190
Исламдағы бала тәрбиесі
күндік азығы болса, ол адамға әлемнің бар қазынасы
тарту етілгенмен тең»
196
.
Ислам дінінде өзін-өзі өлтіруге тыйым салынған.
Яғни, адам баласы басына қандай қиыншылық төнсе де,
өмір сүру үшін күресуі керек. Сол үшін Пайғамбарымыз:
«Ешбір адам басына төнген қиыншылықтан қашып
өлім тілемесін. Егер осыған мәжбүр болса, жоқ деген-
де: «Уа, Раббым, өмір сүруім мен үшін қайырлы болған
уақытқа дейін өмір сүруді нәсіп ет, егер өлім мен үшін
одан да қайырлы болса, маған өлім нәсіп ет» десін» −
дейді
197
. Ал өзін-өзі өлтірудің нәтижесі мәңгілік тозақ
екенін ескертеді. Өмір – адам баласы үшін берілген баға
жетпес нығметтердің бірі. Осы нығметті қадірлеудің
бір жолы – денсаулықты сақтау арқылы іске асады.
Сондықтан дініміз бойынша денсаулық Жаратушы
Иенің аманаты ретінде қаралып, «Егер алсаң аманат,
қайтар оны саламат» деп, аманатқа жауапкершілікпен
қарау өсиет етіледі. Осы тұрғыдан алғанда денсаулықты
сақтау шараларына көңіл бөлу де өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: