176
Исламдағы бала тәрбиесі
мызбен (р.а.) екі рет жарысқаны, біріншісінде хазірет
Айшаның (р.а.), екіншісінде Пайғамбарымыздың озып
кеткені айтылады
172
. Сахаба Абдуллаһ ибн Омардың
ара қашықтыққа өте тез жүгіретіні, мәреге жеткенде
«Міне, келдім! Міне, келдім!» – деп қуанғаны баян-
далады. Пайғамбарымыздың және сахабалардың реті
келгенде ара қашықтыққа жүгіргендерін, осылай-
ша дене шынықтыруға көңіл бөлгендерін айтуға бо-
лады. Осы айтылғандармен қатар дене шынықтыру
мақсатымен басқа да жаттығуларды балаларға орын-
дату, күнделікті әдетіне айналдыру тәрбие тұрғысынан
қажет. Себебі, мұғалімнің немесе жаттықтырушының
басшылығымен күнбе күн дене шынықтырумен
шұғылданып жүрген жас өспірім тек қана денсаулығын
жетілдіріп қоймайды, сонымен қатар адамгершілік
рухта тәрбиеленеді. Кездескен қиыншылықтың қан-
дайын болса да жеңіп шығуға дағдыланады, бойын-
да жағымды мінез-құлық қалыптасады. Коллективте
қатаң тәртіп сақтау ережелерін орындау дағдысына,
жоғары мәдениеттілікке тәрбиеленеді. Олардың ал-
дына нақтылы міндеттер қойып, осыны толық орын-
дап шығу үшін ерінбей еңбек етіп, күш-жігерлерін
жұмсау қажеттілігін ескерту тиімді. Бұл − баланың
белсенділігін арттырып, оларды іске жұмылдырады.
Күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік, табандылық және
тәртіптілік көрсетуге байланысты әртүрлі еркін бұлшық
ет қимылдарын жасау үшін өзінің дене күші мен ой-
өрісі қабілеттілігін арттыра түседі. Аңғарғыштығы,
ептілік қасиеттері жетіле береді.
172
Әбу Дәуд, Жиһад, 68.
177
Тәрбие тармақтары
Дене шынықтыру жаттығуларының нәтижесінде,
әдетте, адамның дене құрылысы да жақсарып, сұлу-
ланып, келбетті болып келеді және түрлі жаттығуларды
көп күш салмай, еркін, табиғи, әдемі, сұлу жасау
қабілеттілігі дамиды.
Дене шынығу жаттығулары баланың денсаулығын
нығайтып, денесінің дұрыс өсуіне ықпал етеді және
оларды өмірге аса қажетті күштілік, жылдамдық,
төзімділік, шапшаңдық, тәртіптілік, ұқыптылық,
жігерлілік, батырлық, табандылық, шешімділік және
т.б. қасиеттерге тәрбиелейді. Сонымен қатар жолдастық
сезім, тапсырған іске жауаптылық, намысты қорғау
сезімі өршіп нығаяды.
Шынықпаған, әуектетілген нәзік бала суық
тиіп жиі ауырады. Қимылына, қозғалысына тежеу
болған бала жақсы жетілмейді. Әсіресе, оның қимыл
үйлесімі ойдағыдай болмайды. Жиі жығылып, тізесін,
шынтағын жаралап алады. Бала аз қимылдаудың сал-
дарынан тамақты да көп қажет етпейді. Тәбеті нашар-
лайды. Осындай тәрбиенің салдарынан бала көбінесе
жүдеу, ауырғыш, өзімшіл болып келеді. Осындай
кемшіліктің алдын алу үшін бір мұсылман ғұламасының
айтқанындай: «Әке баласына дінді танытуы, Құран
оқып, жаза білуін, тіпті, атқа мінуді, суға жүзуді, за-
манына сай өзін-өзі қорғай білуін де үйретуі тиіс.
Баланың ақыл, ой, күш-жігерін тек жекпе-жек спорт
түрімен ғана шектеп қоймай, өмірі мен денсаулығына
және ертеңі үшін пайдалы спорттың өзге де түрлерімен
шұғылдануына жағдай тудыруымыз керек».
Осы орайда Қазақстанның халық жазушысы, бала-
лар әдебиетінің көрнекті қаламгері Мұзафар Әлімбаев
178
Исламдағы бала тәрбиесі
ағамыздың даналық пайымдауларынан бір үзінді
келтіруді дұрыс көріп отырмыз:
Әңгіме!
Достарыңызбен бөлісу: