Зейінді анықтауға арналған «Қызыл-қара таблицалар» әдістемесі. Бұл әдістеме зейінді анықтауға арналған. 1 минут.
Құрлымы: Сізге қызыл –қара сандары бар таблица берілді. Сіз қызыл, қара сандар 25-тен 1 дейін. Қара сандар 1- ден 24 дейін. Ең бастысы санның жанында жазылған әріпті жазып отыру керек. Жұмыс уақыты - 5 минут
Мысалы: Қызыл сан 25, Р деп жазамыз, Қара сан 1, В әрпін жазамыз, Қызыл сан 24,И әрпін жазамыз, Қара сан 2, Н әрпін жазамыз, осылайша жауап парағында қатар бойынша әріптер пайда болады.
Р
В
И
Н
..............
Әдістеме дұрыс тапқан әріптердің саны бойынша бағаланады.
«Қызыл-қара» таблица әдістемесінің материалы.
Аты-жөны:
8 К
24 У
13 М
7 Ф
22 Б
12 И
5 Б
8 І
14 Ф
14 Р
17 Ш
15 Д
6Г
3 Е
19 К
3 К
18 Ч
23 К
16 Р
18 І
17 Р
21 Р
13 А
1 Р
22 Ш
11 Р
23 Г
20 Г
5 М
10 С
4 Ф
25 Р
21 Ц
2 Т
19 Ж
12 Ж
6 Б
16 У
20 М
4 С
10 Б
9 А
2 Н
7 Н
11 Л
15 У
9 К
24 Н
1 В
Қызыл сан:25-1 Қара сан:24-1 дейін
Мюнстенберг әдістемесі Бұл әдістеме тұлғаның зейінін анықтауға бағытталған.
ҚҰРЛЫМЫ: Көрсетілген әріптердің ішінде сөздер құрастырылған. Сіздің міндетіңіз тез арада барлығын қарап шығып, арасындағы сөздерді тауып белгілеңіз. Бланкімен жұмыс істеу уақыты-1 минут
Тапқан сөздердің санын шығарып қатесін белгілеу керек.
Мюнстенберг әдістемесінің үлгісі Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасшыолпагшуаақлдазжылущлдхтәжірибезхкндтдтұқымырщқұралдыушзпсезімдлаплпсыныпдмдвшввхат Дұрыс жауаптар: Ағаш,шырша,дарын,таным,оқу,нәтиже,жыл,мектеп,ғылым,әлеумет,оқушы,көру,зейін,бала,білім,кезең, міндет,облыс,дамыту,ойын,әрекет,педагог,уақыт, басшы,,атақ,тәжірибе,тұқым,құрал,сезім. Оқушылардың шығармашылық қабілетінің диогностикасы. 1 бөлім. Жаттығу.
1. Қалампыр сөзі беріледі.осы сөздегі әріптерді пайдаланып барынша көп сөз құрау қажет. (3 минут)Сөз құрауда бір әріпті екі рет қайталауға болмайды. Тапсырма бөлек парақпен беріледі және оған оқушы өз сөздерін жазады. Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы - 9 және одан көп сөз. Орташа - 7,8 сөз. Төменгі деңгей - 6 оданда аз.
2. Балаларға төмендегі әріптерден басталатын бес сөзі бар мүмкіндігінше көп сөйлем құрау тапсырылады.
Қ-Б-С-А-Т
Сөйлемдердің мазмұны болуы керек, сөйлемдегі сөздер дұрыс жазылуы тиіс. Басқа сөздер қосуға болмайды. Толтыру 5 минут
Тапсырма нәтижелерін бағалау экраны.
3. Мына жаңылтпаштан біреуін таңдап, жылдам айтып шығу керек. (Ауызша)
1. Қарға, қарға, қарғалар, қар үстінде жорғалар
2. Көк базарда бәрі бар. Барып бәрің бәрін ал
3. Шалғышы шалғы алды. Шаңғышы шаңғы алды.
Жылдам, қатесіз - 2 ұпай. Қателермен - 1 ұпай
2 бөлім. Сіз төмендігі жағдаяттарда ұсынылған жауаптардың қайсысын таңдар едіңіз (Жауап символы карточкаға толтырылады)
1. Егер мен балалар қалашығын салсам, онда:
А) еш жерде жоқ қаланы салар едім - 2
В) қаланы ұсынылған типтік жоба бойынша салар едім - 0
С) қаланы кино, журнал, кітаптан көргенімдей етіп салар едім - 1
2. Егер мен достарымды туған күн кешіне шақырсам, онда:
А) сценарий жазып, сыйлықтар дайындаймын - 2
В) оларға уақытын айтып, ата-анама үмітімді артамын - 0
С) қонақтарға тағамдар дайындауға көмектесемін - 1
3. Сабақ үстінде мұғалім қойған сұраққа мен келесідей жауап таңдаймын:
А) қарапайым - 0
В) күрделі - 1
С) мүлдем жаңа - 2
4. Мен бір нәрсеге қатты қызықсам,онда:
А) өлең жазамын - 2
В) қызыққан нысанымды қызықтап отырады - 1
С) қанағаттанушылық сезімде боламын - 0
5. Егер мен сүйікті пәнімнен зерртеу жұмысын жүргізсем,онда:
А) көптеген қсымша әдебиеттерді оқимын - 2
В) жеңілірек материал таңдаймын - 1
С) мұғалім көмек бередідеп үміттенемін - 0
6.Мен үшін қарым - қатынас жасауда ең бастысы:
А) өзгеше жаңа нәрсе туралы мағлұмат алу мүмкіндігі - 2
В) достарыммен өз қиындықтарым туралы бөлісу - 1
С) уақыт өткізу - 0
7. Егер де мен ғалым болсам,онда:
А) шетілге жиі барар едім - 0
В) көптеген пайдалы кітаптар жазар едім - 1
С) адамзат пайдасы үшін жаңалықтар ашар едім - 2
8. Егер сізге орманға барарда үш жол кездессе, онда сіз қайсысын таңдар едіңіз?
А) өзіңізге ыңғайлысын - 0
В) таныстарым айтқан жолды таңдар едім - 1
С) белгісіз жолды таңдаймын - 2
9. Менің қалауым - мектепте:
А) барлығы өз мүмкіндігі аясында ғана оқысы - 1
В) барлығы тату болса - 0
С) жаңа нәрселер туралы неғұрлым көп білсек - 2
10. Үш жаңылтпашты дауыстап, анық айтыңыз:
А) кеше неше кесе сынды
В) торғай тоғайды ұнатады. Торғай торғайды ұнатады
С) Піл күшті. Піл күшті емес тіл күшті
3 бөлім. Сіз ғұламалардың қанатты сөздерімен келісесіз бе? Өз жапуатарыңызды карточкаға мынадай символдармен белгілеңіз:
А) толық келісемін - 0
В) келіспеймін - 2
С) қанатты сөзді бағалауға дайын емеспін - 1
11. «Ойды ой ғана жоққа шығара алады»
12. «Адамның ақылы оның жұдырығынан күштірек» (Ф.Рабле)
13. «Қабілеттер бұлщық еттер секілді жаттығудан кейін өседі» (И.Тимирязов)
14. «Тек ақымақтар мен өліктер ғанаөз ойларын өзгертпейді» (Д.оруэлл)
15. «Етікші нан пісіпсе, наубайшы етік тіксе, жаманшылық келгені деп біліңіз» (И.Крылов)
16. «Адамдар тек қорыққанын ғана сыйлайды» (А.Чехов)
17. «Бар шындық айтылмайтыны белгілі болғанда, өзге шебер болған оңай» (Р.Тагор)
18. «Бірнеше адамға бақыт сыйлаған адам, дүниедегі ең бақытты адам» (Д.Дидро)