Тас ғасырында бірінші танысқан металы (шамамен 6 мың жыл бұрын Ежелгі Шығыста)болған. Ол табиғатта таза немесе қосылыс күйінде кездеседі.Алғашқы адамдар да құралдарды осы металдан жасаған. Сол металлдың ашылып пайдалануына байланысты ғасыр да басталған. Қазақстанда көп кездеседі.Жылу өткізгіштігі,электр өткізгіштігі жоғары. Белсенділігі төмен жер қыртысыда мөлшері 0,01 % массаны құрайды. Ашық қызғылт түсті жылтыр, балқу температурасы 1083°С, электр тогын күмістен кейін ең жақсы өткізеді. Алхимиктер оны Венера (Venus) деп атаған.Ол әртүрлі құймалар өндіруде қолданылады.Ол өсімдіктердің зиянкестері мен ауруларына қарсы күреске пайдаланылады.
1. Бұл қай элемент?
2. Оның периодтық жүйедегі орнын сипатта;
3. Өнеркәсіпте қандай әдістермен алады?(Жауаптарыңды реакция теңдеулерімен дәлелдеңдер)
4. Бұл элементтің биологиялық маңызы қандай?
5. Бұл металлдың кен орындары қай жерде орналасқан?