Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011



Pdf көрінісі
бет93/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101
Байланысты:
Исламдагы бала тарбиеси

Тәрбие ұстанымдары
жайында: «Түнде (құлшылыққа) тұруды оңайлату үшін 
қайлуләда  мызғып  алыңдар»
247
  деген.  Тіпті  адамның 
бойына сергектік беретіндіктен Пайғамбарымыз әскери 
жорықтарда  да  қайлулә  ұйқысын  тастамаған.  Түстен 
кейін шамалы мызғып алған бала күн ұзаққа ойыннан 
шаршап екі кештің ортасында ұйықтап қалмайды. Екі 
кештің  ортасы  дегеніміз  күн  батып  бара  жатқан  кез. 
Пайғамбарымыз күн батар кезде де ұйықтауға тыйым 
салған. Жоғарыдағы хадисінде: «күн батарда ұйықтау 
–  ессіздік»  деп  айтқанындай,  бұл  уақытта  ұйықтау 
адамды шын мәнінде дел-сал етіп, оянғанда тіпті өзінің 
қайда, қашан жатқанын, күннің қай кезі болғанын бір 
сәтке еске түсіре алмайтындай есеңкірететін бір кез. 
Сондай-ақ  Пайғамбарымыз  құптан  намазынан 
бұрын  ұйықтауды  құптамайтын.  Әрі  құптан  намазын 
оқып  болған  соң  отырып  әңгімелесуді  қаламайтын. 
Құптан намазын оқып болған соң түнгі уақытын үшке 
бөлетін: бір бөлігін құлшылықпен өткізетін, бір бөлігін 
жанұясына,  бір  бөлігін  ұйықтауға  арнайтын.  Түнде 
көп  ұйықтауды  да  жақтырмайтын.  Пайғамбарымыз 
бір  хадисінде  Сүлеймен  пайғамбардың  анасының  бы-
лай дегенін баяндайды: «Ұлым, түнде көп ұйықтама. 
Себебі,  бұл  ұйқы  қиямет  күні  адамды  пақырлыққа 
ұрындырады»
248
.
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
  күн 
тәртібінен  көріп  отырғанымыздай  ұйқы  сағаттарын 
ретке  келтіру  күндізгі  сергектік  әрі  уақытты  тиімді 
пайдалану тұрғысынан өте маңызды. Егер адам баласы 
белгілі  бір  уақыттарда  ғана  ұйықтауға  дағдыланбаса, 
бойдағы  шаршау  сезімін  жеңе  алмайды.  Ал  қалаған 
247
 Ибн Мажә, Сиям, 22.
248
 Ибн Мажә, Иқамәтус-салат, 174.


216
Исламдағы бала тәрбиесі
уақытында ұйықтай салу күннің берекесін қашырады. 
Халқымыздың  да  «Ерте  тұрған  әйелдің  бір  ісі  артық, 
ерте тұрған еркектің ырысы артық» дегеніндей, күннің 
ырысын  да,  берекетін  де  ұйқының  көмбесіне  көміп 
тастағандай  боламыз.  Сол  үшін  балалардың  да  күн 
тәртібінде ұйқы сағаттарын дұрыс реттей білген абзал.
Пайғамбарымыздың күнделікті әдетке айналдырған 
істерінің бірі – жатар алдында көзіне сүрме жағып, тісін 
мисуакпен тазалау еді. Ұйқысынан тұрғаннан кейін де 
бірінші ісі мисуағын қолына алып, тісін тазалау бола-
тын.
Алғашқы  мұсылмандардың  өмір-тіршілігіне  көз 
жүгіртсек, түске дейінгі уақыттарда балаларының ойнау 
үшін сыртқа шығуына рұқсат бергендерін, кішігірім үй 
қызметтерін атқаруға қолқабыс ретінде жұмсағандарын 
көреміз.  Ойынға  шыққан  балалардан  түскі  ыстық  ай-
наланы баспай тұрып үйге оралуды талап еткен. Бұны 
Пайғамбарымыз да бір мәртесінде ескерткен болатын. 
Немерелері  Хасан  мен  Хұсейінді  хазірет  Әли  өзімен 
бірге  сыртқа  ала  кетеді.  Пайғамбарымыз  қызының 
үйіне  келгенде  немерелерінің  үйде  жоқ  екенін  көріп, 
оларды іздеп шығады. Хазірет Әлидің қасында ойнап 
отырғанын  көргенде,  қастарына  жақындап:  «Уа,  Әли, 
балаларымды  ыстық  түспей  тұрып  үйге  әкелмейсің 
бе?», – дейді. 
Екінді  уақытында  балалар  қайтадан  сыртқа 
шығып,  кейбіреулері  мешітке  баратын.  Кешқұрым 
далаға  ойынға  шыққан  балалардан  ақшам  намазының 
уақыты  кіргенде  қайтадан  үйге  кіру  талап  етілетін. 
Себебін Пайғамбарымыз: «Күн батып, айналадағы ала 
көлеңкеліктің  орнын  түннің  қараңғылығы  басқанға 
дейін балаларыңды сыртқа шығармаңдар. Себебі, бұл 


217
Тәрбие ұстанымдары
уақытта айналаға шайтандар жайылады. Қараңғылық 
әбден орнағаннан кейін оларды шығарсаңдар болады»
249

− деп түсіндіретін. 
Алғашқы мұсылмандардың балаларына қолданған 
күндік тәртібінде баланың міндетті түрде белгіленген 
уақытта  үйге  оралуын  қадағалағандарын  көреміз. 
Мысалы,  хазірет  Әнәс  бұл  жайлы  бір  естелігінде  бы-
лай  дейді:  «Балалармен  далада  ойнап  жүрген  кезімде 
Аллаһ  елшісі  қасымызға  келді.  Бізбен  амандасқаннан 
кейін мені бір шаруаға жұмсады. Өзі бір қабырғаның 
көлеңкесіне  отырып,  менің  келгенімді  күтті.  Сол 
күні  күнделікті  уақытымнан  үйге  кеш  келдім.  Үйге 
барғанымда  анам  Умму  Сүләйм:  «Неге  кешіктің?»,  − 
деп сұрады. «Аллаһ расулы бір шаруамен жұмсаған еді», 

  дедім...».  Хазірет  Әнәстің  осы  естелігінен  олардың 
белгілеген  уақыттан  кешікпей  үйге  келгенін,  ата-
аналарының да оларды бақылап отырғандарын көреміз. 
Сонымен  қатар  балаларға  берілген  тапсырмалардың 
да  орындалып-орындалмағанын  үлкендер  әрдайым 
қадағалап отырған. 
Ата-аналар  балалары  үшін  күн  тәртібін  белгілеп 
қана  қоймай,  Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)
 
кезіндегідей  оның  орындалуын  жіті  бақылап  отыруы 
керек.  Егер  ата-ана  күн  тәртібінің  орындалуын  бала-
дан ғана талап етсе әрі өздері қалай болса солай жүріп, 
ешқандай тәртіпке мойынсұнбаса, онда ол отбасының 
берекесі  кетеді.  Сондықтан  жанұядағы  ортақ  ереже-
лер (ерте тұру, жуыну, ұйықтау, тамақ ішу секілді т.б.) 
отбасының әрбір мүшесі үшін міндетті түрде орында-
латын іске айналуы керек. 
249
 Шәрхул-Муслим, 13-т., 186-б.


218


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет