Дайындаған: Урысбаева. А тексерген: Обаева. Г эссе: Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары



Дата03.02.2022
өлшемі15,54 Kb.
#24780
Байланысты:
Хакім Абай



Дайындаған:Урысбаева.А

Тексерген:Обаева.Г
Эссе:Хакім Абайдың адамгершілік мұраттары
Хакім Абай туындылары бүгінде халқымыз үшін үшін, ұлттық тәлім -

тәрбиенің негізгі, жастарымыздың адаспай, білімді һәм білікті,

тәрбиелі де тәлімді тұлға болып қалыптасуының алтын темірқазығы

рөлін атқаруда десек артық айтқанымыз емес. Осы сөзіміздің айқын

дәлелі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ

ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай арманы – халық

арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында

аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа

Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді» - деп ерекше атап өткен

болатын. Абай атамыздың әдеби мұрасы өзінің көркемдік

құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар бұлағына айналып,

ел тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы ағартушының асыл

туындылары қанша уақыт өтсе де өз маңызы мен құндылығын

жойған емес. Керісінше, Абай мұрасы – күннен-күнге нәр алып, өз

ұрпағының рухани қазынасына айналып отыр. Абай

шығармаларында ұлы Далада өмір сүрген қазақ

, ұлтымыздың салт-дәстүрлері мен жан-дүниесі

суреттелген. Абайдың туындыларына зер салсақ, елдің алға

жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы

идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал, ілгерілеудің негізі -

білім мен ғылымда жатыр. Кемеңгер Абай қазақтың дамылсыз оқып-

үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. Ақын «Ғылым таппай мақтанба»

деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын баса

айтты. Ағартушы ақынның сол замандағы тұжырымдары қазір де аса

өзекті. Себебі, ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты - биікке ұмтылу,

алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз. Ал, біздің міндетіміз

, алдыңғы қатардан орын алу. Кемеңгер

Абай білімі терең болғандықтан, оның шығармаларында дүние, өмір,

тіршіліктің мағынасы, қоғам мен заман, болашақ туралы толғаған

ойлары да аса терең. Ендеше осы тереңдікті жастарымызға ұғындыру

біздерден талай дүниені талап етеді. Абай мұрасы - адамды адам етіп

тәрбиелеудің, жан - жақты дамыған зияткер тұлға қалыптастырудың

қайнары. Ақынның толық адам туралы айтқандары – жас өскінді

Адамды сүю, құрметтеу,

елжандылық

, биік адамгершілікке бастайтын

жол. Сондай – ақ, әлемдік деңгейдегі білім талаптарына қол созып

қана қоймай, соның ұшар басынан көріне білу - бүгінгі таңдағы

ұлттық болмысымыздың, адами мақсат - міндеттеріміздің бұлтартпас

бағыт, бағдары. Абай шығармасының сая бағында өсу, тәрбие алу –

қазақ халқының бүгінгі ұрпақтарының алдағы тұрған міндеттерінің

бірі. Абайға әр оралған сайын «көкірек көзің ашылады», азаматтық

болмыс-тіршілігі

халқының бар

– осы ілгері көштен қалмай
ірілік пен адамдық ұғымдардың жаңа қырларына, сырларына

жолыққандай боласың. Қазақ халқының алдында енді

, оны Адамзаттың Абайын айналдыру тұр.

Абай – құбылыс, ғасырларда біртуар ғұлама. Туысы бөлек, бесігі өлең,

өсуі еркін. Оқуды өмірден алған. Оқуға зерек, ұғымға ұшқыр болған.

Сондықтан да оның түрлі айтыстар мен даулардағы, мәжілістер мен

кеңестегі айтқан пікірлері – дара өнеге, нақыл. Ойланып жазғандары

өлең өнер болған. Абай дүниеге

өз көзімен қарап

, көргені мен сезгенін

жалтақтамай айтқан. Бойындағы даналық оны даралық жолына,

данышпандық шыңына бастады. Өмір мен қоғамды барлап,

болашақты болжап жазған әр шығармасы – осы шыңға шығар

жолындағы баспалдақ. Абай мұрасының тәрбиелік мәні, тағылымдық

бағыт бағдары турасында сөз қозғағанда, алдымен ойға оралатын

Абайдың өз басының адамгершілігі. Ақыл мен қайратты, білім мен

адамгершілікті тең ұстаған ақын шығармаларына

, құштарлығымыз бүгінгі күн санап артқандай. Ақын

шығармаларына, оның терең мағыналы, күні бүгінге дейін мәнін

жоймаған ой-тұжырымдамаларына деген қажеттіліктің бар екенін

сындарлы жылдар айқындап берді. Оның кіршіксіз, таза, ақ жүрегінен

тебірене туындаған жырларынан адам жанына әл қуат беретін, жанға

жайлы, ыстық леп ескендей.

Бар асылын

келер ұрпаққа да арнады. Оның шығармашылық қызметінің негізгі

, ойын замана жастарына,

мұраты – адам тәрбиесі. Ұстаз сөзінің биік мағынасы Абайдай

ағартушыға өте орынды айтылған. Абай халықтың үлкені мен

кішісіне, ұлы мен қызына, әкесі мен баласына өмірлік қажет пен еңбек

пен адамгершілік, өнер мен білім,

парыз бен қарыз сияқты қасиеттердің асыл үлгілерін жырымен де,

ғақлияларымен де жеткізе білді. Ойшыл ақынның ағартушылық

өнеге мен тәлім,

достық-жолдастық,тұрғыдағы тұжырымдары негізінен жастарды халқына адал қызмет

ететін нағыз азамат – «Толық адам» етіп тәрбиелеу мақсатынан

туындаған. «Адамның білімі, өнері – адамшылықтың таразысы» деп



санаған Абай білімді барлық атақ, құрмет пен бедел, байлықтан

жоғары қояды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет