Дайындаған: оқытушы Спабекова Е. Ж


Кіші топтармен жұмыс істеу әдісі



бет3/15
Дата06.04.2023
өлшемі58,58 Kb.
#80069
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Кіші топтармен жұмыс істеу әдісі. Бұл әдісті пайдалану барысында студенттер берілген тақырып бойынша белгілі бір заттың қасиеттері жазылған немесе белгілі бір фармпрепараттың (айталық, ацетилсалицил қышқылының) тиімді алу жолы жазылған алдын ала дайындалған таратылу материалын алады. Содан кейін оқу тобы 3-4 адамнан тұратын кіші топтарға бөлініп, кіші топтың әрбір мүшесіне белгілі бір ролді орындау тапсырылады. Айталық, бір топтың мүшелері провизор, технолог, сарапшы, аптекарь, дәрігер немесе науқастың ролдерін орындауы мүмкін. Ролдерді орындаушылардың әрқайсысына жеке тапсырма беріліп, нақты орындау тәртібі мен ережелері тапсырылады. Әр топ сұрақтарын талдайды және өздерінің ұсыныстарын жасайды. Тапсырманы дұрыс шешкендерін бағалаумен бірге міндетті түрде тобымен жұмыла қатысу деңгейін де бағалаған дұрыс.
Жұптармен жұмыс істеу әдісі. Бұл әдісті әдетте практикалық сабақ кезінде, яғни зертханалық жұмыстарды жасау барысында пайдаланған тиімді. Әдістің ерекшелігі сол, студент жұптағы серігімен пікір алмасып, біріне-бірі ойындағысын айта алады, жолдасының қолдауы мен демеуін сезінеді, жұмыс барысында өзара қателіктер жібермеуін қадағалайды. Жұптар іс жүзінде ұқсас реакцияларды орындап, нәтижелерін алған соң жұп мүшелері өзара пікір алмасып, сараптап, шешімін бүкіл топ мүшелеріне жария етеді. Осылай бүкіл топ мүшелері зертханалық жұмыспен қамтылады. Мысалы, органикалық заттың (этил спирті, ацетосірке эфирі, ацетальдегид) алу жолын, функционалдық топты анықтау үшін сапалық реакцияны іске асыруды немесе белгілі бір фармпрепаратты (фурацилин, ацетилсалицил қышқылы, аналгин) тиімді алу әдісін талқылау.
Ақпарат іздеу өткен материалды пысықтап, бекіту кезінде қолданылады. Оқу тобының студенттері бірнеше топқа бөлінеді. Өткен материал бойынша сұрақтар құрастырылады және әр командаға (топқа) сұрақтардың тізімі беріледі (әдетте 20 сұрақтан). Әдіс материалды бекіту үшін есептелген. Сұрақтардың дұрыс жауаптары дайын болатын уақыт белгіленеді. Жауаптары топ мүшелерімен кеңесе бағаланады.
Интерактивті оқыту әдісін пайдалану кезінде оқытушының ролі дәстүрлі әдістегіге қарағанда өзгеше, атап айтсақ оқытушы студенттерге бағыт-бағдар берумен, яғни олардың іс-әрекетін сабақтың мақсатына жеткізу үшін бағыттаумен шектеледі. Кіші топтармен жұмыс істегенде оқытушы сабақ үрдісіне тікелей араласпайды, бірақ студенттер жұмыстарын қадағалай отырып, бір минутта байланысын үзбейді. Оқытушының негізгі функциясы сабақ үрдісіне қатыспай топтар жұмысын үндеместен байқау, осының нәтижесінде аудиторяның көңіл-күйі мен құлқын аңғара отырып, тапсырмалардың кем-кетігін бағалап, келешекте оқыту әдістері мен тапсырмаларды жетілдіріп отыру. Интерактивті сабақтардың негізгі құрамына студенттердің орындайтын интерактивті жаттығулары мен тапсырмалары енеді. Интерактивті жаттығулар мен тапсырмалардың дәстүрлі әдістегіден маңызды айырмашылығы студенттер оларды орындау арқылы өткен материалдарды ғана пысықтап игеріп қоймай жаңа мағлұматтарды қабылдауында [3].
Сонымен, білім сапасының жоғары болуы білім беру мекемесінің, коллективтің, әрбір ұстаз бен шәкірттің білім беру-қабылдау процесіне белсене және нәтижелі қатысуымен анықталады. Өз кезегінде нәтижелі және сапалы білім беру дәрежесін оқу орны түлегі - жас маманның еліміздегі динамикалық түрде өзгеріп жатқан талаптарға сай бәсекелестікке қабілетті болуымен анықтауға болады. Бұл үшін оқу орнын бітіруші жас маманның белгілі (стандарт бойынша) білім жиынтығын, дағдыларды, іскерлікті меңгеруі жеткіліксіз, сонымен бірге оның қоршаған ортамен (ұжым, әріптестері, таныстары, достары және т.т.) қарым-қатынасы және әрекеттесуі ойдағыдай болуы тиіс. Ізденіске, зерттеуге, жобалауға, жоспарлауға, ұйымдастыруға, қарыс-қатынасқа және саналы түрде қимыл-іс-әрекетін бағалай алуға қабілетті болуы жас түлектің құзіреттілігін анықтайды. Олай болса әрбір білім ошағы білім берудің инновациялық әдісі - интерактивті оқыту технологиясына көшуі қажет.
Химияны оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалын оқытуы мен оқушылардың химиялық білімді саналы меңгеруін, алған білімдерін іс жүзінде қолдану ерекшеліктерін және дағдыларын дамыту әдістері мен құралдарын айқындап береді.
Химияны оқыту әдістемесі әрі ғылым, әрі оқу пәні ретіндеоқытудың мазмұнын, оқыту әдістерін тәрбие жұмысымен тығыз бірлікте, өзара байланыста зерттейді. Оқытудың заңдылықтарын ашумен қатар, оқытудың мазмұн – мақсатын, әдістерін, оқыту формалары мен құралдарын, оқытушы мен оқытушының іс - әрекетін бір – бірінен ажыратпай біртұтас қарастырады.
Химияны оқыту әдістемесінің зерттейтін объектісі – сол пәнді оқыту әрекеті. Оқыту, педагогика, дидактика және әдістеме ғылымы тұрғысынан түсінуге болатын күрделі әрекет болып табылады. Педагогикалық тұрғыдан қарастырғанда оқыту дегеніміз – жасөспірімнің бойына ұжымдық тәжірибені сіңіру. Дидактикалық жағынан алғанда, оқыту білім берудің мазмұнын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру (мұғалімнің қызметі) мен оқудың (оқушының таным әрекеті) бірлігі. Ал әдістемелік тұрғыдан алғанда оқыту – нақтылы оқу пәнінің материалын жасөспірімге жеткізу ісіндегі сабақ беру мен оқудың бірлігі.
Әдістеме химияны оқытудың нәтижесін, оқушылардың білім сапасына, тәрбиесі мен адами тұлғасына тигізген әсерін зерттейді. Оқушылардың химиялық білімді игерудегі таным әрекетінің ерекшеліктерін және оны іске жұмылдыру жолдарын іздестіреді.
Тәрбие беру және оқушыларды дамыту - орта мектепте оқылатын барлық пәннің міндеті. Бұл салада мектепте өтілетін жиырмадан астам пәннің бірі ретінде ғана химия өз үлесін қосады. Оның үстіне химия өзінің бұл міндетін оқу пәні мазмұнының негізінде жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет