Студенттердің өз бетінше орындауға арналған тапсырмалары.
Күнтізбек тақырыптық жоспар жасау.сабақтың жоспарын жасау.
Дәріс № 8 Тақырыбы: Химияның сыныптан тыс жұмыстары.
Тапсырманы орындауға нұсқау. Сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері мен ұйымдастырылу негіздері: оқушылардың химияға құштарлығын жоспарлы дамыту; сабақта өтілген материалдармен байланысын қамтамасыз ету; сыныптан тыс жұмыстарға қоғамдық мән беру; теориялық және сарамандық жұмыстарды ұштастыра жүргізу; жұмыстың түрін таңдаудағы оқушылардың еріктілігі мен орындаудағы міндеттілігін, ұйымдастыру жұмыстарындағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ету; көпшілік және жеке жұмыстарды ұштастыру; сыныптан тыс жұмыстарға кәсіптік бағдар беру.
Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері. Химиядан жүргізілетін тыс жұмыстар көпшілік, топтық және жеке жұмыстар деп үшке жіктеледі.
Көпшілік жұмыстарға жататындар: жас химиктер қоғамы, химиялық кештер, олимпиадалар, химия апталығы онкүндігі және айлығы, конференциялар, т.б.
Топтық жұмыстар: химиялық үйірмелер, жас химиктер клубының және қоғамының секциялары, химиялық бюллетень шығару, көрме ұйымдастыру, топтық зерттеу жұмыстары.
Жеке жұмыстар: кітаппен жұмыс, хабарлама, реферат және баяндама әзірлеу, құрал және көрнекі құралдар жасау, шағын зерттеулер жүргізу және т.б.
Бақылау сұрақтары: Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы.
Химиядан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері.