КОНФУЦИЙ
ІЛІМІНДЕГІ РУХАНИ-
АДАМГЕРШІЛІК
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ
ҚАТЫНАСТАРДЫ
РЕТТЕУШІ ФАК-
ТОР РЕТІНДЕГІ
МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (58). 2016
94
Конфуций іліміндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамдық-саяси қатынастарды реттеуші фактор ретіндегі маңыздылығы
жазбалар»). Шу цзин, Ши цзин, Ли цзи сияқты
бірқатар ежелгі канондық жазбаларда кездесетін
ли ұғымы əлеуметтік жəне саяси шиеленістерді
болдырмайтын, үйлесімдік пен келісімді
білдіретін жəне билік пен халық арасындағы
қарым-қатынасты реттейтін категория қызметін
атқарған. Ал, Конфуций ли ұғымының ежелгі
қытай канондық мəтіндеріндегі қолданылу
ерекшеліктерін негізге ала отырып, оны өз
ілімінде қоғамдық құрылымның үйлесімділігін
жəне
жақсы
мінез-құлық
қағидаларын
қалыптастырушы концепцияға айналдырды [2].
Конфуцийшілдік мектептің ірі өкілдері Мэн
цзы мен Сюнь цзы адам табиғатына («синь»)
қатысты көзқарастарына сүйене отырып, ли ка
-
тегориясына екі түрлі анықтама берген. Мэнь
цзы адам табиғатының мейірімділік пен ізгілікке
құштарлығын «лидің бастауы» деген, ал ли кате
-
гориясына адамға тəн «ықыласты, ибалы жəне
ізетті жүрек» деген анықтама берген [3].
Сюн цзы адамға табиғатынан зұлымдық
пен пайдакүнемдік тəн деген. Сюнь цзы ли ка
-
тегориясын рəсім (ритуал) деп атап, келесі
тұжырымдамен сипаттаған: «Рəсім арқылы
аспан мен жер үйлесімдікте болады, күн мен
ай жарқырай түседі, жылдың төрт мезгілі бір-
бірін алмастырып отырады, жұлдыздар мен
шоқжұлдыздар аспан төрінде жылжиды, өзен-
сулар ағысын тоқтатпайды жəне барлығы да
көркейе түседі; рəсімнің арқасында, махаббат
пен өшпенділік дұрыс арнаға бағытталады,
қуаныш пен ашу-ыза дұрыс айтылады; рəсімнің
арқасында халық мойынсұнғыш, ал билеушілер
парасатты болады, өзгерістер дəйектілікпен
жүзеге асады. Ал, рəсімдерден алшақтау
құлдырауға алып келеді» [4,178 б.].
Ли категориясы əдеп-ғұрыпты, қалыптасқан
дəстүрді сақтаудағы маңызды ұғым ретінде Кон
-
фуций ілімінде жəне бүкіл қытай мəдениетінде
де алатын орны ерекше. Көптеген зерттеушілер
жэнь категориясымен қатар, ли терминіне
де ерекше мəн беруге шақырған. «Первона
-
чальный смысл основных конфуцианских
категорий» еңбегінде А.М. Карапетьянц:
«Конфуцийдің этикалық категорияларының
қатарында ерекше назар аударатындары бар.
Бұл олардың символикалық көп мағыналығы
жəне конфуцийшілдік пен қытай мəдениетінде
үлкен рөл атқаруымен байланысты», – деген [5].
Ал отандық зерттеуші М.З. Изотов ли ка
-
тегориясына мынандай сипаттама берген:
«Конфуциандық «ли» категориясы туралы айта
-
тын болсақ, бұл ұғымда моральдық мазмұны мен
табиғат заңдары үндескен. Ең бастысы Аспанға
қызмет ету болған, яғни Дао жолын ұстану, бұл
халық үшін дүниенің құрылымы туралы ойлау
емес, керісінше осы дүниеде қалай дұрыс өмір
сүруді ойлау болып табылады. Дао тəртіп орна
-
тып өмірдің мəнін айқындайды» [6,84 б.].
Ли ұғымы ежелгі қытай философиясында,
Конфуций ілімінде – бұл мінез-құлық ережелері,
əлеуметтік норма, моральдық сипатқа ие болған
рəсімдік қағидалар. Ли ұғымы жэнь категория
-
сымен ерекше мазмұндық байланысқа ие. Себебі
жэнь адамгершілік, кісілік, өзге адамдарға деген
құрмет, махаббат, гуманизм сияқты ұғымдарды
білдірсе,
ли
адамның
іс-əрекеттерінің
адамгершілік, кісілік, моральдық сиптта болу
-
ын қамтамасыз етеді. Жэнь мен ли арасындағы
байланыс туралы Shu-hsien Liu «Understanding
Confucian philosophy» еңбегінде: «ли – мінез-
құлық нормалары, жэнь – оларды үздік түрде
жүзеге асыратын тұлға», – деген [7,9 б.].
Люнь юй шығармасында Конфуцийдің ли
мен жэнь байланысын келесідей тұжырымдаған:
«Лиді білмеген жерде ешнəрсеге негіз бол
-
майды. Жэнь қасиетіне ие болу дегеніміз лиге
бағыну» [8].
Лунь
юйда
сонымен
қатар,
ли
категориясының маңыздылығы мен ішкі
мазмұны келесідей сипатталған: «Ли болмаған
жерде əдептілік əбігерлікке айналады, сақтық
қорқақтыққа айналады, ли болмаған кезде
батылдық бүлікшілдікке апарады, ал туралық
дөрекілікке айналады» [8]. «Лиді білмеген адам
іс-əрекеттерінде сенімділікке ие болмайды» [8].
Конфуцийшілдік философиядағы басқа
категориялардан айырмашылығы – ли əрбір
адам жетік түсініп, мүлтіксіз орындауға
міндеттелетін болмыстың объективті шындығы.
Ли ұғымы туралы Шығыс философиясын
зерттеуші Kim Chong-Chong «Early Confucian
Ethics» («Ежелгі Конфуций этикасы») атты
еңбегінде: 理(«ли-рəсімдерді») біз жасамаймыз,
біз керісінше «өзімізді жеңіп» рəсімдерге орала
-
мыз. Сондықтан рəсімдер бұрыс болуы мүмкін
емес. Рəсімдер ежелден келе жатқан, уақыт сы
-
нынан өткен дəстүрлер. Оларда ежелгі дəуірдің
даналығы мен білімі сақталған», [9,7 б.] – деген.
Ежелгі
қытай
халқының
қоғамдық
өркендеуіне қатысты жаңа талаптар қою
арқылы елді басқару үлгісін басты міндет
ретінде түсіндірген Конфуций, халықтың
ментальдық
ерекшелігіне
байланысты
идеологиялық бағдарламаларды жасаумен айна
-
лысады. Халықтың рухани саулығының түйінді
мəселелері ретінде қоғамның интеллектуалдық
жəне психологиялық ахуалына көңіл бөле оты
-
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
95
Құдайбергенова Н.Ж.
рып əлеуметтік өркендеудің жолы ретінде иде
-
алды адам үлгісі «цзюнь цзыны» («парасатты
ер») жасады.
Жан-жақты
жетілген,
адамгершілік
қасиеттері мол «кемелденген адамның бой
-
ында», негізінен екі қасиет болуы қажет, олар:
адамгершілік пен парыз сезімі. Цзюнь цзы («пара
-
сатты ер») туралы ойларын Конфуций келесідей
тұжырымдаған: «Мемлекетті басқаратын адам
— халқын шын ықыласымен сүюімен қатар па
-
расатты жəне шыншыл болуы шарт» [10,95 б.].
Нағыз «цзюнь цзы», яғни парасатты ер деңгейіне
көтерілу үшін тек қана адамгершілік қасиеті
жеткіліксіз. Ол үшін тағы бір маңызды қасиет
– парыз. Парыз – бұл моральдық міндет бо
-
лып саналады. Парызды сезіне білудің өзі білім
мен жоғарғы принципке, жалпы алғанда, адам
бойындағы ізгі қасиеттерге тікелей байланы
-
сты болып келеді. Осы орайда Конфуций «Па
-
расатты ердің» («цзюнь цзы») бейнесін жасап,
оны «Кішкентай адам» («сяо жень») бейнесіне
қарама-қарсы қойды. «Парасатты ер» өз парыз
-
дарын терең түсіне біледі, қоғамдық заңдарды
бұлжытпай орындайды, ал «кішкентай адам»
болса, тек өз қара басының құлы ғана, бас пай
-
дасын ойлаудан аспайды [10]. Алғашқысы өз-
өзіне талаптар қоя білсе, екіншісі басқалардан
талап етуді ғана біледі. Алғашқысына жауапты
істерді сеніп тапсыруға болады, адамдармен
татулық қарым-қатынастарда болады, қайғы
мен қуанышқа ортақтаса, ал «сяо жэньге» бұл
қасиеттер тəн емес. Конфуций цзюнь цзыны
(«парасатты ер») Лунь юй жинағына енген пай
-
ымдауларында: «Парсатты ер өзіне жүктелген
парызды үнемі орындауға ұмтылады»; «Парсат
-
ты ер тек қана адамгершілікті ойлайды, ал пара
-
сатсыз ер пайдаға жетудің жолын қана ойлайды.
Парасатты ер заңдарға қарсы шықпаудың жолын
іздесе, парасатсыз ер заңдарды құрметтемейді»
[10].
Конфуций жалпы ұлттық идеология
-
ны қажет деп санады. Ұлттық идеология
ықпалынсыз халықты руханилық жолына
тəрбиелеу мүмкін емес екендігін түсіне оты
-
рып, үлгілі адам жүйесі «цзюнь цзы» арқылы
қоғамды қозғалысқа келтіру өмірлік қажеттілік
деп сенді. Қоғамның өркендеуіне байланы
-
сты адамдардың мінез-құлқы, ойлау үрдісі, іс-
əрекеті, əлеуметтік үрдістер ұлт менталитетінде
нышан береді. Бұған мемлекеттік билік ету,
басшы əдептілігі, рəсімдерге құрмет сияқты
мəселелерді жатқызуға болады. Ұлттық
ерекшеліктің əлеуметтік табиғатын, ондағы
этикалық
құндылықтарды
орнықтырып,
тереңдете түсуде «цзюнь цзы» үлгісінің орны
ерекше. Қоғамды толғандыратын əлеуметтік
сауалдар жеткілікті, дегенмен дəстүрлі ұлттық
үлгідегі құндылықтар «парасатты ерге» тірек
болатын құндылықтар деуге болады. «Пара
-
сатты ерге» тəн рухани негіз – «жэнь». «Жэнь»
Конфуций іліміндегі негізгі категориялардың
бірінен саналады. Жэнь категориясының ұлттық
болмысты қамтитын ауқымы кең. Ол адам мен
табиғат, адам мен қоғам, мемлекет пен адам
арасындағы қатынастарда кездеседі. «Жэнь»
– адамды сүю, яғни бүкіл жаратылысқа, оның
ішінде адамдарға деген құрмет, адам Тянь
-
ся ретінде жаратылыстың бел ортасында. Осы
негізде рухани императивтік жүйе қалыптастыру
–əлеуметтік этиканы қалыптастыру арқылы
адамдардың іс-əрекеттері мен дүниетанымдық
принциптеріне ықпал ету. Бұл принциптер
– ізетті қоғамды орнықтыру деп түсіндіреді.
«Жэнь» категориясының көрінісі ретіндегі
Конфуцийлік қағида «Өзіне қаламағанды, өзгеге
қалама».
Әлеуметтік этика негізіндегі Конфуций
ілімі – адамдарды жетілдіруге бағытталған іс-
əрекеттер, халықтық негізді сақтау барысын
-
да жүргізілген тұжырымдар жəне ұрпаққа үлгі
ретіндегі руханилықтың өзегі саналатын қанатты
сөздер. «Жэнь» ізеттілікті қалыптастырудың
құралы деп түсіну жеткіліксіз, ол адам
-
дар арасындағы қатынастарды реттеуші, ұлт
менталитетіне негізделген ерекше қасиет. Ол
негізгі құндылық болуымен қатар қоғамдағы
азаматтық бағытты айқындаушы – рухани қуат.
«Жэнь» категориясын ұлттық негізге, ба
-
сты құндылыққа айналдыру үшін Конфуций
білім мəселесіне де тоқталады. Жэньдік фило
-
софия білім мен даналықты сабақтастырады
жəне оны орнықтырады. Ол əлеуметтік кеңістік
екенін нақтылай отырып, білім мен даналық өз
арнасын тауып тоғысатын əлеуметтік ортаның
қажеттілігін көрсетеді.
«Жэнь» ұғымы арқылы өмірді құндылықтар
тұрғысынан тану бар. Ол адамдар арасындағы
сыйластықты, түсінушілікті қамтамасыз етеді.
