44
Исламдағы бала тәрбиесі
Адал тағам
Туылғаннан омыраудан шыққанға дейінгі кезеңде
бала тәрбиесі жоғарыда аталған қадамдармен бастала-
ды. Сонымен қатар, бұл кезеңде ең бастысы баланың
жақсы тамақтанып, денесінің дұрыс өсуін қадағалау
қажет. Дінімізде де көбінесе осы мәселелерге назар
аударылған. Мысалы, ананың омырау сүті баланың бо-
йында тұрақты қалыптасатын мінез-құлыққа үлкен әсер
етеді. Қазақтың «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді»
деуінің мәнісі осында. Бір хадисте баяндалғандай
«Нәрестеге берілген сүт адамның табиғаты мен
мінез-құлқын қалыптастырады»
46
.
Осы тұрғыда Ислам ғұламасы Имам Ғазали өз ойын
былай білдіреді: «...Сол үшін алғашқы күндерден-ақ
бала тәрбиесіне көңіл бөлу қажет. Егер басқа әйелдің
сүтін еметін жағдай туса, тағамның халалдығына мән
беретін діндар, салиқалы әйелді табу керек. Себебі, ха-
рам тағамнан пайда болған сүтте қайыр жоқ. Мұндай
сүтпен қоректенген дене ластанып, жаман нәрселерге
құмартып тұрады»
47
.
Достарыңызбен бөлісу: