Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарымыз көкесімен бірге тасаттықта



Pdf көрінісі
бет52/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   377
Пайғамбарымыз көкесімен бірге тасаттықта 

Меккені  қуаңшылық  жайлағалы  қашан.  Құрғақшылықтан  жер  шыт-

шыт жарылып, жан-жануардың мазасы қашқан. Күнде ертеңіне үміт артумен 

тағаты таусылған халық өзара кеңесіп Әбу Тәліпке келеді: 

"Ей, Әбу Тәліп бір тамшы суға зар болдық. Балаларымыз шетінен ауру, 

малымыз  қырыла  бастады.  Бізге  бас  боп  тасаттыққа  шықсаң  қалай  болар 

екен?" 


Әбу  Тәліп  көптің  тілегін  қайтармады.  Қасына  нұр  Мұхаммедті  алып, 

Қағбаға  барды.  Нұр  жүзді  бауыры  оған  берекенің  бастауы  сияқты  көрінетін 

де  тұратын.  Қағбаға  келген  соң  Әбу  Тәліп  арқасын  қабырғаға  сүйей  отырды 

да,  қолын  жайып  дұға  ете  бастады.  Бұл  кезде  Мұхаммед  (с.а.у.)  Қағбаның 

жабуына жабысып, сұқ саусағын көкке шошайтып тұрды. 

Арадан  көп  уақыт  өтпей-ақ  Аллаһтың  құдіретіне  бүкіл  Мекке  тағы  да 

куә  болды.  Алдымен  ақ  жауын  басталды  да,  соңы  нөсерге  айналды.  Халық 

үлкен қуанышқа бөленді. 

Адамзатқа  рақымдылықтың  үлгісі,  құт-берекенің  бастауы  ретінде 

жіберілген  Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  кішкентай  кезінен-ақ  осынау  ауыр 

міндеттің өзіне жүктелгенін дәлелдей бастаған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет