Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет17/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Балаға ат қою
Сахаба  Абдуллаһ  ибн  Аббас  бала  туылғаннан 
кейінгі жетінші күні мына нәрселерді жүзеге асырудың 
сүннет  екенін  мәлімдеген:  ат  қою  және  сүндетке 
отырғызу;  туылғанда  нәрестенің  денесіне  жағылып 
қалған қан секілді лас нәрселерді сүртіп, тазалау; егер 
қыз болса, құлағын тесу; ақиқа құрбанын шалу; шашын 
алу; алынған шаштың салмағындай алтын немесе күміс 
садақа беру
41
.
Бала  дүниеге  келгеннен  кейін  алғашқы  күндерде 
күн  тәртібінде  ат  қою  мәселесі  тұрады.  Хадисте  бұл 
жайлы  «Сендер  қиямет  күні  өз  есімдеріңмен  және 
әкелеріңнің  есімдерімен  шақырыласыңдар.  Олай  бол-
са  балаға  әдемі  есім  қойыңдар»
42
,  −  делінген.  Жақсы 
ат қою − әкенің бала алдындағы борыштарының біріне 
жатқызылған.  Пайғамбарымыздың  нәрестелерге  туы-
ла салысымен ат қойған кездері болған. Бірақ, көбіне 
бұған нәресте туылғаннан кейінгі жетінші күнді дұрыс 
көрген. 
Ең  абзал  есімдердің  санатында  Абдуллаһ  
(Аллаһтың  құлы)  және  Абдуррахман  (Рахманның 
құлы)  деген  қос  есімді  жатқызған  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  мұсылмандықты  қабылдаған  кей 
кісілердің нашар аттарын мәнді әрі жағымды есімдерге 
41
  Ескерту:  Кітаптың  алдыңғы  басылымында  берілген  ақиқа 
құрбанының қанын баланың маңдайына жағу мәселесі (Қараңыз: 
Ибн Хажар, Фәтхул-бари, ХІІ, 5 б. ) Исламға дейінгі жахилия 
әдеттерінің бірі болғандығы үшін кейіннен мәнсух етіліп, үкімі 
жойылған.  Қатадан  Хәммам  жеткізген  аталмыш  хадиске  Әбу 
Дәуіт  сынмен  қараған.  Ибн  Хажар  болса,  ол  хадистің  үкімі 
кейіннен жойылғандығы жайлы әр түрлі риуаяттар да келтірген 
(Қараңыз: Фәтхул-бари, 12/11). 
42
  Әбу Дәуд, Әдеп, 70.


42
Исламдағы бала тәрбиесі
өзгерткен.  Сондықтан  мұсылман  ғұламалары  адамға 
қойылған аттың кейінгі өмірге әсері болатынына сен-
ген. Халқымыз да осы себепті нәрестеге ат қойғанда 
«Атына заты сай болсын» деген тілектерін білдірген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет