Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет140/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   273
Кісі ақысына мән берген... 
Сапарға шыққан мұсылмандардың бар көлігі - жетпіс түйе, екі ат. 
Түйелерге кезектесіп мінілді. Пайғамбарымыз Хазіреті Әли мен Мәрсәд ибн 
Әби Мәрсәд үшеуі бір түйеге ортақ. Жүру кезегі Аллаһ Расулына келгенде 
сахабалар ілтипатпен: 
"Уа, Расулаллаһ! Сен көліктен түспей-ақ қой, біз сенің орныңа да жаяу 
жүрейік", - дейді. Мұхаммед (с.а.у.) ғұмырында кісі ақысына қатты көңіл 
бөлген. Бұл жолы да: 
"Сендер мен менің еш айырмашылығым жоқ, көбірек жаяу жүретіндей 
сендер менен қуатты емессіңдер. Мен де сауапқа зәрумін", - деп келіспеген. 


217
Ислам діні әр адамның жеке құқығына жете мән береді. Кісі ақысына 
көңіл бөлмеу - иманның әлсіздігі саналады. Әркімге өзіне тиесілі құқық 
танылуға тиіс. 
Құрайыш керуені 
Ми айналып ауызға түскендей шыжыған аптапта Ислам әскері Бәдірге 
қарай ілгерілей берді. Құрайыш керуенінің басшысы Әбу Суфианға сол сәтте 
суыт хабар келіп жетті. 
"Мұсылмандар құрайыштың сауда керуенін қолға түсіру үшін жолға 
шығыпты!" 
Дабыра дақпырттан үрейленген Әбу Суфиан Меккеге хабаршы жіберіп, 
өзі еш жерге тоқтамастан, керуеннің бағытын өзгертіп, Қызыл теңіз 
жағалауынан Бәдірді айналып өтіп, Меккеге бет түзеді. 
Әбу Суфианнан бұрын Меккеге жеткен хабаршы мүшрік шаш ал десе 
бас алардың керін келтіріп қалың, құрайышты жалған дақпыртымен дүр 
сілкіндіреді. 
"Уа, құрайыш қауымы! Керуендерің, Әбу Суфианға сеніп тапсырған 
мал-мүліктерің қолды болуда. Мұхаммед пен оның нөкерлері жолай талан-
таражға салыпты. Енді үлгере де алмайсыңдар", - деп айқайға басты. 
Құрайыш дүрлігіп, жолға жиналды. Өйткені керуенде әр отбасының 
үлесі бар еді. Аяқ астынан әзірленген мүшрік әскерінің саны тоғыз жүз елуге 
жетті, жүзі салт атты, жеті жүзге жуығы түйеге мінген. Құрайыштар қару-
жарақ жөнінен де мұсылмандардан әлдеқайда озық-тын, жалпы әскер саны 
үш есе артық еді. Дәл кетер шақта мүшріктерге қосылғысы келмейтіндер де 
шықты. Бірақ Әбу Жәһил бастаған ақсақал-қарасақалдардың зорлығымен 
олар да мүшріктер қатарын арттырды. Сонда да Әбу Ләһаб науқасын 
сылтауратып, орнына өзге біреуді жіберіп, өзі бармай қалды. 
Мүшрік әскері әндетіп, ұрандатып, дабылдатып Меккеден "Бәдір 
қайдасың" деп жүріп кетті. Жарты жолға келгенде керуенді Бәдірден аман-
есен өткізген Әбу Суфианнан: 
"Сендер керуенді, керуендегі дүние-мүліктеріңді қорғап қалу үшін 
жолға шықтыңдар. Тәңірі оны сендерсіз-ақ сау қалдырды. Енді кері қайта 
берулеріңе болады" деген хабар келеді. Хабарды алғандар қуанып қалды. 
Алайда Әбу Жәһил сынды азғындар Меккеге қайтуға асықпады. 
Жанындағыларға да тосқауыл болып: 
"Бір шыққан екенбіз, алған бетімізден қайтпаймыз. Бәдірге барайық, 
үш күн жатып, түйе сойып, шарап ішіп, тойлайық. Күңдер ән айтып, 
көңілімізді көтерсін. Ел-жұрт та қызыққа кенелсін. Сонан соң бізден 
қорқатын болады. Не тұрыс! Кеттік ары қарай", - деп аттандайды. 
Мүшріктер Әбу Жәһилге еріп, Бәдірді бетке алған. Хабаршы Әбу 
Суфианға келіп болған жайды жеткізеді. Әбу Суфиан қатты ашуланып: 
"Қауымына обал болатын болды-ау! Әбу Жәһилдің арам пиғылын, 
халыққа басшы болуға ұмтылысын жаман ырымға баладым. Соңы қайыр 
болмас. Егер Мұхаммедтің асхабы оларға жолығар болса, шаруалары 
тынды", - деп қайғырды. 


218
Әбу Жәһилдің үгітіне ермей мүшріктерден бөлініп Меккеге қайтқандар 
да болды. Аһнәс ибн Шәрик өзімен бірге Зухра руының жігіттерін ала кетті. 
Іле-шала Хазіреті Омардың руының жігіттері - Адий ибн Ка'бтар да кері 
қайтты. Мүшрік әскері қатарында Хашимұлдары да бар еді. Құрайыштан 
кейбіреулер қағытып: 
"Уа, хашимдер! Сендер бізбен сапарлас болсаңдар да, сендерге сенім 
жоқ, жүректерің Мұхаммед деп соқпасына кім кепіл", - деген соң Әбу 
Тәліптің ұлы Тәліп те өз жақындарымен бірге еліне оралды. 
Мужаһидтер Зәфиран деген жерге келгенде құрайыштардың қалың 
қолы өздеріне қарсы келе жатқанынан хабардар болады. Оқыс хабар 
мұсылмандарға төбеден жай түскендей әсер етеді. Алғашында сасып қалған 
олар не істерлерін білмей, ортақ шешімге келе алмайды. Өйткені әу бастағы 
ниеттері - соғысу емес еді. Соғысуға арнайы дайындықтары да жоқ. 
Мүшріктер қолының саны да көп, сақадай сай шайқасқа әзірлігімен келе 
жатқаны тіпті ойландырды. 
Аллаһ Расулы әрқашанғы шыдамдылығына басып, еш асып-саспады. 
Сахабаларын жинап, сауда керуенінің ізіне түсудің не мүшріктермен 
соғысудың қайсысы оңтайлы болатынын кеңесті. Мужаһидтердің бір тобы 
керуен соңынан еруді жақтады, бірақ Расулаллаһ бұл пікірді мақұл көрмеді. 
Хазіреті Омар мен Хазіреті Әбу Бәкір сөз алып, мүшрік әскерімен 
шайқасқа бел бууды жөн көретіндіктерін айтты. Аллаһ Расулы да осы ойға 
қосылды. Жиын соңында әнсар мұсылман Микдат ибн Әсуәд сөз алып: 
"Уа, Аллаһтың Расулы! Раббың саған не бұйырса, сен соны орында. Біз 
Исрайылұлдарының Мұсаға "Бар, өзің-ақ Раббыңмен бірге дұшпандарға 
қарсы соғыс. Біз отырған жерімізден қимылдамаймыз" дегені сияқты 
болғымыз келмейді. Сен не істесең де біз саған шын пейілмен 
мойынсұндық", - деді. Хазіреті Мұхаммед батыл да өжет сахабаның 
сөздеріне риза болып, батасын берді. 
Мәселе түйінделді: мүшріктермен шайқасқа шығу бірауыздан келісілді. 
Тек әу бастағы серт бойынша әнсарлар муһажирлерді Мәдинаның ішінде 
қорғауға тиіс еді. Қазір Мәдинадан шалғайда олардың ойын сұрамау кісі 
құқығын таптағанмен бірдей. Пайғамбарымыз ішіндегі бұл түйткілді бүкпесіз 
ақтарды. Әнсарлар атынан ортаға шыққан Саад ибн Муаз былай деді: 
"Уа, Расулаллаһ! Біз саған иман еттік, сені мойындадық. Бізге әкелген 
дінің мен уағызыңның ақиқаттығына шүбә жоқ. Сенің жолыңмен жүруге, сол 
бағыттан айнымауға серт те бердік. 
Уа, Алланың елшісі! Сенің айтқаныңды орындаймыз. Сенің бағытың - 
бізге бағдар. Біз сенімен біргеміз. Саған хақ дінді түсірген Аллаһқа ант 
береміз, сен ана теңізді нұсқап, сүңгір болсаң, біз де сүңгиміз. Ешкім 
тартынып қалмақ емес. Жауға қарсы күрестен қашпаймыз да. Жанымыз 
Аллаһ жолында құрбан". 
Сонымен шешім қабылданды, мужаһидтер санының аздығын елең де 
қылмастан қаптаған қалың құрайыш қолына төтеп беруге бел байлады. 
Мүшріктердің саны да, қаруы да, көлігі де батыл сахабаларды үрейлендіре 
қоймады. Құранның тілімен айтқанда бақыттылар "ажалдың аузына" 


219
(Әнфал,5-6) қуана-қуана кіруге келісті. Олар Аллаһ жар боларына сенімді еді. 
Аллаһ жолында соғысатындықтан ұлы құдіреттің қолдайтынына шын 
көңілден иланған... 
Саны аз, сапасы артық, яки иман күшімен жігерлері жасын отындай 
жарқылдаған мужаһидтердің тірегі - бар ғаламның иесі Жаратқан Аллаһ еді. 
Қол бастаған да - Жаратқанның сүйікті құлы Мұхаммед (с.а.у.) болатын. 
Олардың ештеңеден секем алмастан мүшрік әскеріне қарсы шығуының 
себебі де-сол. 
Әнсарлар өкілінің айтқандарына разы болған Расул Әкрам күлімсіреген 
күйі: 
"Қане, алға басыңдар, Алланың берекетімен шаттыққа кенеліңдер. 
Міне-міне, құрайыштың әскерлерінің сұлай түсіп, өлімге бас иетін жерлерін 
әлден-ақ көріп келемін. Оларды ажал айдап келді", - деп сарбаздарын 
үміттендірді. Мұсылмандар жігерлерін жаныған сайын батылдана басып, 
Бәдірді бетке алып нық адымдай түсті. Бейсенбіден жұмаға қараған түні 
құптан намазы уақытында Ислам әскері Бәдірге жақындады. Аллаһ Елшісі 
бір төбешікті нұсқап: 
"Анау төбенің басында құдық бар. Сол маңнан көп мәліметке 
қанығатын сияқтымыз", - деп Хазіреті Әли, Хазіреті Саад ибн Әби Уаққас 
және Хазіреті Зүбәйір ибн Аууамға маңайды шолып шығуға бұйрық береді. 
Сол мезетте бірнеше мүшрік су алуға түйелерін құдық басына шөктірген-ді. 
Олар 
ойда 
жоқта 
мұсылмандардың 
қолына 
түсіп 
қалады 
да, 
пайғамбарымыздың құзырына әкелінеді. Хазіреті Мұхаммед оларға құрайыш 
жайында бірнеше сауал қояды. Тұтқындар құрайыш әскерінің дәл 
алдарындағы құм төбенің ең биік тұсында екенін айтады. 
"Әскердің ұзын саны қанша?" деген сұраққа әуелі дұрыс жауап беруден 
тайсақтаған мүшріктер екінші рет қайта сұрағанда нақты білмейтіндіктерін 
айтып жалтарады. 
"Олай болса, олар күніне қанша түйе бауыздайды?" 
"Бір күні тоғыз, кейде он түйе сойғанының куәсі болдық". 
"Демек 950-1000 шақты адам болғаны", - деді де, "Араларыңда 
құрайыштың игі жақсыларынан кімдер бар?" 
Су тасушылар құрайыштың атақты, бетке ұстарларының атын атап 
шыққанда пайғамбарымыз сахабаларына қарап: 
"Көрдіңіздер ме, Мекке бар жақсысын пида етті", - деді. 
"Жолшыбай Меккеге қайта оралғандар болды ма?" - деп Аллаһ Расулы 
сұраулы жүзбен тұтқындарға қарады. 
"Иә", - деді олар, "Зухра руының азаматтары Әһнәс ибн Шәрикке еріп 
елге қайтты". 
Сонда Аллаһ Елшісі тұрып: "Аллаһ тура жолдан тайған, ақыреттен, 
Аллаһтан, Кітаптан бейхабар Зухраұлдарына тура жолды көрсетті", - деді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет