Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет43/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101
еш нәрсені серік етіп қоспа, себебі, Аллаһқа серік қосу 
− ең үлкен зұлымдық»
90
. Демек, балаларға Аллаһқа серік 
қосудың өте үлкен қауіп екенін ескертуіміз керек.
Атап өткеніміздей, 11 жасынан кейін баланың жан 
дүниесін  уайым  басады.  Бұған  қоса,  сезімге  берілгіш 
келеді. Баланың қорқыныш пен уайымдарын жоюдың 
ең оңтайлы жолы – Аллаһ тағалаға деген иман. Бойын 
билеген  үрей  мен  уайым-қайғыға  беріліп,  салы  суға 
кеткен бала Аллаһқа деген сенімнің арқасында жүрегін 
қуаныш  кернеп,  өмірге  құштарлығы  арта  түседі. 
Иманның  арқасында  түйткілді  мәселелеріне  шешім 
тапқан сайын Аллаһқа деген жақындығы артып, сенімі 
беки  түседі.  12-13  жасынан  кейін  балаларда  Жарату-
шы  жайлы  сұрақтарға  жауап  беруде  қиындықтар  ту-
майды. Олар Аллаһ тағаланың бар екенін және Оның 
ұлылығын  іштей  терең  сезінеді.  Абстрактілі  ойлау 
қабілеті  арқылы  Аллаһтың  әрдайым  барлық  жер-
де  екенін  қабылдай  алады.  Яғни,  осы  жаста  «Қайда 
болсаңдар  да  Ол  (Аллаһ  тағала)  сендермен  бірге»
91
 
деген  аяттың  мағынасын  балаларға  ұғындырып,  осы 
арқылы күнә істерге жуымауына мұқияттылық таны-
туымыз қажет. Өмірде кездесетін мәселелерде Құран 
90
  «Лұқпан» сүресі, 13-аят.
91
  «Хадид» сүресі, 4-аят.


102
Исламдағы бала тәрбиесі
Кәрімнің ұсынған ұстанымдары мен пайғамбарлардың 
өмірінен  келтірілген  мысалдарды  түсіндіріп,  орта 
жолды  ұстану  мен  тепе-теңдікті  сақтай  білуді 
үйрету  қажет.  Өмірде  сәтсіздікпен  қатар  жеңістің, 
өкінішпен қатар қуаныштың да болатынын ескертіп, 
«Шындығында әрбір қиындықпен қатар оңайлық бар»
92
 
деген  аяттан  рухани  күш-қуат  алуға  дағдыландыру 
керек.  Мұндай  рух  оны  әрдайым  қиыншылықтарды 
жеңуге, қалтарыстан шығатын жол табуға жетелейтіні 
анық.  Бірақ  жетістіктің  Аллаһ  тағаланың  нәсібі 
екенін  бала  әрдайым  есінде  ұстауы  тиіс.  Баладағы 
Аллаһ тағалаға деген сүйіспеншілік пен берік иман − 
өмірінде кездесетін үмітсіздік, қайғы, шүбә мен түрлі 
үрейге қарсы тұратын күш. Осындай берік иман Аллаһ 
тағаланың  әсем  есімдері  мен  сипаттарын  ұғуға  жол 
ашады. Айналадағы құбылыстардың астарын пайымдай 
білуге бейімдейді. Осы жас аралығында балалар, Аллаһ 
тағала  мен  адам  арасындағы  нағыз  байланыс  құралы 
дұға  екенін  мойындайды.  Ендігі  жерде  дұғаларында 
Аллаһ тағаладан кешірім сұрап, жамандықтардан бой-
ын аулақ ұстау үшін жәрдем тілейді. Көңілі құлазып, 
бір нәрсені уайымдағанда, дереу дұға етуге болатынын 
жақсы ұғынады. Өзіне бірден-бір көмек беретін құдірет 
Аллаһ тағала екенін сезініп, мұсылмандық міндеттерді 
орындау керектігінің байыбына барады. 
  Осы  жасқа  дейін  балаға  діни  мәселелерді  қара-
пайым тілмен түсіндіріп келсек, ендігі жерде санасында 
мықтап  қалу  үшін  мәселелерді  қисынды  дәлелдермен 
түсіндіруіміз  керек.  Олар  бұған  дейін  ақида  (Ислам 
92
  «Инширах» сүресі, 5-6-аяттар.


103
Сәбидің дүниеге келуі
сенімі)  саласына  қатысты  негізгі  мағлұматтарды
93

Құран (оқу, тәжуид, намаз сүрелерін жаттау), ғылым-
халдағы  мәліметтерді  (дәрет  алу,  намаз  оқу,  намаз 
уақыттары, ораза, т.б.) бойына жинақтаған болса, енді 
сол пәндерге қатысты тақырыптарды кеңірек қамтып, 
сонымен  қатар  хадис,  тәфсір,  пайғамбарлар  тарихы, 
ахлақ пәндерін оқытуға болады. Сондай-ақ мұсылман 
адам  діни  ілімдермен  қатар  дүниелік  ғылымдарды  да 
үйренуі  тиіс.  Діни  ілімдер  мен  дүниелік  ғылымдар 
адамға  берілген  екі  қанат  іспеттес.  Осы  екі  қанатты 
қатар пайдаланғанда ғана ол көкке қарай құлашын кең 
жая  алады.  Имам  Шафиғидің  15  жасқа  келгенде  діни 
мәселелерде пәтуа бере бастағанын, Ибн Синаның он 
жасында Құранды, әдебиетке қатысты білімді өте жақсы 
меңгеріп, дін методикасы (Усулуд-дин), математика, ал-
гебра сияқты ғылым салаларына қатысты мәліметтерді 
жатқа  білгенін  жоғарыда  баяндаған  болатынбыз.  Де-
мек,  алғашқы  мұсылмандар  балаларына  15  жасына 
дейін  берілуі  тиіс  білімді  толық  игерулеріне  жағдай 
жасаған. Діни әрі дүниелік ғылымдардың нәрімен су-
сындап  өскен  балалар  балалықтың  базарлы  шағының 
өзінде  ересек  адамдар  секілді  ой  саларлық  өткір 
пікірлер  айта  білген.  Осындай  білімді  ұрпақ  арқылы 
Ислам мәдениетінің туы көкте желбіреген. Ал баланың 
тәлім-тәрбиесіне немқұрайлы қараған уақыттан бастап, 
мұсылман мемлекеттері құлдырай бастаған. 
10 жасына дейін үйрену мақсатымен намаз оқыған 
бала, он жасынан кейін намазды қаза қылмай күнделікті 
оқи бастайды. Ораза ұстауға қарағанда намаз оқу жас 
93
  Аллаһқа иман, пайғамбарлар және Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.), 
Аллаһтан келген кітаптар, періштелер, ақырет, т.б.


104
Исламдағы бала тәрбиесі
балғын үшін әлдеқайда жеңілірек болғандықтан, намаз 
оқуды бірінші бастаған жөн. Дегенмен ораза ұстау да 
бес парыздың бірі болғандықтан оны да бала балиғат 
жасына жетпей тұрып үйренгені абзал. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
:  «Бала  үш  күн  қатарынан  ораза 
ұстай алса, рамазан айындағы ораза оған уәжіп бола-
ды» – дейді. Демек, баланың оразаны ұстауы үшін ша-
масы келетін уақытты күту керек. Алайда бұрынырақта 
сахабалар балаларды кішкентай кездерінен бастап ораза 
ұстауға  жаттықтырған.  Бухаридің  хадис  жинағында 
олардың ашура оразасын балаларға да ұстатқандары ба-
яндалады. Егер баланың қарны ашып жыласа, боялған 
жүннен  ойыншықтар  жасап,  ауыз  ашатын  уақытқа 
дейін  сонымен  алдандырғаны  айтылған
94
.  Демек, 
алғашқы  мұсылмандар  оразаға  жаттықтыру  ниетімен 
жас  балаларға  ораза  ұстатқан.  Тіпті  кейбір  мұсылман 
ғалымдар  оразаға  жаттықтыру  жасын  намаз  жасы 
сияқты 7-10 жас аралығы деп көрсетсе, кейбіреулері 12 
жас дегенді алға тартқан
95
.
Баланың  осы  дүниесі  мен  ақыреті  үшін  қажетті 
білімдер балиғат жасынан бұрын берілуі тиіс. Балиғат 
жасына  жеткендер  Ислам  түсінігі  бойынша  ере-
сек  болып  саналғандықтан,  бұл  жаста  бала  қажет 
болған  жағдайда  ата-анасына,  бауырларына  де-
ген  қамқорлықты  мойнына  алуы  тиіс.  Осыған  орай 
балиғат  жасына  дейін  бала  өмірдің  ауыртпалығын 
көтере  алатындай  етіп  тәрбиеленуі  керек.  Сондай-ақ, 
жасөспірімдердің  болашақта  қандай  мамандық  иелері 
болатынын  да  балиғат  жасына  жетпей  тұрып  ойла-
стырып, ыңғайына қарай сол бағытта бейімдеу керек. 
94
  Бухари, Саум, 47.
95
  Ибн Хажәр, Фәтхул-Бари, 5-т., 103-б.


105
Сәбидің дүниеге келуі
Мамандыққа қарай бейімдеу одан да ерте жаста болуы 
мүмкін. Себебі, мұсылман ғалымдардың пікірінше, егер 
ата-анасы  баланың  бойынан  алғырлықты,  есте  сақтау 
қабілетінің жақсы екенін және зерделі зейінді байқаса, 
оны ғылымға қарай бағыттау керек. Себебі, бұл сипат-
тар  ғылымға  бейімділіктің  белгісі.  Кейде  ата-аналар 
балаға  3-4  жасында  «Үлкейгенде  кім  боласың?»  деп 
сұрап  жатады.  Бала  ойланбастан  халық  арасында  кең 
тараған заңгер, экономист сияқты беделді мамандықты 
айтады.  «Балабақшадағы  сәбилерден  «үлкейгенде  кім 
боласың?»  деп  сұрасаң,  бәрі  «банкир  боламын»  деп 
айтады» деп ата-аналардың өздері басын шайқап, таң 
қалысып  жатады.  Бұл  біздің  қоғамда  қалыптасқан, 
жеткіншектерді мамандық таңдауда қате бағыттаудың 
салдарынан  туған  дағды  сықылды.  Себебі,  3-4  жасар 
бала өзінің неге бейім екенін білмейді. Ата-ананың да 
бұл жаста баласының қабілеттерін толық тануы мүмкін 
емес. Оның қабілеттерін жете білмей тұрып, «Менің ба-
лам өскенде дәрігер болады» немесе «сот болады» деп 
ұрандап,  балаға  қате  бағыт  сілтеудің  қажеті  шамалы. 
Ата-ананың үмітін ақтау үшін кейбір балалар шамасы 
келмесе де мектепті бітіргеннен кейін сол мамандықты 
таңдап  жатса,  сол  мамандыққа  қол  жеткізе  алмай 
қалған  жағдайда,  баланың  көкейінде  «ата-анамның 
үмітін  ақтай  алмадым»  деген  өкініш  қалыптасуы  да 
мүмкін. Сондықтан асығыстық жасамай, жасөспірімдік 
кезеңде ғана баланы мамандық таңдауға бейімдеу ке-
рек.  Жасөспірімдік  кезеңде  баланың  бойынан  бір 
мамандыққа  бейімділік  байқалса  және  ол  мамандық 
қыздың  немесе  ер  баланың  табиғатына  жат  болмаса, 
әрі оны күнәға бастамаса, онда сол мамандыққа қарай 
баланы  бағыттаған  дұрыс.  Бірақ  мұсылман  ғалымдар 


106
Исламдағы бала тәрбиесі
бала  діни  мағлұматтарды  меңгергеннен  кейін  ба-
рып  мамандыққа  бейімдеу  керек  дейді
96
.  Демек, 
жасөспірімдіктің соңғы жылдарында мамандыққа қарай 
бейімдеу тәрбиеде өз орнын табуы тиіс. Ал бұл шараны 
жанұя мен мектептің бірлесе отырып атқарғаны абзал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет