Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


"Әрдайым Аллаһқа, елшісіне ықыласты болған нашарларға



Pdf көрінісі
бет253/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   273
рдайым Аллаһқа, елшісіне ықыласты болған нашарларға
ауруларға және (соғысқа баруға) қаражат таба алмағандарға кінә жоқ. 
Өйткені олар (бармағанымен мемелекеттерінде) жақсылық жасайды. 
Аллаһ тым кешіруші, ерекше мейірімді. Олар көлік сұрап саған 
келгенде: "Сендерді аттандыратын көлік таба алмадым" дегеніңде, осы 
жолда жұмсайтын қаражат таба алмағандықтарына күйініп, көз жасын 
төккен бойда қайтқандарға күнә жоқ" - деген жолдар жоғарыда баяндалған 
оқиғаны меңзейді. 
Тағы да мунафиқтар... 
Жауынгер сахабалар жанталасып жиһадқа әзірленген тұста мунафиқтар 
тағы да үйреншікті машықтарына басып мұсылмандардың арасына іріткі 
салды. Басшылары Абдуллаһ ибн Үбәй жас сахабаларды жинап алып: 
"Мұхаммедтің алып Византияға күші жетеді дегенге қай ақымақ 
сенеді? Жасағы түгелдей тұтқын боп жер сипап қаларына мен кепіл", - деп 
кеудемсоқтанады. 
Ауа райының қолайсыздығын алға тартқан олар: "Осындай аптапта 
дені сау адам жорық ұйымдастырады ма?" - деп өзеуреді. 
Аллаһ Тағаладан түскен аян сол жайды былайша сипаттайды: 
"Олар Аллаһтың елшісіне қарсы болып, соғысқа бармай 
қалғандарына мәз болды. Олар Аллаһ жолында малдарымен
жандарымен соғысуды жек көреді. Олар "мына ыстықта соғысқа 
шықпаңдар" деді. 
Оларға былай де: "Тозақ оты мұнан да ыстық, бірақ олар барар 
жерін білсе етті". (Тәубе, 81) 
Тәубе сүресінің 49-аяты да сол мезетте түскен: 
"Олардың бәз біреулері "Маған соғысқа қатыспауға рұқсат бер
мені бүлікке, босқа әуреге салма" дейді. Байқаңдар, олар онсыз да әуреге 
батқандар. Әлбетте, тозақ кәпірлерді толық қамтиды". 
Анау деп, мынау деп жоқты-барды сылтауратқан сексенге жуық 
мунафиқтар жорыққа шықпауға рұқсат алды. Олардың пайғамбарға 
айтқандары ылғи-шылғи өтірік. Ол да Алланың уахиымен аян болды: 


389


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   249   250   251   252   253   254   255   256   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет