50
Исламдағы бала тәрбиесі
лы, шу-шұрқан, қатты айғай-ұйғай, тіпті, өткір иістер
де бала жылауының себептері. Бала жалаңаш денесіне
суық қол тисе де жылайды.
Қыз балаларда үлкен дәрет қалдықтарының
зәр жолдарына түсіп кету қаупі бар. Сол себепті,
қыз балалардың дәретіне көп көңіл бөліп, жыныс
жолдарының жұқпалы ауруға шалдықпауын абайлау
керек. Құлақ, тамақ, ішек қабынулары да баланың жы-
лауына себеп. Сәбилерде ішектердің түйінделуі, ер
балалардағы жыныстық фимоз (үрпісінің бітеліп қалуы)
ауруы да, шаптағы жарықша, ен жұмыртқада су жина-
луы да жылауға себеп. Бұларды тек арнайы дәрігерлер
ғана анықтай алады.
Бетез Ұлттық денсаулық сақтау институтын-
да (АҚШ, Мэриленд штаты) жүргізілген зерттеу
нәтижесінде өте көп жылайтын әрі бір жастан асқанда
өте көп шыңғыратын балаларда физикалық әрі
психологиялық ауытқушылықтардың жиі кездесетіндігі
анықталған. Сол себепті, мамандар кейде ата-анасының
қалай уатса да көнбей көп жылаған балаларды педиатрға
қаратқан жөн деген кеңес беруде.
Баланың жылауы барлық жерде бірдей. Мейлі ол
өркениетті ел болсын, мейлі артта қалған ел болсын.
Алайда, зерттеушілер өркениетті елдің балаларына
қарағанда дамымаған елдердегі балалар қарны ашқанда
аз жылайды деген қызықты мәліметті алға тартуда. Неге
десеңіз, кедей елдерде көбіне анасы баласын өзімен ала
жүреді. Сол себепті, бала ашыға қалса дереу емізеді,
мазасызданса дереу жұбатуға даяр тұрады.
Жылаған балалар көбіне қолға алып құшақтағанда
барып уанады. Бұл кездейсоқтық емес. Жатырдағы
52
Исламдағы бала тәрбиесі
Қорыта келгенде, әр үйден періште сәбидің даусы
үзілмей, шешелерінің соларды жұбатып әлек болып
жатқанына не жетсін!
55
.
Достарыңызбен бөлісу: