Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ



Pdf көрінісі
бет88/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

ХАБАШСТАНҒА ЕКІНШІ КӨШ 
Милади 616 жыл... 
Хазіреті Мұхаммедке пайғамбарлық міндеті берілгелі де жеті жыл 
өткен... 
Хабашстанға хижрет еткен алғашқы мұсылмандарды, бұған дейін де 
айтқанымыздай, хабаш елі емен-жарқын қарсы алып, керемет қошамет 


141
көрсетіп қоныстандырған-ды. Мұсылмандар діни нанымдарына сай әдеттерін 
қысылып-қымтырылмай жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болған. 
Хабашстанға барғандардың жай-жапсарын сұрап біліп, көңілі 
орныққан Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) Меккеде қалған діндестерінің де солай 
қарай ауа көшуін мақұл көрді. 
Аллаһ Елшісінің көкесі Әбу Тәліптің ұлы Хазіреті Жағфар бастаған 
екінші топтағылардың саны алғашқылардан артығырақ еді: он әйел, сексен 
екі еркек. Сенімін сақтап, дінін қастерлеу үшін жолға шыққандар Хабаш 
еліне ат-көлік аман жетеді. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) көшкендерге қош айтысып, өзі Меккеде қала 
берді. Мүшріктермен тайталасып, ауыртпалықтарға кеудесін кере жүріп, Ұлы 
Жаратушының панасында қасиетті рухани міндетін жалғастырды. 
Құрайыш мүшріктері мұсылмандардың Хабашстанға ағылуына бейжай 
қарап қала алмады. Шет жерде де оларға тосқауыл қоймаққа бекінді. 
Олардың қаупі - Исламның Меккеден шығып, басқа жерлерде де таралуы, 
мұсылмандар 
қатарының 
молаюының 
ишарасы 
еді. 
Хабашстан 
мұсылмандарды паналатып, жағдайларын жасаған сайын Арабстандықтар 
бірте-бірте иман шеңберін кеңейтуі ғажап емес. Исламға бөгет қою 
мүшріктерге қиынға соға бастады. Кәпірлердің небір қитұрқы айла-
шарғылары желге ұшты. 
Ұзақ-сонар мәжілістерімен таңды таңға ұрған соқыр сенімдегілер 
Хабашстанға елші жіберіп, ел билеушісінен кірме меккеліктерді кері 
қайтаруды дұрыс деп тапты. 
Елшілер тағайындалды: Амр ибн Ас және Абдуллаһ ибн Әби Раби'а. 
Жоспар келісілді: Нажаши, яғни ел билеушісінен бастап барлық 
атқамінерлерге 
қымбат 
сыйлықтар 
апарылады. 
Бірінші, 
уәзірлерге, 
орынбасар сынды төменгі сатыдағы басшыларға тарту-таралғылары 
үлестіріліп, келген мақсаттарын соларға айқын баяндайды. Осылайша, 
аңысын аулап жақсы көрініп, сонан соң билеушіге шығады, арнайы сыйақы 
жасалады... 
Жобаның бұлайша реттелуінің сыры мынада: хабаш билеушісі босқын 
мұсылмандармен сұхбаттаспай-ақ, уәзірлерінен ахуалды сұрап біліп, соларға 
сеніп тілектерін орындайды деп әріден ойлаған-ды... 
Не керек, екі елші ұзақ жол жүріп Хабашстанға келеді. Билік 
басындағы үлкенді-кішілі басшылармен жолығып, сый-сияпаттарын жасап, 
сапар мақсатын тіл майын төге жеткізеді: 
"Біздің арамыздан кейбір жастар ата-бабаларының жолынан адасып
жаңадан дін ойлап тауып, дегенімізге көнбей қойды. Ең болмаса, сіздердің 
діндеріңді ұстанса бір сәрі ғой. Айтқанымызға құлақ қоймаған соң қатал 
шара қолданайық десек, осы өлкеге тұра қашып патшадан пана тапқан 
көрінеді. Қауым болып ақылдасып, соларды елге қайтару үшін келдік. Патша 
тақсырдың құзырына барғанда бізді қолдап көмек берсеңіздер. Патшаның 
босқындармен жүздеспегені дұрыс. Билеуші, әлбетте, алдымен сіздермен 
кеңесер, сонда біздің сөзімізді қуаттап: 


142
"Бұлар өз адамдарын қанша дегенмен бізден жақсы біледі. "Өз жеріне 
сыймай, безіп жүргендерден не үміт, не қайыр" деп қолдау көрсетсеңіздер 
деген өтінішіміз бар". 
Сарай қызметкерлері мәселенің астарын бағамдамастан, қымбат 
сыйлықтардың буына алданып мүшрік елшілерін қостауға уәде береді. 
Елшілер хабаш патшасының құзырына шығып, сапарларының 
мақсатын айтты: 
"Уа, Тақсыр! Біздің босқындарымызды босқа паналаттың. Елден безген 
алаяқтар бабалар дәстүрінен бас тартып келіп отыр. Мұраттары - сенің еліңде 
бүлік шығару. Дос жылатып айтады, ескертуге келдік. 
Бұлар Мәриямның ұлы Исаны танымайды, сенің нанымыңнан мүлде 
бейхабар. Босқындарды бізге қайта табыста. Шара қолданып, бұзақылыққа 
бөгет қояйық". 
Елшілер 
өздерінше 
мүләйімсіп 
қулықтарын 
асырғысы 
келді. 
Хабаштықтардың христиан дінін ұстанатынын білгендіктен сол мәселеде 
патшаның тамырын басып, екпін түсіре сөйледі. 
Сарайдағы атқамінерлер де алдын ала келісілген түрде бас изесіп, 
құрайыш қуларын қоштай жөнелді: 
"Иә, біз көп ретте мән-жайдың байыбына бара бермейміз. Әркімнің өз 
сыры өзіне мәлім. Босқындардың не оймен келгеніне үңілмеппіз. Адамдарын 
қайтарып, басымызды арашалап алайық". 
Елшілер билеушіден келісім күткен-ді. Нәжаши қабағын қарс түйіп: 
"Орынсыз өтінішпен келген екенсіздер. Бұл тілектеріңіз буынсыз жерге 
пышақ ұрғандай. Шарасыз қалып, елінен безген, сонша өлкенің арасында 
бізді таңдап, менен медет тілеген бейшараларды жай қайтара салу - адамдық 
болмас. Өздерін шақырып сұрайық, анық-қынығына көз жеткізген соң 
нәтижесін білдірейін. Егер елшілердің айтқаны рас болса, бір сөзге келместен 
елдеріне жолдайын. Керісінше болып шықса, көмек қолын созып қолдайық", 
- деді. 
Осы әңгімеден кейін патша мұсылмандарды шақыртты. Хазіреті 
Жағфар бастаған бір топ адам сарайға келді. Араларынан Хазіреті Жағфарды 
өкіл етіп сайлап, ол билеушінің құзырына шықты. 
Патшаның 
жанында 
құрайыш 
елшілерімен 
қатар 
Нәжашидің 
шақыртуымен келген жергілікті дінбасылары да отырды. 
Хазіреті Жағфар патшаның алдына келгенде жай сәлем берді, басын 
иіп сәждеге жығылған жоқ. 
Сарай қызметшілері мұны ерсі көріп: 
"Сен неге ұлы билеушіге сәжде қылмадың?" - деп сұрады. 
Хазіреті Жағфар: 
"Біз тек қана Аллаһқа сәжде етеміз", - деп жауап берді. 
"Қалайша?" - деп таңданғандарға: 
"Өйткені Аллаһ Тағала бізге өз арамыздан таңдап елшісін жіберді. Ол 
Аллаһтан басқаның алдында сәждеге бас қоймау керектігін үйретті", - деді. 
Елшілер "Айтқанымыз айдай келмеді ме?" деген сыңаймен билеушіге 
қарады. 


143
Нәжаши мұсылмандарға: 
"Сендер бұл өлкеге не үшін келдіңдер? Саудагер емессіңдер, бір 
қалауларың да жоқ, Ниеттерің не? Айтып жүрген пайғамбарларыңның 
ерекшелігі не?" - деді. 
Хазіреті Жағфар жауап беруге асықпады. 
"Уа, тақсыр! Сізге бір өтінішім бар. Мына қуғыншылардың біреуі ғана 
сөйлеп, қалғандары кіріспесе. Мен үш нәрсе айтамын. Егер дұрыс айтсам, 
дұрыс десін, жалған айтсам не істесеңдер де арманым жоқ", - деп өтініш 
білдірді. 
Патша оның тілегін құп алып, сауалдарға ол уақытта әлі мұсылман 
болу бақытына кенеле қоймаған Амр ибн Ас жауап беретін болды. Хазіреті 
Жағфар Нәжашиға қарап: 
"Енді 
сұрай 
беріңіз, 
біз 
зорлап 
ұстап 
қожайындарымызға 
қайтаратындай құл ма екенбіз?" - деді. 
Билеуші: 
"Уа, Амр, бұлар бас бостандығынан айрылған құлдар ма еді?" - деп 
сұрады. 
Амр: 
"Жоқ, олар еркіндіктегі азат адамдар болатын", - деп жауап берді. 
Хазіреті Жағфар тағы да: 
"Біз жазықсыз біреудің қанын төгіппіз бе? Адам құнын өтеу үшін 
қайтарылатындай кінәміз бар ма екен? Соны сұрасаңыз", - деді. 
Нәжаши: 
"Уа, Амр, бұлар мойнына біреудің қанын жүктеген бе еді?" 
Амр: 
"Ешкімге қол жұмсаған емес." 
Хазіреті Жағфар бұл жолы: 
"Халықтың малын талан-таражға салып, пайда көрген кезіміз болып 
па? Өтелмеген қарыздарымыз бар ма екен, соны білсеңіз", - деді. 
Нәжаши: 
"Уа, Амр! Бұлардың мойнында төленбеген қарыздары болса, мен-ақ 
төлейін", - деді. 
Амр: 
"Ешкімге қарызданған емес." 
Нәжаши: 
"Олай болса, не кінә артып келдіңдер?" 
Амр: 
"Біз бәріміз ортақ діннің өкілдері едік. Олар қастерлі нанымымызды 
тастап, Мұхаммедтің (с.а.у.) соңынан ерді." 
Нәжаши Хазіреті Жағфардан: 
"Ықылым заманнан бері ұстанып келген аталарыңның дінінен неліктен 
шықтыңдар? Қауым елден ажырап мұнда келгенде менің дінімді де 
қабылдамадыңдар. Сенімдеріңнің өзгелердікінен артықшылығы неде?" - деп 
сұрады. 
Хазіреті Жағфар мән-жайды тереңнен тартып баяндағанды жөн көрді: 


144
"Жоғары мәртебелі тақсыр! Біз жаһил, барынша надан халық едік. 
Пұтқа табынып, өлексе жейтінбіз. Айуандықта алдымызға жан салмадық. 
Туған-туыс, көрші-қолаңмен ұрсысып қана қоймай, қолымыздан келгенше 
жамандық тілеп, әлсіздерге қоқан-лоққы көрсеткеннен ләззат алатынбыз. 
Әбден азғындаған шақта қайырымы шексіз Аллаһ өз арамыздан 
пайғамбар таңдады, ол бізге жол көрсетуші. Таңдалған адамға еш таласымыз 
жоқ, өйткені оның пәк шежіресіне, туралығына, адалдығы мен әділдігіне 
мына тұрған дұшпандары да куә. 
Сол пайғамбар бізді Аллаһтың барлығына, бірлігіне сеніп, оған 
құлшылық жасауға, аталардың қателігін қайталамауға, жансыз пұттарды тәрк 
етуге шақырды. 
Шындықты айтып, аманатқа қиянат жасамауды, туыстармен жақсы 
қарым-қатынас жасап, көршілермен жайдары араласуды, жазықсыз қан 
төгуді толастатып, күнәлардан ұзақ тұруды үйретті. Зинақорлыққа, өтірік 
айтуға, жетім-жесірдің ақысын жеуге, әйел затының намысын қорлауға қатаң 
тыйым салды. 
Біз оған иланып, Аллаһтан түскен аяттарына бас идік. 
Тура айтып, түзу жүргеніміз үшін халқымыз арасында бұзақы атандық. 
Зұлымдықтың құрбаны болдық. Дінімізден бездіріп, Аллаһқа құлшылық 
жасатпау үшін, пұттарға сәжде еткізу мақсатымен көре көзге қорлық шегіп, 
жан төзгісіз азаптарға ұшырадық. Қинап, азаптаған да - осылар. 
Мәжбүрліктен ел-жұртымызды, атамекенді тастап алыс жерлерге 
кетуге бел байладық. Өзіңізді паналадық, әділдігіңе сеніп келдік, сеніміміз 
алдамады да. Ақымыз аяқ асты болған жоқ, адамгершілікке куә болдық, 
өзіңізге дән ризамыз. 
Ал, сәлем беру мәселесіне келсем, біз сізге Расулаллаһтың үрдісімен 
сәлем бердік. Бір-бірімізбен де осылай амандасамыз. 
Аллаһтың елшісінен үйренгеніміз бойынша біз Аллаһтан басқаға сәжде 
етпейміз. Бар айтарым - осы." 
Мүшріктер дымдарын іштеріне бүккен. Сарайды құлаққа ұрған танадай 
тыныштық биледі. 
Мүлгіген тыныштықты тағы да Нәжашидың даусы бөлді: 
"Осы айтқандарыңа айғағың бар ма?" 
Билеушіге Хазіреті Жағфардың сөзі тәсір еткені соншалық, ауыр ойға 
шомған. 
Хазіреті Жағфар: "Әрине, бар", - деді де, Мәриям сүресінің бастапқы 
аяттарын судыратып оқып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет