Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н


Тілінің даму деңгейін анықтауға арналған әдістемелер жинағы



бет20/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
Ерте жастан дарындылықты анықтаудың әдіс тәсілдері

Тілінің даму деңгейін анықтауға арналған әдістемелер жинағы.
Мақсаты: баланың сөздік қорын, логикалық ойлау деңгейін, себеп-салдарлық байланысты білуге құмарлығын анықтау.
1 - Әдістеме
Өткізілу барысы. Балаға белгілі бір уақыт ішінде төмендегі ертегілердің басқаша аяқталуын ойластыру ұсынылады.:
-«Тазша бала»
-«Құлақ»
-«Алтын сақа»
-«Ақымақ қасқыр» және т.б.
2 - Әдістеме
Өткізілу барысы. Балаға төмендегі берілген тақырыптар бойынша өздігінен ертегі құрастыру ұсынылады:
-велосипед тепкісі келген қоян жайлы
-билеп, өлең айтқысы келген балық туралы
-тоңазытқышта өмір сүрген ит туралы
-биіктен секіруге қорқып тұрған құмырсқа туралы
-домбырада ойнағысы келген түлкі жайлы
3 - Әдістеме
Өткізілу барысы. Балаға төмендегі ертегілердің мазмұнына жаңа персонаждар еңгізе оырып, әңгімелеу ұсынылады:
-«Керқұла атты кендебай» ертегісіне-жауынгерлер
-«Тазша бала» ертегісіне-іс тігетін машина
-«Хан мен құмырсқалар» ертегісіне-велосипед
-«Түлкі, қасқыр, түйе, арыстан» ертегісіне-төрт бөлмелі пәтер
-«Қасқыр мен лақтар» ертегісіне-домбыра
-«Мақта қыз бен мысық» ертегісіне-бағдаршам.
4 - Әдістеме
Өткізілу барысы. Балаға келесі ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру ұсынылады:
- Алтын сақа –жалмауыз кемпірге
- Тазша бала- тазша балаға
- Үш жетім зерек бала –үш балаға
- Хан мен құмырсқалар-ханға
- Мақта қызбен мысық-мақта қызға
Әдістемелер нәтижесін талдау
Жоғарыда берілген әдістемелердің нәтижесін талдау бірдей үлгіде жүзеге асырылады. Ертегіні, біріншіден, тақырыпты таңдауы бойынша, екіншіден, мазмұны бойынша, үшіншіден, кейіпкердің өзіне ғана тән ерекшеліктерін айқын бере білуі бойынша талдау керек.
5 - Әдістеме
Мақсаты: баланың сөздік қорының көлемін анықтау.
Өткізілу барысы. Балаға келесі сөздер айтылады, ол оның бірнеше баламасын, берілген уақыт ішінде айтуы керек: сұлу, жалқау, еңбексүйгіш, жақсы, жаман, терең, және т.б. мәселен, сұлу-әдемі, көрікті, жақсы, сымбатты. Әр сөзге 10 секунд уақыт беріледі.
Нәтижені талдау
Дұрыс және толық жауапқа-5 ұпай
Толық емес жауапқа-2,5 ұпай
Баланың сөздік қорының көлемі, ол жинаған санымен анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет