Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Қасиетті ұғымдарды сіңіру



Pdf көрінісі
бет46/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Қасиетті ұғымдарды сіңіру
Исі мұсылманға тән қасиетті ұғымдардың әуелгісі 
−  Аллаһ  ұғымы.  Ол  −  иманның  бір  тірегі.  Аллаһқа 
сенбейтін кісінің ислами және имани өмірі мешел деген 
сөз.  Бұл  ұлы  әрі  қасиетті  ұғымды  өз  ұлылығына  сай 
белгілі бір жастан бастап, (көбіне ол жас 8-9 жас деп 
қабылданады)  бала  санасына  сіңірудің  міндет  екенін 
білуіміз керек. 
Аллаһ  тағала  «Кімде  кім  Аллаһтың  қасиетті 
нәрселеріне құрмет көрсетсе, күмәнсіз бұл жүректің 
тақуалығынан»  («Хаж»,  22/32)  деген.  Жүректің 
тақуалығы – Аллаһты тану, өзі таныған ұлы Аллаһқа 
құрметпен  бетбұруы,  Соған  сиынып,  Соған  бағынуы 
және  Аллаһ  жайлы  ақиқатты  толық  ұғыну  арқылы 
жүзеге асады. Исламның қасиет тұтқан ұғымдарына 
құрметпен  қарау  өміршең  нәрсе.  Мәселен,  сондай 
орындардың бірі мешіт бала назарында өте қасиетті 


110
Исламдағы бала тәрбиесі
әрі  құрметті  болып  қалыптасуы  қажет.  Сонда 
ғана  бала  Аллаһты  тануға  апаратын  жолдардың 
барлығы мешіт арқылы өтеді екен деген ойға қалмақ. 
Азаншының  «Аллаһу  акбар»  деген  әуезді  дауысы 
мұнаралардан естілгенде баланың назары, бүкіл есіл-
дерті соған ауғаны жақсы. «Аллаһу акбар» деген кезде 
ол да сол сөздерді қайталап, азан біткенде қолын жа-
йып дұғасын оқи білу керек. Егер Аллаһты танып, шы-
найы түрде жақсы көре алсақ, жүрегімізде тақуалық 
пен діндегі құрметті нәрселерді ұлықтау сезімі болса, 
осы сезімдерімізді баланың бойына да сіңіріп, Аллаһтың 
ұлылығын  көрсетіп,  сүйдіріп  әрі  Мабуду  мұтлақтан 
(Құлшылық жасауға лайық абсолютті құдірет) басқа 
Махбуб (сүйікті), Мақсұд (қаланған), Матлуб (талап 
етілген) жоқ екенін оның бүкіл болмысына сіңіре ала-
мыз. Тәбәранидің Әбу Үмәмәдан жеткізген бір хадисінде 
Аллаһ елшісі «Аллаһты құлдарына сүйдіріңдер, сонда 
Аллаһ та сіздерді сүйеді»
100
 деген.
Құран  Кәрімде  Аллаһ  «Адамдар  мен  жындарды 
Өзіме ғана құлшылық етсін деп жараттым»
101
 деген. 
Ибн  Аббас  пен  Мүжахид  (р.а.)  бұл  жердегі  лиябудун 
«Өзіме  құлшылық  ету  үшін»  деген  сөзді  лиярифун 
«Мені  танып-білсін»
102
  деп  тәпсірлеген.  Демек,  адам 
Аллаһты  таныса  ғана  құлшылық  жасайды,  білмесе 
көңіл  көзі  соқыр  күйінде  жүре  бермек.  Олай  болса, 
баланың діни түсінігі толысқанда барып, Аллаһқа де-
ген  құрметі  арта  түспек.  Алайда,  әр  деңгейдің  өзіне 
100
 Табәрани,  Мүжәмул-Кәбир,  8/90;  Али  әл-Мұттақи,  Кәнзул-
Ұммал, 15/777.
101
 «Зариғат», 51/56.
102
 Құртуби, әл-Жамиу ли Ахками-л Құран, 17/55.


111
Сәбидің дүниеге келуі
тән таныту әдісі болғаны секілді, Аллаһты да баланың 
жасына,  сана-сезіміне  қарай  танытуымыз  керек. 
Жасы кіші балаға алдына жайылған дастарханды дәлел 
келтіріп  жатпастан  Аллаһ  жайды  деу  жеткілікті 
болуы  мүмкін.  Баланың  жасы  сәл  ұлғайғанда,  жан-
жануарлар мен ағаштар күткен жаңбырдың көктен 
Аллаһтың көмегімен жауғанын, жаңбырдың Аллаһтың 
рақымдылығы екенін айту қажет. Жасы одан да үлкен 
балаға  Аллаһтың  теңіздердегі,  өзендердегі  булану 
заңдылығын, ауадағы жаңбырдың жауу заңдылығын, 
оны  кездейсоқтықпен  түсіндіру  мүмкін  емес  екенін, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет