлғасының  қалыптасуына  себін 
тигізетін  тәрбиенің  бірі  –  жаратылысына  сай  істерге 
баулу. Мысалы, ұл балаларды атқа міну, садақ тарту, 


74
Исламдағы бала тәрбиесі
жүзу,  күрес  және  жүгіру  секілді  спорттық  ойындарға 
жаттықтырған  жөн.  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)
 әкенің бала алдындағы міндеттерін баяндағанда, 
жақсы ат қою, құлағына азан шақыру, адал рызықпен 
тамақтандыру,  жазуды  үйретумен  қатар  садақ  тарту, 
атқа міну, күрес және жүзуді үйретуді де қоса атайды. 
Бұлар ұл баланың денесін шынықтырады, батырлыққа, 
шыдамдылыққа,  ептілікке  жаттықтырады.  Мұндай 
тәрбиемен  өскен  баланың  бойында  жастайынан  ер 
жігітке тән мінез қалыптасады. Ал қыз баланы үй ша-
руасына,  балаға  қарауға  үйрету  мақсатымен  осы  тек-
тес ойындарға тарту қажет. Ол үшін ойыншықтар мен 
қуыршақтар сатып алып берудің дұрыстығын ғалымдар 
құптаған
66

Бес  жастағы  бала  Аллаһ  тағаламен  байланыс 
құрудың бір түрі дұға екенін түсіне бастайды. Кейбір 
дұғаларды жаттай алады. Олар әлемдегі барлық бала-
лар  дұға  жасайды  деп  ойлайды.  Дұғасында  көбінесе 
өзіне  керек  материалдық  нәрселерді  сұрайды.  Дұға 
жасау дағдысы қалыптасу үшін 5-6 жастағы балаларға 
белгілі бір уақыттарда, тамақтан бұрын, тамақтан кейін, 
ұйықтар алдында және кейбір жерлерде дұға жасауына 
мән беріп, қадағалап отыру керек. 
Пайғамбарымыз бір хадисінде «Балаға 7 жасында 
намаз  үйретіңдер»  деген.  Олай  болса,  біз,  ата-аналар 
7 жасқа келгенде шынайы көңілмен, өз қалауымен на-
маз үйренуі үшін балаға намазды көзтаныс, үйреншікті 
ету  керек.  Айналасындағылардың  намаз  оқығанын 
кішкентайынан  көріп  өскен  бала  саналы  түрде  оның 
қажеттігін  ұғынады.  7  жасқа  келгенде  намаз  оқуды 
66
  Фәтхул-бари,  13-т.,  143-б.;  Нәуәуи,  Шәрху  Муслим,  15-т., 
204-б.


75
Сәбидің дүниеге келуі
қиынсынбайды.  Сондықтан  шаңырағымыз  мешіттің 
қызметін  атқарып,  сол  «мешіттің»  ішінде  әрдайым 
намаз  оқылып,  пенденің  Жаратқан  иеге  шүкіршілік 
ретінде құлшылық етуі тиіс екенін ұқтыратын атмосфе-
ра сезіліп тұрса, бала да реті келгенде өздігінен намазға 
жығылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет