213
Тәрбие ұстанымдары
ағза қалыптасуының ең жауапты белесі. Осы кезеңде
адамның өмірлік мінез-құлқы, дағдысы қалыптасады.
Егер бала ұйықтау, жұмыс істеу, тамақтану, демалу
мерзімін күнделікті нақтылы бір уақыт белгілеп, сол
сағатта тапжылмай қайталап отырса, оның өмірінде
бұл дәстүрлі әдетке айналып кетеді. Соған орай ағзасы
да бейімделеді. Күндік режимді дұрыс ұйымдастыра
білу баланың өмірге бейімділігін арттырып, жұмысқа
қабілетін күшейтеді, денсаулығын жақсартуға
әсер етеді. Психологтар бала күн тәртібін сақтаған
жағдайда еш қиындықсыз жүйке жүйесінің қуатын
ұйқыдан сергектікке, демалыстан кейін жұмыс істеуге,
жұмыстан кейін әртүрлі ойындарға ауыстыра алатынын
айтады. Күн тәртібін ұйымдастырудың бала тәрбиесі
тұрғысынан өте пайдалы екенін ескере отырып, Ислам
дінінде бұның қалай іске асқанын ұсынуды жөн көріп
отырмыз.
Жалпы Ислам дінінде бес уақыт намаздың
әмір етілуінің өзі мұсылмандарды уақытты дұрыс
қолдануға үйретеді. Осыған орай Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
күнін осы бес уақыт намазға қарай
бөліп, күнделікті жұмыстарына арнайы уақыттарды
белгілеген. Пайғамбарымыздың өмір жолы – тек қана
үлкендер үшін емес, сонымен қатар балаларға да үлгі-
өнеге. Себебі, адамның бала кезінен сүннет амалдарға
дағдыланғаны абзал. Сондықтан балаларымыздың
күндік режимін белгілегенде Пайғамбарымыздың
күндік дағдысын естен шығармаған жөн.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
бойында
әдет ретінде қалыптасқан дағдының бірі − таң намазы-
нан кейін ұйықтамау болатын. Тіпті үмбетіне де таң на-
мазынан кейін ұйықтауға тыйым салған.
«Күн шығарда
214
Исламдағы бала тәрбиесі
ұйықтау – мең-зеңдік, ортасында ұйықтау – әдеп, күн
батарда ұйықтау – ессіздік», − деп ескерткен
246
. Өзі
таң намазын оқып болған соң мешітте отырып, саха-
балармен сұхбаттасатын, олардың сұрақтарына жауап
беретін. Таң намазы уақыты шыққаннан кейінгі ша-
мамен 45 минуттық уақытты Ислам дінінде «мәкрүһ
уақыт» деп атаған. Осы уақытта намаз оқуға, сәжде
жасауға болмайтыны айтылады. Пайғамбарымыз
бұл кезде ұйықтауға да болмайтынын жоғарыдағы
хадисінде ескертеді. Үлкендеріміздің де «күнмен тала-
сып ұйықтама» дегені – осы күн шығардағы және күн
батардағы уақыт.
Таңғы уақыт адамның зейінінің ашық, тың бола-
тын уақыты. Осы сәтті пайдаланып, балаларға Құран
жаттатуға немесе бірге кітап оқуға, жаттағандарын
қайталатуға болады. Бір хадисте Пайғамбарымыздың
таң намазын мешітте оқытып жатқанда жылаған баланың
дауысын естіп намазды жылдам бітіруге тырысқаны
айтылады. Бұл хабардан алғашқы мұсылмандардың
таң намазы кезінде балаларын оятып, өздерімен бірге
мешітке ала келгендерін көреміз.
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
күндік кес-
тесінде мұсылмандарды қабылдау сағаттары болатын.
Сонымен қатар Пайғамбарымыздың өзі де күнделікті
белгілі бір уақыттарда сахабаларының кейбіреулерінің
үйіне барып тұратын. Тіпті жұбайларының үйлеріне
де тек белгіленген уақыттарда ғана баратын. Көбінесе
осы әдетін бұзбайтын. Түскі астан кейін аз ғана мызғып
алатын. Бұл уақыттағы ұйқы «қайлулә» деп аталады.
Жоғарыда берілген хадисте «күн ортасында ұйықтау –
әдеп» дегені осы қайлулә ұйқысы. Пайғамбарымыз ол
246
Бухари, әл-Әдәбул-муфрәд, II, 602-б.