Тәліптің отбасында. Мейірімді, бірақ жоқ-жұтаң тіршілігі бар Әбу Тәліптің
57
Тұрмыс-тіршілігі, отбасы тәрбиесі жөнінен Әбу Тәліп жәһилияның
жамандықтарынан аулақ болатын. Арабтар арасында әдетке айналған ішкілік
атаулыны да татып алмайтын. Қай жағынан да Мұхаммедке қамқор боларлық
жан. Бала Мұхаммедті үнемі қасына ертіп, онымен үлкен кісіше әңгімелесіп,
пікір алысатын. Әбу Тәліптің отбасы Мұхаммедсіз дастарқан басына
отырмайтын. Мұхаммед (с.а.у.) отырса, дастарханның берекесі артып, тамақ
артылып қалатын да, ол болмай қалса тез таусылып, бала-шағаның қарны
тоймай қалған кездер де аз болмаған.
Бала да болса Мұхаммед (с.а.у.) дастарқан басындағы әдептілікті
сақтайтын, үлкендерден бұрын табаққа қол созу оның әдетінде болған емес.
Аз жейтін, ғұмыры бойы қарнының ашқанын, шөлдегенін бір рет те болса
айтпаған.
Достарыңызбен бөлісу: