Дайындаған: Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 лицей-мектебінің психологы: Смагулова А. С. 2015-2016 оқу жылы «Қазақстан ұлы державада болуы үшін бізге күш қуат, қажыр қайраты мол, ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» Н


Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер



бет5/24
Дата19.09.2023
өлшемі78,43 Kb.
#108605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Ерте жастан дарындылықты анықтаудың әдіс тәсілдері

Дарынды баланы анықтауға қажет әдістер.
Дарындылықты анықтау әдістемелері баланың қабілеттеріне жасалған ұзақ уақыт бойғы бақылаулардың нәтижесін растай түсу үшін, сондай-ақ күшті және әлсіз психологиялық сапаларын дәлірек анықтаумен қажетті психо-педагогикалық көмекті ұйымдастыру үшін қажет. Дарынды баланың психикасын анықтауда кең ауқымды түрлі әдістер қолданылады:
- арнайы психологиялық сұрақнама, әдістемелер;
- баланың іс-әрекетін мұғалімдер, ата-аналар, психологтар тарапынан экспертті бағалау;
- балалардың шығармашылық жұмысының нақты нәтижелерін мамандар тарапынан сараптау;
- түрлі танымдық әрі пәндік олимпиадалар, конференциялар, спорт жарыстарын, шығармашылық байқаулар, фестивальдар және т.б, ұйымдастыру;
- белгілі дарын түрін талдау міндеттеріне байланысты түрлі әдістерді пайдалана отырып, психодиогностикалық зерттеу жүргізу.
Бірінші бөлімде, танымдық процестерге байланысты әдістемелерді қолдандым. Олар:
- Джонс креативтілік сұрақнамасы.Мұнда баланың шығармашылық ойлау деңгейін зерттеу қарастырылған;
- Ойлауды анықтауға арналған әдістеме;
- Көру арқылы есте сақтау;
- Есту арқылы есте сақтау;
- « Оперативті ес » әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған « Қызыл-қара таблицалар » әдістемесі;
- Зейінді анықтауға арналған « Мюнстенберг » әдістемесі;
- Ақпаратты қабылдау әдістемесі;
Екінші бөлімде, бала қабілетін анықтауға байланысты алты тапсырма орындау және қосымша тест, тренингтер.
1 - тапсырма: « Жаттығулар »
2 - тапсырма: « Жағдайаттар »
3 - тапсырма: « Қанатты сөздер »
4 - тапсырма: « Обьект құрлымын өзгерте алу қабілеттілігі »
5 - тапсырма: « Сөздік пайымдық қабіліттерді » зерттеу;
6 - тапсырма: « Бақылау »
« Вербальды қиял » әдістемесі;
Үшінші бөлімде, іріктеліп шыққан баланың ата - анасына, сынып жетекшісіне психологқа арналған әдістемелер қолданылады. Олар:
- Мұғалімдер мен ата-анаға арналған дарындылық диогностикасының әдістемесі;
- Мұғалімдерге арналған « Ой-өрістік портрет » әдістемесі;
- Психологпен мұғалімге арналған « Оқушы сипаттамасы».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет