122
Исламдағы бала тәрбиесі
Құран түскен адамзаттың асылы Пайғамбарымыздың қасындамын,
дұрыс оқуым керек» деп аса зейін қойып оқиды. Ертесі ұстазына
барып бұл жолы Құранның төрттен бірін ғана оқи алғанын айтады.
Ұстазы: «Сен енді Құранды Жәбірейіл періште пайғамбарымызға
жеткізіп тұрғанда оқығандай оқы», – деп тапсырады. Шәкірті
ертесі таңертең келіп, сол түні бір сүре оқуға ғана шамасы жеткенін
айтады. Бұл жолы ұстазы: «Сен енді Құранды Аллаһ тағаланың ал-
дында тұрып оқығандай оқы», − деп тапсырады. Шәкірті ертесі
жылап келген күйі: «Ұстаз, «әлхамдулиллахи раббил аламин»
дедім. «Мәлики яумиддинге» дейін келдім. Бірақ «ииәкә на-
буду» дегенге тілім бармады. Өйткені, мұның мағынасы Саған
ғана құлшылық жасаймын дегенге саяды. Алайда, байқасам менің
құлдық ұрып кеткен нәрсем көп екен. Сол себепті Жаратушыға
тек Саған ғана құлшылық жасаймын деуге «ииәкә набуду» деген-
нен аса алмадым», − дейді...
Достарыңызбен бөлісу: