Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


тазалық − иманның жартысы



Pdf көрінісі
бет78/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

тазалық − иманның жартысы
Тазалықты сақтау − ішкі жан дүниеміз тұрғысынан 
әрі  сыртқы  көрінісіміз  тұрғысынан  маңызды 
міндеттердің  бірі.  Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
ол жайында «Аллаһ тағала таза, тек қана таза болған 
нәрсені қабыл алады» дейді. Құранда да Аллаһ тағала 
құлдарына  дәрет,  ғұсыл  алуды  әмір  еткеннен  кейін 
былай  дейді:  «Аллаһ  (бұл  әмірді  беру  арқылы)  сен-
дерге  қиыншылық  тудыруды  көздемейді,  тек  қана 
сендерді тазартып, берген нығметін толықтырғысы 
келеді»
173
.
Ислам дінінде ішкі-сыртқы тазалыққа бірдей көңіл 
бөлінеді.  Сондықтан  Құран  мен  хадистерде  осы  екі 
173
 «Маидә» сүресі, 6-аят.


182
Исламдағы бала тәрбиесі
тазалық та қатар айтылады. Мысалы, Құранда зекеттің 
адамның рухани дүниесін тазалайтыны айтылса,
174
 ха-
дисте оразаның денені тазалайтыны айтылады
175

Тазалық  деген  кезде  адам  баласының  ойына 
бірінші  ретте  сыртқы  тазалық  оралады.  Осыған  бай-
ланысты  Пайғамбарымыз  да  мұсылмандарды  өзінің 
жеке басы, үйі, тіпті қоршаған ортаның да тазалығына 
мән  беруге  шақырады.  Ислам  дінінде  жеке  бастың 
тазалығына  қатысты  өте  көп  үкімдер  айтылған.  Сол 
үшін дәрет алуды, ғұсыл құйынуды әмір етеді. Сондай-
ақ  Пайғамбарымыз  ғұсыл  құйынуға  ешқандай  себеп 
болмаған жағдайда да мұсылманның аптада жоқ деген-
де бір мәрте жуынуын бұйырған: «Жұма күні жуыну 
балиғат жасына кірген әрбір азамат үшін сүннет»
176

«Жұма  намазына  келгендер  жуынып  келсін»
177
  деген 
хадистерімен  дененің  тазалығына  мән  беруді  өсиет 
етеді. Дәрет бұзылмаған жағдайда сол дәретпен келесі 
намазды оқуға  рұқсат  бар  бола  тұра,  Пайғамбарымыз 
әрбір намазды жаңа дәретпен оқыған. Дәрет алу бары-
сында асықпай, дәрет мүшелерін толық жууды ескерт-
кен.  Хадистері  арқылы  адам  баласының  дәрет  алған 
сайын  сол  дәрет  мүшелерімен  жасаған  күнәларының 
кешірілетін  білдірген
178
.  Ал  ақырет  күні  үмбетінің 
дәрет  мүшелерінің  жарқырап,  басқа  үмбеттерден 
ерекшеленіп  тұратынын  айтады
179
.  Ұйқыдан  оянғанда 
ең бірінші қолды жууды әмір етіп, былай дейді: «Түнде 
174
 «Тәубе» сүресі, 103-аят.
175
 Ибн Мажә, Сиям, 44.
176
 Бухари, Жұма, 12.
177
 Бухари, Жұма, 2.
178
 Нәсаи, Таһарәт, 108.
179
 Муслим, Таһарәт, 35-37.


183
Тәрбие тармақтары
қолдарыңды қайда жүгірткендеріңді білмейсіңдер»
180

Тамақтан  бұрын  және  кейін  қол  жуумен  қатар,  сүт 
секілді  майлы  нәрселерді  ішіп-жегенде  де  ауыздың 
шайылуы  керектігін  айтады.  Әсіресе  ұйықтар  кезде 
қолдың  таза  болуын  және  дәретпен  жатуды,  осылай-
ша  жатар  алдында  дәрет  мүшелерінің,  соның  ішінде 
аяқтардың да жуылуына мән береді. Ал жатқан кезде 
қолын  жумай,  май  иісті  қолымен  жата  салған  адамға 
арнап:  «Қолындағы  тамақ  иісімен  ұйықтаған  адам 
қандай  да  бір  ауруға  шалдықса,  кінәны  өзінен  ғана 
көрсін» дейді.
181
Ауыз  тазалығына  да  қатты  мән  берген  Аллаһ 
елшісі 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  әрбір  намаздың  алдында 
тістерін  тазалайтын.  Тіпті  жатарда  және  оянғаннан 
кейін тісін тазалауды бірінші орынға қоятын. Киімнің 
тазалығына  айрықша  көңіл  бөлетін.  Кіші  және  үлкен 
дәретті  киімге  тигізбеуді,  тиген  жағдайда  ол  киіммен 
намаз  оқуға  болмайтынын  үмбетіне  қатаң  ескерткен 
еді. Сондықтан әжетханаларда тазалық үшін судың, ол 
табылмаған  жағдайда  басқа  тазалық  үшін  қолдануға 
болатын нәрселермен тазалануды өсиет еткен. 
Үйдің  және  намаз  оқылатын  жерлердің  де 
тазалығын  қадағалаған.  Жаман  иісті  жерлерден 
періштелердің  қашатынын,  лас  жерлерге  олардың 
кірмейтінін мәлімдеген. Дәрет алатын жердің өзін таза 
ұстап, ол жерге кіші дәрет сындырмау керектігін ескерт-
кен. Сонымен қатар көпшілік жүретін жолдың бойына, 
көлеңкелік жерлерге де дәрет сындыруға болмайтынын 
айтып,  мұндай  адамдардың  лағынетке  ұшырайтынын 
180
 Нәсаи, Таһарәт, 1.
181
 Тирмизи, Әтимә, 48.


184
Исламдағы бала тәрбиесі
білдіреді. Яғни, көпшілік демалыс орындарының да таза 
ұсталуын  қадағалаған.  Осылайша  қоршаған  ортаның 
тазалығына көңіл бөлген .
Дінімізде  тазалыққа  байланысты  айтылған  осы 
өсиеттердің  бәрі  бала  тәрбиесіне  де  қатысты.  Осы 
өсиеттерді  басшылыққа  ала  отырып,  ата-ана  ретінде 
балаларымызды да тазалыққа үйретуіміз керек. Сонда 
ғана олар тазалықты иманның жартысы деп түсініп, осы 
арқылы мұсылмандық келбеттерін көркейте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет