Менің туған жерім-Қазақстан Менің туып өскен жерім – егеменді Қазақстан. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Мұнда биік-биік асқар таулар, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде неше түрлі аңдар мен құстар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстанымыздың жері шұрайлы, шөбі шүйгін сондықтанда осы өлкені әрқашан да мақтан тұтамын. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. Халқымыздың басынан қандай кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені, біз үшін Отан оттанда ыстық.
Менің ойымша, адам баласы үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған - туыс, жора - жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем. Қыстағы қалың жамылғы қар көрпесі мен жазғы құлпырған шалғын даласын құшағыма алар едім. Менің өлкем мен үшін ең ардақты, Бар жылуын, махаббатын сусындатты. Менің жерім мен үшін қасиетті, Бойыма күш — жігер нәр алдыртты. Мен әлі 6 - сынып оқысам да, алтын ұя мектебімді аяқтап, үлкен өмірге жол ашатын біріңғай ұлттық тестілеу сынынан өтуге қазірден дайындалу үстіндемін. Өйткені өз Отанымды көркейтіп дамыту үшін барлығын жасағым келеді. Атақты Ғабит Мүсірепов пен Сәбит Мұқанов, Мағжан Жұмабаев ағаларымыз сынды ұлдарын жаратқан ұлы мекеннің мерейін ары қарай өсіргім келеді. Мен – болашақ үлкен мамандық иесімін, өмір атты керуеннің бір жолаушысымын.
«Сен де бір кірпіш, дүниеге кетігін тап та бар қалан» деп қазақтың ақыны Абай атамыз айтпақшы, өмірден өз орнын тапқан дұрыс қой. Дегенмен «туған ауылымды тастап кете барамын» деген ойдың өзі менің киелі, құт мекеніме деген сағынышымды қазірден арттыра түседі.
Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап, отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Меніңше, әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиіс.
ӨБӨЖ №9 Киелі өлке Маңғыстау Маңғыстау өңірі – бағзы заманнан құпиясын ішке бүккен, көшпелілердің ата-қонысы болған құтты өлке. Жерінің асты қазынаға, жерінің үсті аңызға толы, 362 әулиеге мекен болған қасиетті мекен. Қазыналы Маңғыстауды «Жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен жер» деп айтушы еді. Шынында сол жеті жұрттың сан алуан мәдени құндылықтары қаз-қалпында сақталған. Көшпелі сәулет өнерінің жарқын да қайталанбас үлгілері, қазақтың алғашқы қауымдық дәстүрлі мәдениеті сіңген өлке екені айтпаса да түсінікті. Тіпті Маңғыстау сөзінің шығу төркінінде де сан түрлі пікірлер бар. «Мың ауыл» немесе «Мың қыстау» дегені халық арасында кеңінен тарағаны. Жергілікті халық та осы сипаттағысын жиі айтады.
Маңғыстау түбегі – таулы қыратты, шөл даланың керемет ландшафтарымен көмкерілген, қарт Хазар немесе Каспий теңізімен шектескен, Бозащы түбегімен қоршалған өзіндік табиғи ерекшеліктерімен әспеттелген. Бұрнағы Маңғыстау десе, игеріліп жатқан мұнай мен газ кен орындары, Каспий теңізі, қасиетті жерлері ғана санамызда жаңғырып тұрушы еді. Сөйтсек, Маңғыстау жұрты кім-кімді де әсем табиғатымен, тауды жарып қатпарланған каньондарымен, терең шежірелі тарихымен, шыңырау құдықтарының салынуымен де, шөлді даланы бархандап көшкен құмымен де қызықтырып әкететін жер екен.
«Маңғыстау мемлекеттiк тарихи-мәдени қорығы» 1980 жылы негiзiн қалады. Бүгiнгi таңда мемлекеттiк қорғауға 500-ден астам тарихи-мәдени ескерткіш қабылданған. Оның ішінде көпшілігі археологиялық ескерткіштер тобына жатады, 200-ге жуығы сәулет ескерткіштер қатарын құрайды. 13 мыңнан астам бөлек ескерткiштер есепке алынған. Қорық қызметкерлері негізгі жұмыс бағыттары бойынша Маңғыстау түбегі мен Үстірт жотасы, Каспий маңының Бозащы түбегіндегі аймақтарына археологиялық қазба жұмыстарын жүргiзу, ескерткiштердi қорғау, сақтау, есепке алу, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу болып табылады.
Ең атақты ескерткіштердің бірі – Бекет ата мешіті – тауда ойып жасалған. Бекет ата мұсылман елінде көріпкел және әулие ретінде танымал. Ол адамдарды емдеген, өзіне келген әлсіздер мен жәбірленушілерге денсаулық пен күш сыйлаған. Дауларда екі жақты ортақ келісімге әкелердей даналық айтқан. Өз уағыздарында Бекет ата шыншыл болуды және жақсылық жасауға насихат еткен.
Бекет ата қорымы тек қана Маңғыстаудың емес, сонымен қатар Қазақстанның да рухани, тарихи және архитектуралық ескерткіші болып табылады.
Маңғыстау жерінде сақталған аңыздар бойынша мұнда жергілікті және халық әулие санаған 360 сопы өмір сүрген және жерленген делінеді. Кейбір аңыздарға сүйенсек, ертеректе әкесі ұлдарын өзіне шақырыпты. Барлығы бірден әкесінің алдына келеді. Әкесі сүйікті ұлына ашуланады. Сонда Сұлтан епе өзінің сонау Каспийде сәтсіздікке ұшыраған балықшыларға көмек көрсеткенін айтып, арқасындағы арқан іздерін көрсетеді. Сол кезден бері ол әрқашан да теңіздегі қысылған жандарға көмекке келген екен.