«Жэнь» адамдарда кездесетін пендешілік
қасиеттерінің барлығына қарсы. «Жэнь» ұғымы
арқылы Конфуций адамгершілік қасиеттерді
дəріптейді, оны адам өмірінің мақсат-мұратына
айналдырды.
«Жэнь»
ұғымының
басты
көрсеткіштерінің көрінісі адамды сүю арқылы
адамгершілік пен кісілікті орнықтыруымен бүкіл
жаратылыс табиғатына түсінікті, сыйластықты
тану болып саналады. ««Жэньдік» менталитетті
тəрбиелеудің маңызы зор. Ол Конфуций бойын
-
ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (58). 2016
96
Конфуций іліміндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамдық-саяси қатынастарды реттеуші фактор ретіндегі маңыздылығы
ша отбасы тəрбиесінен басталады. Отбасылық
тəрбие негізінде қалыптасқан «жэньдік»
үлгі өмірде өз жалғасын табады. Әлеуметтік
мəселелерді шешуде «жэньдік» менталитет
-
ке сүйенеді. Ежелгі қытай қоғамының үлгілі
көрінісі – «парасатты ерді» қалыптастыруда
да, «жэнь» маңызды рөл атқарады. Сондықтан
да
Конфуций
ұлттық
менталитеттің
əлеуметтік табиғатын тануда адамгершілік
құндылықтарының алатын орны ерекше
екенін көрсете отырып, өз кезегінде ұлттық
менталитеттегі «жэньдік» ұғымның ерекшелігін,
оның ұлт табиғатын айқындаудағы қасиеттілік –
құндылық деңгейін көрсете білді. Адамды сүю
– жэнь сияқты құндылықтар жекелеген адам
-
дар мен əлеуметтік қоғамның ойлау жүйесінің,
дүниетанымының негізін орнықтыратын негізгі
талап ретінде. Яғни адамның этикалық іс-
əрекеттері осы «жэньдік» ұғым бойынша өз бол
-
мысын тануға мүмкіндік алды. «Ұстаз айтты:
қошаметтеушілік, сыпайылық, шыншылдық,
тапқырлық, мейірімділік – осы бес қасиетке ие
-
лер ғана Жэньге ие. Егер адам қошаметшіл бол
-
са, оны жек көрмейді. Егер адам сыпайы болса,
оны қолдайды. Егер адам шыншыл болса, оған
сенеді. Егер адам тапқыр болса, ол жетістікке
жетеді. Егер адам мейірімді болса, оны өзгелер
де қолдана алады» [10].
Өз уақытында Конфуций ілімі ежелгі қытай
халқының, оның ішінде билік етуші топтардың
арасында белгілі бір заңдастырылған əлеуметтік
ереже қалыптастырды. Қоғамда «қытай тəртібі»
деген түсінік орнықты. Бұл тəртіп қатаң
сақталды. Әсіресе жоғары лауазымды қызметке
тұрған адамдар үшін бұл тəртіп күшейе түсті.
«Цзюнь-цзылық» ілім бүкіл Қытай халқының
қоғамдық нормасы ретінде орнығып, ұлы Қытай
мемлекеттілігін құруға ықпал етті.
Тіптен қазіргі кезге дейін Конфуций ілімінің
ықпалын сезетіндер бар. Олар Конфуций ілімін
қазіргі Қытайдың саяси-экономикалық жəне
əлеуметтік дамуында мəнді екендігін мойында
-
уда. Конфуций ілімі қытай қоғамының негізгі
принциптерін орнықтыру арқылы оның дамуын
-
да маңыздылығын көрсетуде. Конфуцийлік ілім
қытай қоғамының басқа елдермен қатынасында
да ықпалды. Мысалы, ел билеуші адамдардың
саяси-рухани қарулануына Конфуций ілімінің
негізгі принциптерінің рөлін ерекше атауға бо
-
лады.
«Халықты қайырымдылықпен билеу жəне
тəртіп арқылы халық арасында тəртіп орнату» –
осындай этикалық теориялары негізінде Конфу
-
ций өзінің саяси тұжырымдамасын дамытты, бұл
орайда оның: «Билеуші – билеуші, ал халық –
халық, əке – əке, ал бала – бала болу керек» [10],
– деген атақты тұжырымдамасы кеңінен мəлім.
Бұл жерде Конфуций қоғамдағы əр нəрсені
өз орнына қою қажеттігін, əркімнің міндетін
қатаң да дəл анықтау керектігін айтты. Ол ел
билеушілерін халықты заңдар мен жазалаулар
негізінде емес, ізгілік жасаушылар жəрдемімен
биік адамгершілік, имандылық қасиеттер та
-
нытатын тəртіпті үлгі ету жолымен басқаруға
үндеді. Халықты салық, салғырт салумен
қинамай, əдет құқығы негізінде басқаруды қош
көрді. Ең бастысы – шынайы принципті əрқашан
басқарушы қатаң ұстануға тиіс деп білді, со
-
нымен бірге адамдар мен олардың игіліктеріне
қамқорлық көрсету – басқарушы парызы.
Уақыт өткен сайын Конфуций ілімінің беделі
өсіп, оның ілімі қытай қоғамында ғана емес,
адамдар санасында, олардың бүкіл тұрмыс-
тіршілігінде де берік орныға түсті. Б.з.б. III
ғасырда жəне б.з. III ғасырларында оның ілімі
Хань династиясының тұрақты идеологиясына
айналды, тіпті жоғары мемлекеттік қызметке
қабылданатын адамдарға Ұлы ұстаздың ілімін
терең игеру талаптары қатаң қойыла бастады.
Бірақ, заман ағымындағы орын алған түбегейлі
терең өзгерістерге байланысты Конфуций ілімі
айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Оның
тұрақты идеологияға айналуына байланысты бұл
ілімнің рухына нұқсан келді. Дəлірек айтқанда,
өткенге құрметпен қарау, үлкендерді сыйлау
сияқты адамгершілік ізгі қасиеттер жасандылық
сипат алып, жалғандыққа, қанағатсыздыққа,
пайдакүнемдікке жол берілді. Кейіннен, яғни
ортағасырлық Қытайда біртіндеп əрбір адамның
қоғамдағы алатын орнына байланысты тұрақты
ережелер мен стеротиптердің белгілі бір жүйесі
қалыптаса бастады. Бұл заңды қағидалар қытай
салтанаттарында айқын аңғарылды. Өмірдің
əрбір жағдайына байланысты барлық адамдар
үшін міндетті түрде орындалуға тиісті тəртіп
ережелері қалыптасты. Конфуцийлік ереже
-
лер бойынша адам қандай жағдайда болса да
өзін тежеп ұстауы керек, ішкі жан-сезімдерін
ақылға билеткізе білу керек. Демек, адамның
еркі қалыптасқан ережелерге тəуелді болды, өз
дегенін жүзеге асыра алмады. Конфуций ілімі
бойынша, əрбір адам өзінің қоғамда алатын
орнын жете білуі қажет. Адамдар өз құқын,
өзіне тиісті орнын, қандай жағдайда не істеу
қажет екендігін толық білгенде ғана қоғамда
тəртіп орнап, тыныштық жағдай қалыптасады.
Мұндай қоғамдық-əлеуметтік тəртіпті Конфу
-
ций жəне оның ізбасарлары мəңгілік, əрі мүлде
ISSN 1563-0307 KazNU Bulletin. Philosophy series. Cultural science series. Political science series. №4 (58). 2016
97
Құдайбергенова Н.Ж.
өзгермейді деп есептеді. Сөйтіп, қытай қоғамы
жоғарыдағылар жəне төмендегілер болып екіге
бөлінді, алғашқылары мемлекетті басқару
істерімен шұғылданса, соңғылары қарапайым
еңбекпен
шұғылданып,
бағыныштылық
жағдайда болулары тиіс болды. Қоғамды
жоғарыдағылар жəне төмендегілер деп жікке
бөлудегі басты өлшем тек қана байлық қана
емес, сонымен қатар қытай азаматтарының
«цзюнь-цзы» идеалдарына жақындығы жəне
оған жан-тəнімен берілгендігі болып санала
-
ды. Формалды түрде бұл жағдай кез келген
қытайлыққа жоғарыдағылар қатарына жол
ашқанымен, шын мəнісінде, мүлде олай емес еді,
өйткені шенеуіктер табы қарапайым халықтан
алынбас қамалмен бөлінген болатын. Ол қамал
– сауаттылық, яғни «иероглифтер» қамалы бо
-
латын. Қытай елінің бүкіл тарихында адамның
қоғамда алатын орны мен оның əлеуметтік
жағдайы сауаттылықпен өлшеніп келгендігін
еске алсақ жəне қарапайым халықтың бұл меже
-
ге шыға бермейтіндігін ескерсек, қалыптасқан
жағдайдың сырын түсінуге толық мүмкіндік
аламыз.
Конфуций өзі де бір уақыттарда ел басқару
қызметін атқарған. Оның барлық ілімдеріндегі
басты мақсат – халық қамы. Билік етудегі басты
үш міндетті ерекше атап өтеді. Бірінші – халық,
екінші – аспан құзыретін мойындау, үшінші –
билеуші-патша деп көрсетеді. Бірақ, халықты
бірінші орынға қоя отырып конфуцийшілдер
«қарапайым халықтың мүдделері өздеріне
де түсініксіз, сондықтан да олар білімді ел
билеушілердің көмегінсіз мүлде өмір сүре ал
-
майды» – деп санады [10,205 б.].
Конфуций ілімінің əлеуметтік тəртібінің ба
-
сты қағидаларының бірі – үлкендерді сыйлау,
оларға бағыну. Олар үлкен бедел иелері, олай
болса олардың айтқандарын мүлтіксіз орындап,
еркіне бағыну – мемлекет ішіндегі мүлтіксіз
орындалуға тиісті ережелер болып есептелінеді.
Бұл жағдай отбасылық өмірге де қатысты бол
-
ды. Сондықтан да болар, ұстаздың «Мемлекет
дегеніміз – үлкен отбасы, ал отбасы – кіші мемле
-
кет» деген қағидасы Қытай елінде берік орнығып,
өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Оның басты
нəтижесі күні бүгінге дейін қытайлықтардың
ата-анасын жəне үлкендерді сыйлап-құрметтеуді
ұлттық дəстүрге айналдырғандығы болып табы
-
лады.
Қытай қоғамының ретті, бірыңғай дамуын
-
да көрінетін этикалық құндылықтар – ұлттық
біртұтастығын қалыптастырудағы негізгі қуат
көзі болып саналады.
Конфуций ілімінің əлеуметтік мəні –
əлеуметтік тəртіптің орнығуы; ата – ата жолы
-
мен, бала – бала жолымен; мемлекет – мемлекет
жолымен; яғни бұл тіршілікте əркім өз орнын
-
да болуы тиіс, əрқайсысы өз құқығын біліп, өз
міндетін адал атқаруға міндетті, өзіне тиістілігін
ғана біліп, өзіне лайықтылығын істеген дұрыс
саналады. Осындай əлеуметтік қалыпқа бөлінген
жоғары қабат пен төменгі қабат, бірінші
басқару қызметін, екінші еңбек ету міндетін
орындауы тиіс деп саналады. Конфуций ілімі
негізінде орныққан мұндай тəртіп, ескіден
қалыптасқан дəстүр, аңызға айналған тəртіп
деп тұжырымдалады. Конфуций адамдарды
жоғары жəне төменгі қабат деп бөлу принципін,
адамдардың байлығына, тегіне, атағына бай
-
ланысты емес, олардың «жэньдік» принципті
негізге алған тəрбиесіне, «цзюнь цзы» үлгісіне
жақындығына орай бөледі. Адамдар арасындағы
қоғамдық
бөлініске
байланысты
түрлі
тыйымдарға мəн бере отырып, төменгі сатыдағы
адамдарға білім алудың қажеті жоқ деген
көзқарасқа жəне ұру, жазалау сияқты нəрселерге
тыйым салды. Кез келген қоғам мүшесінің
оның қай сатыда болғанына қарамастан білім
алуға, жоғары сатыға көтерілуге, қызмет істеуге
құқығы барлығын көрсетті.
Конфуций өз ілімінде əлеуметтік тəртіптің
өзегі – үлкендерді сыйлау, бағалау, тыңдау деп,
кез келген үлкен ол – əке, шенеунік, патша деп
түсіндіреді. Ал үлкендер абыройлы болуды ой
-
лауы керектігін тұжырымдайды. Абыройлы
болған үлкенге бағыну, айтқанын орындау, от
-
басында болсын, мемлекетте болсын – парыз
деп өсиеттейді.
Конфуций өмірдегі шынайы сыйластықты
ежелгі
қытай
халқының
дəстүрлі
дүниетанымымен байланыстылығын көрсетеді.
Дəстүрлі қалыптасқан дүниетаным бойынша
баланың ата-ана алдындағы парызы «сяо» тура
-
лы ілім негізін қалыптастырады. Осыған байла
-
нысты «Баланың парызы – ата-анаға өмір бойы
қызмет ету» [10] қағидасын орнықтырды.
Адамзат тарихында адам мəселесі, оның
өмірі, өмірінің мəні мəселесі философияда, ру
-
хани көркем шығармаларда кеңінен қозғалады.
Ол адамның өз болмысын тану мақсатында
жүзеге асып отырады. Адам өз тіршілігінде
ойлануға тұратын көптеген сұрақтарға жау
-
ап іздейді. Осындай сұрақтар төңірегінде ой
-
шыл адамдар ойлана, оған жауап іздеу міндетін
арқалайды. Осындай ізденістер негізінде өмірдің
мəнсізденуі, танымға деген немқұрайлық сияқты
өмір бейнелері айқындалып көрініс табады.
ҚазҰУ Хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. №4 (58). 2016
98
Конфуций іліміндегі рухани-адамгершілік құндылықтардың қоғамдық-саяси қатынастарды реттеуші фактор ретіндегі маңыздылығы
Біздің дəуірімізге дейін өмір сүрген ойшыл
Конфуцийді де адам мəселесі қатты мазалаған.
Адамды алғаш рет қоғамдық тұлға ретінде
қарастырған Конфуций, адам қалай өмір сүруі
керек, қоғамда адам өзін қалай ұстауы тиіс?
Қоғамды қалай басқару керек? деген сияқты
сауалдарды тудырып, сол сауалдарға жауап
іздеумен бүкіл өмірін сарп етті. Өз уақытының
мың құбылған қоғамдық тұрақсыздығы мен
мемлекеттік билік жүйесі оның азаматтық
бірегей дамып өрлеуіне, кемелденуіне деген
ықыласын арттыра түсті.
Конфуций шығармашылығы батыстық эк
-
зистенциализмнен бөлек, ол қытай қоғамының
дүниетанымдық негіздерін өзіндік өрнекте сипат
-
тайды. Ежелгі қытай халқының философиялық
ойларының негізіне айналған Конфуцийлік ой-
таным үлгісі өзіндік ерекшелігімен ежелден келе
жатқан дəстүрден нəр алғандығын көрсетеді.
Өмір мəселесі, өмір мəні мəселесі қай
елде болсын, қай заманда болсын адамзаттың
пайда болу сəтінен келе жатқан проблема
екені белгілі. Өмір сүру, оның мəні адамзат
баласының тіршілігі негізіндегі пайда бола
-
тын ізденіс сарыны, заңдылық десек те артық
емес. Тіптен адамның өз бойындағы ерен
толғаныспен танылатын құдыретті ақиқат де
-
уге болады. Қалай десек те дүние тіршіліктің
шынайы болмыстағы көрінісін танудағы ізденіс
жолы екені белгілі. Өмір мəні адам санасының
өзекті бір саласы ретінде философиялық
ойлардың жиынтығы жəне оны кез кел
-
ген халықтың дүниетанымдық негіздерінде
пайымдауға мүмкіндіктер береді. Сондықтан
да əр халықтың өмір сүрулік деңгейлеріне
қатысты өмір мəнін тануға деген өзіндік
қағида-түсініктер қалыптасқан. Қалыптасқан
дүниетаным негізіндегі қағидаларды жүйелеу
мақсатында өнегелік дəйектерді пайдалана оты
-
рып, кез келген ой-толғауларды философиялық
таным өзегі – гносеология, əдеп, этика негізіне,
құндылықтар – аксиология өзегіне айнал
-
дырамыз. Осындай танымдық құрылымға
негізделген дүниетанымдық ойларды ойшылдар
өз еңбектерінде өзіндік ұғым түсінікпен таныта
орнықтырды.
Егер
де
Конфуций
қалыптастырған
категорияларға иманенттік талдау жасай
-
тын болсақ, онда ойшылдың философиялық
дүниетанымына жақындай түсеміз. Конфуцийдің
философиялық
ой-тұжырымдары
ғылыми
негіздегі қоғамдық өмірдегі адам, оның өмірі,
болмыс, этика мəселелерін сөз етеді. Ол өзін
өз заманының əлеуметтік сатысының жоғарғы
баспалдақтарына көтерілуге бар ынтасын, күш-
жігерін салғанын көрсетеді. «Туа біткен білім
жоқ менде, ескілікке емсеген соң, қажырлы
құмарлықпен ұмтылып жеттім»,[68] – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |