Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Бүлдіршін кезеңі: 2-6 жас аралығы



Pdf көрінісі
бет24/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101
Бүлдіршін кезеңі: 2-6 жас аралығы
Бүлдіршін  кезеңі  баланың  омыраудан  ажыраған 
кезінен бастап тәмииз жасына
59
 дейінгі уақыт аралығын 
қамтиды. Бұл кезең шамамен екі жастан бастап, 7 жасқа 
дейін жалғасады. 
Енді  осы  уақыт  аралығындағы  бала  тәрбиесін, 
әр  жастың  физиологиялық-психологиялық  ерекше-
ліктерін ескере отырып қарастыруға тырысайық.
Сәбиліктен  бүлдіршін  кезеңіне  қадам  басқан 
баланың  тілі  жайлап  шығып,  шүлдірлеп  сөйлей  бас-
тайды.  Өзіне  айтылғандарды  түсінеді.  Кейбір  пси-
хологтар  2  жасты  бала  өмірінің  «бақытты  шағы»  деп 
қабылдайды.  Себебі,  бұл  жаста  бала  жүру,  сөйлеу 
сияқты аса маңызды екі қабілетті игереді. Баланың тілі 
шыққан  уақыттан  бастап  тәрбиенің  маңызы  да  арта 
түседі.  Себебі,  Ахмәд  ибн  Ханбәлдің  «Мүснәд»  атты 
хадис  жинағында  Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)
 былай дегені баяндалады: «Әрбір нәресте пәк бір 
жаратылыспен  дүниеге  келеді.  Тілі  шыққанға  дейін 
59
  Тәмииз  жасы  –  баланың  саналы  түрде  жақсы  мен  жаманды 
ажырата  білетін  шағы.  Көпшілік  мұсылман  ғалымдар  бұны 
7  жасынан  басталады  деуде.  Бұл  жайында  келесі  тақырыпта 
кеңірек тоқталамыз.


55
Сәбидің дүниеге келуі
осы  қасиетін  сақтайды.  Одан  кейін  ата-анасы  оны 
яһуди немесе христианға айналдырады»
60
. 
Демек, бала дүниеге періштедей пәк күйінде келеді 
және осы пәктігі тілі шыққанға дейін жалғасады. Ал тілі 
шыққаннан  бастап  оның  санасында  қоршаған  ортаға 
қатысты пікірлер қалыптаса бастайды.
Сүт ему кезеңі аяқталған баланың айналасындағы-
лармен қарым-қатынасы артады. Өзінің күшін сезініп, 
басқалардың  жәрдеміне  мұқтаж  еместігін  дәлелдегісі 
келгендей,  қолы  жеткен  нәрсені  өзі  алуға  тырысады. 
Біртіндеп  «мен»  деген  түйсік  қалыптаса  бастайды. 
Қолына  түскеннің  бәрін  алып  ойнағысы  келеді.  Бұл 
кезеңде ол өзін тани бастайды. Қандай қабілеттері ба-
рын байқайды. Қалағанын жасағысы келеді. Сондықтан 
үлкендердің  үйдегі  ұстанған  тәртібі  кейде  оның  ашу-
ызасын  тудырады.  Ондайда  қырсығып,  үлкендерді 
тыңдамай, бәрін керісінше жасайтынды шығарады. Тіпті 
екі жас пен үш жастың аралығын кейбір психологтар 
бөпеліктен балалыққа қадам аттау шағы ретінде «өтпелі 
кезең» деп те атайды. Психолог мамандардың айтуын-
ша,  бұл  кезеңде  тура  жеткіншек  балалардың  балалық 
шақтан  жастық  шаққа  өтер  кезде  тап  болатын  өтпелі 
кезеңі секілді мінез-құлқында түрлі келеңсіздіктер бой 
көрсетеді. 
Осы жастан бастап бала жалықпай әртүрлі сұрақтар 
қоя бастайды. Тоқтамай сөйлегенді ұнатады. Кітапты, 
дәптерді  оқыған  сыңай  танытып,  қолына  қалам  түссе 
айқұш-ұйқыш қылып сызады, кейде оларды жыртады. 
Тапқан нәрсесін аузына салып, қолына түскен нәрсесін 
ешкімнің рұқсатынсыз әрі-бері қарап, ойнай бастайды.
60
  Ахмед ибн Ханбәл, Мүснәд, 4-т., 24-б


56
Исламдағы бала тәрбиесі
Бұл  −  баланың  тез  жетілетін  кезеңдерінің  бірі. 
Себебі, бала екі жасына келгенде 50 шақты сөзді білетін 
болса, ал 2,5 жасында оның сөздік қоры 250-ге дейін 
артады. Сондықтан болар Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм)
 осындай сәтті кезеңді пайдаланып, баланың тілі 
анық  бола  бастағаннан-ақ  (шамамен  2,5  жас)  қысқа, 
иманға  қатысты  түсінікті  аяттарды  үйретуді  жөн 
санаған. Мысалы, бір күні туысқандарының бірінің ба-
ласы  тілі  шығып  сөйлей  бастағанда,  Пайғамбарымыз 
оған жеті мәрте қайталатып, мына аятты үйретеді: 
«Әлхамду лилләһил-ләзи ләм иаттахиз уәләдән уә 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет