Оба туралы Пайғамбарымыздың айтқаны
Тәбүкте жатып бірнеше күн айналаны барлауды мақұл көрген
Пайғамбарымыз Шам жақтан оба індеті шықанын естиді. Сондағы айтқаны:
"Жүрген жерлеріңді оба жайлар болса, одан қашып ешқайда барушы
болмаңдар. Оба шыққан жерге де жоламаңдар".
Медицинада "қара өлім" аталған обаның қауіпті, жұқпалы екенін бір
мың төрт жүз жыл бұрын хабар беріп, карантин тәртібін сол кезде-ақ айтқан
пайғамбардың Аллаһ елшісі екендігіне шүбә келтіру күнә.
Тәбүк хұтбасы
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) әрбір сөзі - ақылдың көзі. Фәлсафа да,
тәлім де осында. Білгенге маржан, білмеске арзан сөз мәйегіне тағы да құлақ
түрейік:
"Адамның ең қайырлысы, ең жақсысы - атының не түйесінің үстінде
немесе жаяу ақтық демі біткенше Аллаһ жолында еңбектенген адам.
Ең азғын адам - Аллаһтың кітабын оқып, одан үлгі ала алмағандар.
Ең тура, дұрыс сөз - Аллаһтың кітабы Құран екенін естен
шығармаңыздар.
Ең мықты мәртебе – тақуалықа.
Ең қайырлы дін - Ислам.
Сүннеттің қайырлысы - Мұхаммедтің (с.а.у.) сүннеті.
Сөздің асылы - Аллаһтың зікірі.
Қиссалардың ең қызығы - Құран қиссалары.
391
Амалдың ең жақсысы - Аллаһ орындауға мәжбүр еткен парыз
амалдары.
Амалдың ең жаманы - кейіннен пайда болған ұнамсыз ғұрыптар.
Ең керемет өнеге, дұрыс жол - пайғамбардың өмірі мен өнегесі.
Ең пәк өлім - шейіттің өлімі.
Көрсоқырлықтың көкесі - тура жолды тауып, кейіннен қайта адасу.
Іс-әрекеттің қайырлысы - пайдаға жарайтыны.
Соқырдың ең сорақысы - көңіл соқырлығы.
Берген .................................................... қайырлы.
Кешірім өтінудің ең жаманы - өлім аузында сұралғаны.
Өкініштің ең жаманы - қиямет-қайымдағы өкініш.
Жаңсақ-қатесі ең көп адам - тілі жалғандыққа бейім адам.
Ең тамаша байлық – көңіл байлығы, кеңпейілділік.
Хикметтің (даналықтың) бастауы - Аллаһтан қорқу.
Шарап-ішімдік - күнә атаулының түр-түрінің басын біріктіреді.
Табыс - пайданың ең зияндысы өсімқорлықпен еңбексіз табылғаны.
Ішіп - жеудің ең нашары жетім-жесірдің ақысын жеу.
Өзгелердің халінен өзіне сабақ ала білген адам - ең бақытты адам.
Амалдың негізі - нәтижесінде.
Ой-пікірдің жаманы - өтірік пен жаңсақтықтан өрбігендері.
Мұсылманды жазықсыз сөгу күнә, діни әмірлерге құрметсіздік.
Мұсылманды өлтіру - күпірлік.
Мұсылмандарды өсектеу - Аллаһтың әміріне қарсы шығу.
Өтірік айтып тұрып, Аллаһтың атымен сөз бергеннің түбі құрдым.
Кешірім сұраған кісіні Аллаһ кешіреді.
Ашуын ақылға жеңдіргенге Аллаһтың сыйы бар.
Зиянға ұшырап төзімділік көрсеткен кісі қайтарымын Аллаһтан
алады.
Қиыншылыққа мойымай сабыр сақтай білгенге Аллаһтың сауабы мол.
кеше гөр кеше гөр кеше гөр кеше гөр
Аллаһым! Мені және үмметімді Аллаһым! Мені және үмметімді
Аллаһым! Мені және үмметімді Аллаһым! Мені және үмметімді Аллаһым!
Мені және үмметімді кеше гөр! Өзім және сіздер үшін Аллаһтан кешірім
өтініп жалбарынамын".
Достарыңызбен бөлісу: |