Тәрбие ұстанымдары
көңілін суытуы мүмкін. Ал әке керісінше үлкенді сый-
лап үйренсін деген ниетпен кішісін қоя тұрып, үлкенінің
тілегін бірінші орындауы мүмкін. Ал бұл болса, кіші
баланың бетін қайтарып тастағандай сезімге жол аша-
ды. Сондықтан Пайғамбарымыздың шешімі ең оңтайлы
әдіс екенінде күмән жоқ. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм)
осы бір әрекетінің өзімен тәлімі мінсіз тәлімгер,
өнегесі мол тәрбиеші екенін дәлелдей түспей ме?!
Осы тұрғыда мына бір оқиға да ерекше мәнді.
Нұғман ибн Бәширдің (р.а.) әкесі, яғни, Бәшир
(екеуі де Бәдір соғысына қатысқан мұсылмандар) бір
күні:
−
Уа, Аллаһтың елшісі, өзге балаларым да бар.
Бірақ, Нұғманым бір төбе. Рұқсат етсеңіз, дүние
мүлкімнің біраз бөлігін Нұғманға бергім келеді, –
дегенінде, Пайғамбарымыз:
– Өзге ұлдарыңа да сол мөлшерде бердің бе?– деп
сұрады. Бәшир:
– Жоқ, – деді.
Аллаһ елшісі басқаларына да ескерткісі келгендей
көтеріңкі дауыспен:
– Аллаһтан қорқыңдар, балаларыңа әділ қараңдар!
– деді.
Артынша Бәширге бұрылып:
– Сен бар балаларыңның өзіңе бірдей құрмет
көрсетуін қалайсың ба? – деп сұрады.
– Иә, қалаймын – деді ол.
– Олай болса, бұлай жасаушы болма
242
– деген еді.
Бұдан шығатын қорытынды, біз де өсиетті орын-
дап, балаларымыздың тек біреуіне ғана көңіл бөлмей,
242
Бұһари, Хибә, 12-13; Нәсаи, Нухл, 1; Тирмизи, Ахкам, 30; Ибн
Мажә, Хибә, 1; Тайалиси, 1/280.
208
Исламдағы бала тәрбиесі
бәріне тең дәрежеде қарауымыз керек. Біз олардың
біреуін ғана өзгелерінен артық көрсек, басқаларының
жанын жаралаған боламыз. Әділетсіздікті сезінгеннен
кейін олардың әкесіне деген құрметі сұйыла бастайды.
Аллаһ елшісі бұл түйткілдің түйінін көрсетіп,
мәселені ұлғайтпай, әу бастан дұрыс қолға алу керектігін
алға тартады. Біреуіне ғана айрықша ілтипат көрсетер
болсаңыз, бұл өзгелердің қызғанышына шоқ тастай-
ды, олар бір-біріне қызғана қарағаны былай тұрсын,
тіпті кейде бір-бірімен алакөзденіп, жауласуы да ғажап
емес. Бұл мәселені психологияның тар аясына салып
түсіндіруді мақсат еткен жоқпыз. Қайта Құран Кәрімнің
рухымызды жаңғырта айтқан ескертуінің шындық
екендігін, адамның табиғатына сәйкес екендігін ұғуға
тиістіміз.
Мәлім болғандай, Жүсіп пайғамбар (а.с.) түсінде
ай мен күннің және жұлдыздардың өзіне сәжде еткенін
көрген. Бұл түсін әкесіне жорытады. Сонда әкесі:
«Балам, бұны бауырларыңа айтпа!»
243
деген бола-
тын. Пайғамбарлық парасатымен адам табиғатын
жақсы түсінген әкесі бұл қуанышты жайттың өзге
бауырларының қызғанышын тудыратынын, яғни мұндай
таңғажайып түстің әлі нәпсісін тәрбиелей алмаған
адамдардың іштарлығын оятатынын бажайлаған-ды.
Өкінішке қарай, әкесінің қаупі рас шығып, бауырла-
ры Жүсіпті өлтіру үшін терең құдыққа тастайды. Бұл
оқиғадан, қызғаныш өз арнасынан асып, пайғамбар
отбасының өзінде өкінішті жағдайға ұрындырғанын
көреміз.
243
«Жүсіп», 12-5-аяттар.
209
Тәрбие ұстанымдары
Иә, балаларыңыздың біреуіне ғана мейіріміңізді
төгіп, өзгелеріне көңіл бөлмесеңіз бұл олардың
арасындағы күндестік отын тұтатып, алауыздыққа жол
ашады. Өз ұрпағыңызды өзіңізге жау етеді.
Тілге тиек еткен бұл жайттарды жақынымыз бар,
қасымыз бар, іштей ақылға салып анағұрлым жақсы
түсінейік. Сіздің өте жақын, қоян-қолтық араласатын
бір досыңыз бар делік. Сол досыңыз сізге өзгеше мінез
танытып, еш күтпеген оқыс әрекет жасаса, сіз қаласаңыз
да, қаламасаңыз да бұл жағдайды миыңыздың бір
қатпарына жазып қоятыныңыз анық. Әрбір оқиға
адам жанына із тастап өтеді. Келесі осыған ұқсас жайт
қайталанған кезде жаныңыздың бір қалтарысында
бұғып жатқан таныс сезім қайта толқып, бетке шығады.
Мінеки, сіздің санаңызда жазылып қалған, жабулы
қазан күйінде қалған жасырын ашу - ыза, күндердің бір
күні сыртқа ақтарылған кезде, сіз: «Мен сіздің осындай
адам екеніңізді бұрыннан білгенмін» деуіңіз мүмкін.
Мұндай жағдайлар қайталана берсе үсті-үстіне
қордаланып, түбінде сыздауықтай жарылмай қоймайды.
Ондайда көптен бері жаныңызды сыздатып, көңіліңізге
кірбің ұялатқан жайтты лақ еткізіп бетіне айтуын
айтқанмен, артынша бұл қылығыңызға өкініп, ұялған
тек тұрмас дегендей, өз нәпсіңізді қорғап бағасыз.
Баланың ми қатпарында қалып қойған сіздің жағымсыз
әрекетіңізді кезекті бір әрекетіңіз, түртіп оятуы мүмкін.
Сізге іштей өшіккен бала айтқаныңызды құлағына
қыстырмайтын тілазарға айналады.
Әсілі, бұл, мәселенің тек бір жағын ғана,
оның өзінде бергі жағын ғана қамтиды. Асықпай-
аптықпай тағы бір мәрте үңілейікші. Үңілгеніңізде не
байқадыңыз? Әрине, аталмыш мәселенің біз ойлағаннан
210
Исламдағы бала тәрбиесі
да әлдеқайда күрделі, терең екенін, өткел бермей
от дария боп жатқан, алдын алмаса ушығып кететін
жағдайды байқадыңыз. Нақтырақ айтсақ, мәселе одан
сайын ушыға түспек. Оның қылықтарын жай ғана
балалық деп қарап, сезімдерінің келешекте неге апарып
соқтыратынын есепке алмасаңыз, күндердің күнінде
жаңылыс әрекетіңізден туған зардаптың құрбаны өзіңіз
болып кетуіңіз әбден ықтимал. Үйдегі аяр әрекеттер
мен келеңсіздіктерді бала көңіліне түйіп, қаперіне
ала қоймайды деп ойлайсыз. Алайда, болған жайттар
баланың ақ парақтай көңіліне дақ қалдырады. Күндердің
күні, толғағы піскенде, ойға түйгенін ортаға салары
анық. Кейде, ұзақ уақыт бойы булықтырып келген
мәселе сыртқа тепкенде отбасының шырқы бұзылып,
ата-анасы аңырап, шаңырақ шайқалуы ықтимал.
Бұдан түйгеніміз, перзент сүйгісі келгендер белгілі
бір дәрежеде психолог, педагог болуы керек. Жоқ де-
генде, Құранның бұл мәселедегі ұстын қағидаларымен
танысып, «бисмиллаһ» деп жаңа өмірге қадам басқаны
жөн.
Демек, бала өсіру біз ойлағандай оңай нәрсе емес.
Сол себепті адамзат баласы міндетті түрде кемел ұрпақ
өсірудің жолдарын алдын-ала ойластырғаны жөн.
Қоғам үшін ізгі ұрпақ тәрбиелеу керек. Адамзаттың
ең биік мәртебесі мен азғындаған ең төменгі сатысына
дейінгі аралықтағы өмір сүріп жатқан тіршілік иелерін
өз мүмкіншілігіне сай тәрбиелеп, оларды адамдықтың
шыңына шығарудың ең маңызды іс екенін ешкім
ешқашан ұмытпауы тиіс.
211
Тәрбие ұстанымдары
Достарыңызбен бөлісу: |