Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет75/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

садақ тарту
Құран  Кәрімде  айтылған:  «Сендер  де  оларға 
(дұшпандарға)  қарсы  қуат  пен  (соғыс  үшін  арнайы 
165
 әл-Мәтәлибул-әлия, 4.72 (306-б. Жанан)
166
 Ибн Хишам, 1/390-391


174
Исламдағы бала тәрбиесі
бапталған)  жылқы  дайындаңдар»
167
  деген  аяттағы 
«қуат»  сөзін  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
мергендік  деп  түсіндірген.  Ол  мергендікті  адамның 
бала  кезінен  үйреніп,  үйренгеннен  кейін  өле-өлгенше 
тастамауы  керектігін  айтады.  Аллаһ  елшісі  (с.а.с)  бір 
хадисінде  былай  деген:  «Араларыңнан  қайғы-мұңға 
батқандарына садағын асынып, мұңын сонымен тар-
қатудан  басқа  жол  жоқ».  Тіпті  бұны  барлық  адамға 
өсиет  етіп  былай  дейді:  «Ешкім  көңілін  сергіту  үшін 
садақ тартудан қашпасын»
168
. Мергендікті үйренген-
нен кейін, оны тастап кеткен адамды «Бізден емес» не-
месе  «Аллаһ  тағаланың  нығметіне  күпірлік  ету»  деп 
сипаттап,  мергендікті  тастамау  үшін  қатал  ескерту 
жасаған.  Сахабаларға  Пайғамбарымыз  садақ  атудың 
ең жағымды көңіл сергіту жолы екенін айтқандықтан, 
олар  қолдары  босағанда,  кейде  ақшам  намазынан 
кейін  қараңғы  түскенше  садақ  атумен  айналысқан. 
Сонымен  қатар  балаларына  да  садақ  атуды  үйреткен. 
Мысалы,  хазірет  Әнәс  (р.а.)  балаларының  садақ  ату-
ды  үйренгендерін  бақылап  отыратынын  айтқан.  Бір 
күні  садақ  тартып  жатқан  балаларды  көріп  қалып, 
қастарына  барып  мергендіктерін  бақыламақ  болады. 
Бірақ  балалардың  садақ  тартыстарына  көңілі  толмай, 
садақты қолына алып, қалай ату керектігін көрсетеді. 
Атқан  оқтарының  ешқайсысы  мүлт  кетпей,  көздеген 
жеріне дөп тиеді. 
Хазірет Омар (р.а.) халифалығы кезінде қол астын-
дағы әкімдерге кішкентай балаларға садақ тарту, атқа 
шабу,  жүзу,  жүгіру  секілді  жаттығуларды  үйрету 
керектігін хатпен білдіреді. Алғашқы мұсылмандардың 
167
 «Әнфал» сүресі, 60-аят.
168
 Муслим, Имарәт, 168.


175
Тәрбие тармақтары
кезеңінде  балалардың  әртүрлі  заттарды  нысана  етіп 
қойып, көздеп атуға жаттыққандары айтылады
169
. Бірақ 
олардың  тірі  жануарларды  нысана  етіп  алуына  қатаң 
тыйым салынған
170

Садақ  тартуға  жаттығудың  баланың  денесіне 
көптеген пайдасы бар. Баланың бұлшық еттері жетіледі. 
Қырағылыққа  үйренеді.  Бұны  Пайғамбарымыз  бір 
хадисінде былай баяндайды: «Оқ атып жарысыңдар, 
денелерің қатайсын, жалаң аяқ жүріңдер»
171
. Құранда 
Аллаһ  тағала  қуат  ретінде  атап  айтқан  садақ  атуды 
үйренуді Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 атқа шабу-
дан да жоғары бағалаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет