Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


спорт және дене шынықтыру



Pdf көрінісі
бет72/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   101
спорт және дене шынықтыру 
Денсаулық  –  адам  бақытының  негізгі  бөлігі. 
Халқымыз «Он екі мүшең сау болса, жарлымын деме» 
деп  денсаулықтың  адам  өміріндегі  орнын  ескертеді. 
Жастары  әлсіз,  денсаулығы  нашар,  зиянды  әдеттерге 
әуес, жалқау, тәрбиесіз болса − мемлекеттің соры. Он-
дай мемлекет қашан да қорғансыз.
Ислам  дінінде  денсаулықпен  қатар  денені 
шынықтыруға да үлкен мән берілген. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  бір  хадисінде  Аллаһ  тағаланың  ал-
дында әлсіз мұсылманға қарағанда күшті мұсылманның 
сүйкімдірек  екенін  айтады.  Пайғамбарымыздың  осы 
хадисін  басшылыққа  ала  отырып,  балаларымыздың 
денесін шынықтыруға арнайы көңіл бөлуіміз керек. 
«Педагогика» кітабының кіріспесінде ақын Мағжан 
Жұмабаев тәрбие турасында мынадай пікір білдірген:
«Тәрбие төрт түрлі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, 
сұлулық тәрбиесі һәм құлық тәрбиесі. Егерде адам бала-
161
 Әбу Дауд, Зекет, 126, Ибн Мажә, Тижара, 25.


169
Тәрбие тармақтары
сына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел 
болғаны.  Егерде  ол  жөпшенді  ыстық,  суық,  аштық, 
жалаңаштық  сықылды  тұрмыста  жиі  ұшырайтын 
көріністерді елемейтін мықты, берік денелі болса, түзу 
ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын дұрыс ақылды 
болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, 
жаны  толқынданарлық  болса,  жамандықтан  жаны 
жиреніп,  жақсылықты  жаны  тілеп  тұратын  құлықты 
болса, міне, осындай болғанда адам баласының дұрыс 
тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам бол-
сын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын. 
Бала аурулы, зағип болса, баладан емес, тәрбиешіден. 
Бала тар ойлы, ақымақ болса, бала кінәлі емес, тәрбиеші 
кінәлі. Бала сұлулықтан ләззат ала білмейтін мақау жан-
ды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы. «Бала 
істеген жауыздықтың жазасын тәрбиеші көтерсін» де-
ген Иран елінің мәтелі − шындығында дұрыс мәтел».
Тән саулығы – жан саулығы. Баланың жан-жақты 
дамуы  тәрбие  түрлерінің  нақты  үлесіне  байланысты. 
Ал дене тәрбиесі, баланың бойында тәндік және рухани 
жетілудің өзара байланысын қалыптастыруға әсер етеді. 
Әрі баланың денесін шынықтыру – оны болашақ өмірге 
дайындаудың бір жолы. Осы себептен Пайғамбарымыз 
балаға садақ тарту, атқа шабу, жүзу, жүру және жүгіру, 
күресу  секілді  дене  шынықтыру  түрлерін  үйретуді 
насихаттаған. 
Адамның сергек, көңілді, жұмыс істеу қабілетінің 
жоғары  болуына  дене  шынықтыру  мен  спорттың 
әсері мол екені баршаға мәлім. Дене шынықтыру мен 
спорт адам бойында жігерлілік, батылдық, тапқырлық, 
тәртіп  пен  ұжымдық  қасиеттерді  шыңдайды.  Дене 


170
Исламдағы бала тәрбиесі
жаттығуымен  ұдайы  айналысатын  адамның  жүрегі 
жақсы жұмыс істейді. Ағзаның  оттегімен  қамтамасыз 
етілуі  жақсарады.  Бұл  қандағы  эритроциттер  мен 
гемоглобиннің  санын  көбейтеді.  Адамның  бойын-
да  600  бұлшық  ет  бар.  Бұл  қуатты  аппарат  тұрақты 
түрде  жаттықтыруды  талап  етеді.  Бұлшық  еттерді 
жаттықтырған  сайын  ми  жұмысы  жақсарып,  жүйке 
импульстерінің  тасымалдау  қызметі  артады.  Дене 
шынықтыру  мен  спорт  адамның  қимыл-қозғалысына, 
сүйекке,  буынға,  дәнекерлеуші  мүшелерге  өзіндік 
пайдасын  тигізеді.  Сүйекті  ірілендіріп,  салмағын  арт-
тырып,  оның  мықтылығын  күшейтіп,  кальциймен 
байытатындығы  ғылыми  түрде  дәлелденген.  Енді 
Пайғамбарымыздың  бала  тәрбиесінде  ата-аналарға 
айтқан  өсиеттеріне  құлақ  аса  отырып,  хадистерінде 
аталған дене шынықтыру түрлеріне тоқтала кетейік.
Жүзу
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 өзі жүзуді 
бала  кезінде  Мәдина  қаласына  анасымен  барғанда 
үйренген. Хадистерінде басқа спорт түрлерімен қатар 
жүзуді  үйренуді  үмбетіне  насихаттаған.  Сондықтан 
одан  кейінгі  дәуірлерде  мұсылмандар  балаларын 
тәрбиешілерге табыстағанда оларға оқу-жазумен қатар 
жүзуді де үйретуді міндеттеген екен.
Шын  мәнінде  дене  шынықтырудың  ең  тамаша 
құралдарының бірі су болып табылады. Өсіп келе жатқан 
жас  буынның  денесіне  судың  және  малтыған  кездегі 
қимыл-қозғалыстың пайдасы айтарлықтай. Кішкентай 
кезінен  суда  малтып  өскен  баланың  денсаулығы 
мықты, дене бітімі шымыр, күшті, мінезі өткір, табан-
ды болып келеді. Судың жүрек, қан тамырына, жүйке 


171
Тәрбие тармақтары
жүйесіне,  буындарға,  тыныс  алу  жолдарына,  денедегі 
зат  алмасуға  әсері  мол.  Жүзу  арқылы  ағзаны  жақсы 
шынықтыруға,  суықтан  туындайтын  түрлі  ауруларға 
және  инфекциялық  ауруларға  (грипке,  ангина,  ревма-
тизм және т.б.) төзімділік сияқты қасиеттерді арттыруға 
болады. 
Суға жай сүңгіп шыққанның өзі денені әжептеуір 
сергітіп  тастайды.  Ал  жүзген  кезде  дененің  барлық 
мүшесіне, жүйкеге салмақ түсіп, айтарлықтай әсер етеді. 
Физиологтар суда малтуды «тыныс алу гимнастикасы» 
деп  атаған.  Су  бетіндегі  ұсақ  иондар  тыныс  жолдары 
арқылы денеге еніп, өкпе, жүрек сияқты органдардың 
атқаратын  жұмысын  жеңілдетеді.  Балалардың  арқа, 
бел, омыртқа жотасы қисайып кеткенде не күдіс жауы-
рын, еңкіш болғанда, суда жүзу теңдесі жоқ емдеу әдісі 
болып  табылады.  Себебі,  жүзу  барысында  бұлшық 
еттердің бәрі де қимылдайды. 
Көптеген  ата-ананың  көңілінде:  «Баланы  жүзуге 
неше жастан бастап үйрету керек?» деген сұрақ туын-
дайды. Бұл сауалға, бала жүзуді неғұрлым ертерек ба-
стаса, соғұрлым денсаулығына пайдалы деп жауап бе-
руге болады. 
Әңгіме!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет