212
Исламдағы бала тәрбиесі
деп тіл қатады:
«Балапаным, түсіңді бауырларыңа айт-
па, әйтпесе олар саған қастандық жасауы мүмкін»
245
.
Аяттардан байқап отырғанымыздай, Жақып
пайғамбар да, Ибраһим пайғамбар да балаларымен
әңгімелескенде «балапаным» деп сөзге бастайды. Ба-
ланы баурап алар осындай жылы сөздердің әке мен
ұлдың, ана мен қыздың арасын жақындатып, ашық-
жарқын әңгімелесуге сеп болары айқын. Тағы да
бір ескеретін мәселе, «Саффат» сүресінде Ибраһим
пайғамбардың (а.с.) ұлымен ақылдасу үшін оны серу-
енге шақырғанын көруге болады. Демек, балаңызбен
ақылдасар сәтте оған арнайы уақыт бөліп, серуен,
дәмханада тамақтану немесе саябақта қыдыру секілді
сәттерді пайдаланған жөн. Олардың пікірін бастан-
аяқ байыппен тыңдау қажет. Жоғарыдағы аятта көріп
отырғанымыздай, Жақып пайғамбар (а.с.) ұлының түсін
басынан-аяғына дейін зейін қойып тыңдап, сол жайлы
өз пікірін білдіреді. Бұдан алар сабағымыз, біз де ата-
ана ретінде баламыздың бізге айтпақ болған нәрселерін
құлақ салып тыңдап, оның да пікірін сұрап, сосын бірге
ақылдасып шешкенде, баланың бойында ата-анасына
деген құрметтің арта түсері анық.
Достарыңызбен бөлісу: