Құлағына азан шақыру Жас нәресте үшін өмірінің алғашқы күндері
жасалатын келесі салт – құлағына азан шақыру.
Адамның сыртқы дүниені тануына жол ашатын бес
сезім мүшесінің бірі құлақ екені белгілі. Құранда бы-
лай делінген: «Аллаһ сендерді аналарыңның ішінен еш нәрсені білмейтін күйде шығарды. Мүмкін шүкірлік етерсіңдер деп сендерге құлақ, көз және жүрек берді» 43 . Осы аятта анасының ішінен түк білмей
шыққан адамның өзіне болашақта пайдалы нәрсенің
бәрін үйренуі үшін белгілі бір мүшелердің берілгені ай-
тылады. Соның бірі – құлақ. Алғашқы күндерден бас-
тап сәби құлағына діни сөздердің айтылуының өзі өте
маңызды. Сонда бала болашақта иманның негіздерін
жатсынбай жанына жақын қабылдайтын болады. Де-
мек, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сәби өмірге
келген алғашқы күндерден-ақ мұсылмандыққа жақын
болуы үшін нәрестенің құлағына азан шақыруды өсиет
еткен. Иісі мұсылман халқымыз осы дәстүрді де бойына
сіңіріп, жас нәрестенің құлағына азан айтып, ат қойған.
Содан келіп ел ішінде «азан шақырып қойған аты» де-
ген сөз қалыптасқан.