Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет62/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Тәрбие тармақтары
тербеткені жайлы айтылады. Әбу Хұрайра (р.а.) бірде 
Пайғамбарымыздың немересінің аяғын аяғының үстіне 
қойдыртып,  көкірегіне  дейін  шығарғанын,  сосын  оны 
сүйгенін, «Уа, Раббым, оны жақсы көр, себебі мен де оны 
жақсы көремін» – деп дұға еткенін естігенін айтады. Ал 
сахаба Сағд ибн Әби Уаққас болса, Пайғамбарымыздың 
бөлмесіне кірген кезінде немерелерінің оның қарнына 
шығып алып ойнап жатқанын көргенін баяндаған.
Пайғамбарымыз  балалардың  көңілін  көтеру  үшін 
оларға  әзіл  де  айтатын.  Тіпті  ол  жайлы  Әнәс  (р.а.): 
«Балалармен  ең  көп  әзілдесетін  Пайғамбарымыз 
еді»  дейді.  Мысалы  Махмуд  Ибн  Рәби  бес  жасын-
да  Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  шелектен 
аузына  су  алып,  бетіне  бүріккенін  айтады.  Немересі 
Хасанға бөпе кезінде тілін шығарып көрсетіп ойната-
тын.  Пайғамбарымыздың  тілін  көрген  немересі  ішек-
сілесі қата күлетін. 
Бір  күні  қонаққа  кетіп  бара  жатқанда,  көшеде 
балалардың арасында ойнап жүрген немересі Хұсейінді 
бірге  ала  кетпек  болады.  Қасына  барғанда  әрі-бері 
қашқан  немересін  ұстап  алу  үшін  Пайғамбарымыз  да 
оның қимылын қайталап оңға, солға қарай қаупаңдап 
артынан  жүгіреді.  Ұстап  алған  кезінде  бетінен  сүйіп, 
«Аллаһым,  Хұсейін  менен,  мен  де  Хұсейінненмін» 
дейді
141

Әнәс  (р.а.)  төбесіндегі  бір  тұтам  шашын  қырық-
тырмай,  ұзын  етіп  қоя  берген  екен.  Себебін  сұраған-
дарға бала кезінде Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 
оны  қуғанда  сол  шашынан  ұстап  алатынын  айтқан. 
Саңлақ  сахаба  Пайғамбарымызбен  бірге  өткен  осын-
141
 Ибн Мажә, Муқаддимә, 11.


146
Исламдағы бала тәрбиесі
дай  ыстық сәттерді естелік ретінде  сақтау үшін  оның 
мүбәрак қолы тиген шашын тұлым етіп өсірген. Бала 
Әнәспен Пайғамбарымыз осылай ойнайтын. 
Пайғамбарымыз  кейде  оларға  әзілдеп  ат  қоятын. 
Мысалы,  Әнәсқа  «Зул-үзунәйн»  (қос  құлақты)  деп  ат 
тағып  әзілдеген.  Ал  оның  інісі  Зәйдке  «Әбу  Умәйр» 
деп ат қойған еді. Себебі, Зәйдтің кішкентай құсы бо-
латын. Ол құсын қатты жақсы көріп, құсын Умәйр деп 
атаған  екен.  Пайғамбарымыз  бүлдіршіннің  құсына 
деген  сүйіспеншілігін  білгендіктен,  оны  «Умәйрдің 
әкесі»  деген  мағынада  Әбу  Умәйр  деп  әзілдейтін
142

Пайғамбарымыз  осындай  ойындары  мен  әзілдері 
арқылы баланың көңілін көтеретін. Олардың әрдайым 
жадырап жүргенін қалайтын. 
Аллаһ  елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  балалардың 
топырақта  ойнауын  пайдалы  көріп:  «Топырақ  − 
баланың алғашқы көктемі» – деген. Көктем төңіректің 
жанданып, тіршіліктің гүлденетін кезі. Ағаштар бүршік 
жарып, көбелектер ұшып, құстардың ән салуымен айна-
ла көріктене түседі. Пайғамбарымыз топырақта ойнап 
өскен  баланың  көктемдегі  табиғат  секілді  құлпырып 
өсетінін айтқан. Далада ойнап жүрген балаларды көрген 
кезінде,  оларға  сәлем  беретін.  Немерелерін  далаға 
шығып ойнауға жіберетін. Бірақ қараңғыға қалмауын, 
апақ-сапақта  жүрмеуін  ескерткен.  Сахабаларға:  «Күн 
батқаннан  төңірек  бірте-бірте  күңгірттеніп  қою 
қараңғылық  түскенге  дейін  балаларыңды  сыртқа 
шығармаңдар.  Себебі,  бұл  уақытта  айналаға  шай-
тандар  жайылады.  Әбден  қараңғы  түскеннен  кейін 
оларды  шығарсаңдар  болады»
143
  −  деген.  Сондай-ақ 
142
 Тирмизи, Бирр, 57.
143
 Шәрху Муслим, 13-т., 184-б.


147
Тәрбие тармақтары
шаңқай түстің кезінде де балаларды үйге кіргізуді жөн 
санаған
144
.
Ислам  діні  бойынша  құмар  ойындар  мен  ақша 
тігіп,  бәсекелесіп  ойнайтын  ойындарға  тыйым  са-
лынады.  Мұндай  ойындарды  балаларға  да  ойнатпау 
керектігі айтылған. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
 
бір  хадисінде  былай  дейді:  «Аллаһтың  әрбір  тыйым 
салған нәрсесі үлкен күнә. Тіпті баланың құмар ойнауы 
да». Сондай-ақ ата-аналарға да қатты ескерту жасап бы-
лай дейді: «Баласы құмар ойнап жатқанын көре тұра 
жөнге салмаған әке-шешенің қырық күн намазы қабыл 
болмайды». Яғни Ислам діні бойынша адамды аздыра-
тын  ойындарға  тыйым  салынып,  баланың  тәрбиесіне 
кері әсерін тигізетін ойындарға балаларды әуес етпеу 
керектігі айтылған. 
Ал  оның  тысындағы  ойындардың  бәріне 
рұқсат  беріліп,  тіпті  жоғарыда  Пайғамбарымыздың 
хадисінде  «Баласы  бар  адам  баласымен  бала  бол-
сын»  деп  айтылғандай,  қайта  ата-ананың  балаларын 
ойнатулары  насихатталады.  Бұл  ата-ана  мен  бала 
арасындағы  сүйіспеншіліктің,  сыйластықтың  артуына 
әсерін тигізумен қатар, бала тәрбиесінде маңызы зор. 
Мұсылман  ғалымдар  әсіресе  1-6  жасты  «ойын  жасы» 
деп  атап,  осы  кезеңде  балалардың  ойынына  кедергі 
болмау  керектігін  айтады.  Дегенмен  мектепке  қадам 
басу бала үшін ойын әлемінің аяқталғанын білдірмейді. 
Бала  үлкейген  сайын  ойынның  түрі  өзгеріп  отыра-
ды. Сондықтан мектепке баруды ойын жасының соңы 
ретінде  қарамау  керек.  Имам  Ғазали  мектепке  бара-
тын балалардың мектептен келген соң аздап болса да 
144
 Мустәдрәк, 3-т., 165-б.


148
Исламдағы бала тәрбиесі
ойнауларына  рұқсат  беру  керек  дейді.  Себебі,  ойын 
арқылы  бала  мектептегі  шаршағанын  басады.  Баланы 
үнемі сабақ оқуға мәжбүрлеу – ойлау қабілетін жойып, 
зейінін  өшіреді.  Соңында  бала  сабақтан  құтылу  үшін 
өтірікке бой алдырып, неше түрлі айлаларды ойлап та-
батын болады
145

Баланы  қуанышқа  кенелту  үшін  көп  ойыншық 
алудың қажеті жоқ. Бұл қайта баланы қанағатсыздыққа 
жетелейді.  Үйіп-төгіп  ойыншық  алудың  орнына 
«балаңызбен бірге ойнау» ол үшін балалықтың бақытты 
шағының бірі екенінде сөз жоқ.
Әңгіме!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет