Даму бағыттары Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Современная система дошкольного



Pdf көрінісі
бет35/102
Дата30.12.2016
өлшемі29,2 Mb.
#821
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 

  «ҚР 2015 ж дейін гі  білі м б ер уд і дамыт у тұжыр ымдамасы » 



2.

 

М.М.  Жанпейісова  «Модульдік  оқыту  технологиясы  баланы  дамыту  құралы 



ретінде.» 

3.

 



«Дауыс & Көрініс» Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау туралы ұлттық 

журнал 


4.

 

Қ.М.Нағымжанова «Инновациялы-креативті технологиялар» 



5.

 

К.С.Құдайбергенова «Құзырлылық таби ғаты- тұлғаның өздік дамуында »    



6.

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.2014ж.  



 

 

 



БАЛАБАҚШАДА ЭКОЛОГИЯ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-

ЭКСПЕРИМЕНТАЛДІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

244 

 

 

Жумадилова А.О. 

№108 «Арман» балабақшасы КМҚК 

 

 

Біздің заманымызда экологиялық тәрбие бірінші орында және ол жалпы адамзат үшін 



өзекті мәселе болып отыр. Сол себепті осы мәселеге өте көп көңіл бөлінеді. Неге бұл мәселелер 

өзекті  болды?  Себебі  –экологиялық  тепе-теңдікті  бұзуға  әкелетін  экологиялық  тұрғыдан 

адамның табиғатқа қатысты сауатсыз әрі кері іс-әрекеттері болып отыр. 

Табиғатқа  қатер  әкелген  және  әкелетіндер  де  кезінде  бала  болған.  Міне,  сондықтан 

екінші  кіші  жастан  бастап  балаларды  экологиялық  тәрбиелеуде  мектепке  дейінгі  ұйымның 

рөлі өте үлкен. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру үрдісі тұтастай және 

экологиялық  тәрбие  туралы  білім  жүйесіне  сүйенулері  керек,  ол  тірі  және  өлі  табиғаттың 

қарапайым  мәліметтерін  өзіне  қосады.  Бұл  жүйеде  ерекше  орын  алатын  табиғаттың  бір 

бөлшегі сияқты адам туралы, ең ақылды, саналы тіршілік иесі ретінде білімнің  болуы және де 

Жер шарының болашақ өмірі осы адамның қолында екендігі. 

Ғасырлар бойы адамдар табиғатқа қатысты оны қолданылушылар болды: осында тұрды, 

оның  берген  сыйын  ақырын  ойламай  ала  берді.    Сондықтан  адамдардың  табиғатқа  деген 

қамқорлық  сезімдерін  тәрбиелеу  керек.  Дәл  мектепке  дейінгі  жаста  экологиялық  білімді 

меңгерген    дұрыс,  себебі  бала  табиғатты  эмоционалды  қабылдайды,  оған  тірі  зат  ретінде 

қарайды. 

Экологиялық  тәрбиенің  басты  мақсаты  –  ең  негізгі  экологиялық  мәдениеттін,  яғни 

баланың  табиғатқа  деген      дұрыс  көзқарасы,  қатынасы,  өзіне  және  адамдарға,  табиғи 

өнімдерден  жасалған  заттар  мен  материалдарға  табиғаттың  бір  бөлшегі  ретінде  қарауын 

қалыптастыру.    Мұндай  қарым-қатынас  қарапайым  экологиялық  білім  негізінде  құрылады, 

оның ішінде зерттеушілік іс-әрекет барысында жүзеге асырылады.                      

Зерттеушілік  іс-әрекет  баланың  табиғатқа  деген  қызығушылығын  туғызады,  өзінің 

ашқан шағын жаңалықтарын өз бетінше жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан ол экологиялық 

мәдентиетті қалыптастыру жүйесінде маңызды орын алады. 

Қоршаған ортаның заңдылықтары мен құбылыстарын танудың тиімді әдістерінің бірі – 

эксперименталдік  әдіс.  Балалар  эксеперимент  жасағанды  өте  жақсы  көреді.  Олар  үшін 

көрнекілік-әрекеттік  және  көрнекілік-бейнелілік  ойлау  тән,  және  де  эксперимент  жасау 

олардың  жас  ерекшелігіне  сәйкес  келеді.  Эксперимент  жасау  барысында  мектеп  жасына 

дейінгі  балалар  өзінің  білімге  құмарлығын  қанағаттандыра  алады,  өзін  ғалым,  зерттеуші, 

жаңалық ашушы адам ретінде сезінуге мүмкіндік береді.  

Біздің балабақшада мектеп жасына дейінгілердің экологиялық мәдениетінің бастамасын 

қалыптастыру  бойынша  үлкен  жұмыстар  жүргізіледі.  Жұмыстың  негізгі  мазмұны  мектеп 

жасына дейінгілерді эксперимент жасау арқылы  тірі және өлі табиғатпен таныстыру болып 

табылады. Балалардың жас ерекшелігіне қарай, жұмыс бірнеше кезеңдерге бөлінеді. 

1 кезең (3-4 жас) «Ойнай отырып, танимыз». 

Кіші жаста балаларды қызықтыру үшін қарапайым тәжірибелер ойын түрінде өткізіледі. 

Балалар  табиғатының  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  екінші  кіші  топ  балалары  бір 

нысанға ұзақ зейін қойып отыра алмайды, сондықтан тәжірибе ұзақ уақытты талап етпейді. 

Балаларға  ерекше  белгілері  мен  қасиеттері  туралы  жалпылама  ұғым  беріледі:  құм  құрғақ 

(дымқыл, су), шашылады (иленеді); қар ақ (жұмсақ, суық), ериді, иленді және т.б. Үлкендердің 

көрсетуімен балалар көру-сезіну әрекеті арқылы нысандарды зерттеп, осының негізінде әрбір 

құбылыстың өзіне тән белгілері мен қасиеттерін анықтайды. 

Осылайша,  тірі  және  өлі  табиғат  нысандары  туралы  ұғым  ойын-эксперимент  арқылы 

беріледі.Осындай  ойындардың  ойын-сауықтардан  айырмашылығы  жоқ.    Осындай  үлгідегі 

ойындарда  көркем  әдебиет  пен  кейіпкерлерді  қолданудың  айтарлықтай  маңызы  бар.  Олар 

балаларға табиғат туралы жаңа білімді жақсы меңгеруге көмектеседі. 



245 

 

2 кезең (4-5 жас) «Таңғажайыптар жанымда». 



Ортаңғы топ балалары заттар мен материалдардың қасиеті мен сапасына қарай (мөлдір-

күңгірт,  жұмсақ-қатты  және  т.б.)  танысуды  жалғастырады,  өлі  табиғаттың  құбылыстарын 

анықтауды  үйренеді  (судың  мұзға  айналуы,  қыраудың  пайда  болуы).  Өсімдіктерді  өсіру 

тәсілдерімен танысады (тұқым арқылы, өсімдіктің бір бөлігі арқылы), жер бетіндегі тіршілік 

үшін судың, жарық пен жылудың маңыздылығы туралы түсініктері қалыптасады. Тәжірибенің 

бір бөлігі ойын-эксперимент түрінде жүргізіледі. 

Ортаңғы  топта  алғаш  рет  жеке  құбылыстардың  себептерін  анықтау  бойынша 

эксперимент жүргізіле бастайды, мысалы: «Неге су көлеңкеге қарағанда, күннің көзінде тез 

буланады?». Тағы да басқа жаңашыл сұрақтар арқылы балалар ең бастысын анықтауды, екі 

нысанның  жағдайын  ажырату  мен  салыстыруды,  олардың  арасындағы  айырмашылықты 

табуды  үйренеді,  мысалы:  мұз  бен  су,  су  мен  бу.  Аталған  жастағы  балалармен  ұзақ  уақыт 

бақылау жүргізуге, нәтижелерін бақылау күнделігіне жазуып қоюға болады. 

3 кезең (5-6 жас) «Білсем, көрсем». 

Ересек жаста балалардың сұрақ қою және өз бетінше оларға жауап беру сияқты тұрақты 

әдеттері  қалыптасады,  эксперимент  жасау  туралы  бастаманы  балалар  өз  қолдарына 

алады.Ересек мектеп жасына дейінгі балалар заттардың физикалық қасиеті туралы білімдерін 

бекітеді,  оларға  қоршаған  ортаның  кейбір  факторлары  туралы  ұғым  беріледі.  (Күн,  күн 

энергиясы, ауа, ауаның қысымы, топырақ, топырақтың құрамы, Жер бетіндегілердің өмірінің 

осы  факторларға  тәуелді  болуы).  Ересек  балаларға  өткізілетін  сабақтар  танымдық  сипатта, 

онда  балалар  жанартау,  таулардың  түзілуі,  аралдар  және  т.б.  туралы  көптеген  құбылыстар 

туралы біледі. Сосын балалар осы ғажайып құбылыстарды эксперимент барысында жасайды, 

мысалы,  аралдар  макетін    жасап,  жанартаудың  «атылуын»  іске  асырады.  Білімпаз  ата, 

Дымбілмес  сияқты  керемет  кейіпкерлер  балаларға  осы  бір  таңқаларлық  жағдайларды  іске 

асыруға көмектеседі.  

Біз тәжірибелік-эксперименталдік іс-әрекеттерді бағыттар бойынша бөліп тастадық: өлі 

табиғат, тірі табиғат, қолдан жасалған әлеммен танысу.  



1.Өлі табиғат: ауа, топырақ, су, магниттер, дыбыс, жарық. Өлі табиғаттың нысандарын 

бақылай  отырып,  ауаның  қасиеттерімен,  желдің  адам  өмірі  мен  табиғаттағы  рөлімен, 

ластанған  ауаның  барлық  тіршіліктің  денсаулығы  үшін  қатерлілігі  туралы  түсініктермен 

таныстық.  Мынадай  тәжірибелер  жасалды:  «Көзге  көрінбейтін  адамды  іздеу»,  «Банкадағы 

майшам», «Сабын талы- рапира». Экология бойынша көптеген қызықты ҰОӘ өткізілді, атап 

айтсақ «Маша мен Миша қоршаған ортаны зерттейді», «Қант мен тұз қайда жоғалып кетті», 

«Ата жұмбақтар жасырады», «Судың дәмі мен иісі жоқ», «Ауаны көруге бола ма?» және т.б. 

Магниттің қасиетін бекіте отырып, балалармен бірге «Геометрик» атты магниттік ойын 

дайындадық, сонымен қатар көбелекпен сиқыр жасалды.  

«Тұзды бұрыштан ажырат»,  «Секіргіш қағаз» атты тәжірибелер балаларды физикалық 

құбылыстармен таныстыруға мүмкіндік берді.  

2.  Тірі  табиғат:  әртүрлі  табиғи-климаттық  аймақтардың  өзіне  тән  мезгілдік 

ерекшеліктері,  тірі  ағзалардың  көпбейнелілігі  мен  олардың  қоршаған  ортаға  бейімделуі. 

Мынадай  тәжірибе  циклін  өткіздік:  «Өсімдіктің  жарықты  іздеуі»,  «Ауыр  заттың  өсімдіктің 

өсуіне әсері», «Өсімдік өзін қоректендіре алады», «Тамырдың өсуін бақылау», «Судың сіңуі». 

Балалармен бірге терезе алдындағы бақшаны безендірдік. Балалар тұқым отырғызуға белсене 

қатысты.  Табиғат  бұрышындағы  кезекшілер  тұқымның  ең  бірінші  пайда  болуын  бақылау 

күнделігіне тіркеп отырады.  

3. Қолдан жасалған әлеммен танысу. 

Балаларды  әртүрлі  металдармен  (алюминий,  болат,  жез,  қола,  күміс)  таныстырып, 

олардың қасиеттерін салыстырдық. 

Мектеп жасына дейінгілердің пластмасстың әртүрлі түрінен жасалған заттарды туралы 

білу  іскерліктерін  жаттықтырып,  олардың  өзіне  тән  ерекшеліктерін  салыстыруға  үйреттік. 

Балаларды табиғи құбылыс –жанартаумен таныстырып, оның атқылау себептерін түсіндірдік.  



246 

 

Балалардың тасқа деген қызықғушылықтарын дамыттық. Сонымен қатар мата мен қағаз 



түрлерін ерекшеліктеріне және белгісіне қарай салыстырдық. Бақылаудың нәтижесін балалар 

бақылау күнделігіне жазып отырды.  

Айына бір рет «Таңғажайып тастар», Біздің көмекшіміз-сезіну мүшелері», «Табиғаттағы 

су  айналамы»,  «Біз  ауа  туралы  не  білеміз?»,  «Судың  құпиялары»,  «Құмдағы  іздер», 

«Тұқымдар оянды», «Магнитті сынау» сияқты сабақтар өткіземіз.  

«Отбасында  балалардың  танымдық  қызығушылықтарын  дамыту»,  «баланың 

ізденушілік-зерттеушілік белсенділігін дамытудың рөлі» ата-аналарға арналған ақыл-кеңестер 

өткіздік. Сонымен қатар тәрбиешілерге «Балабақшада тәжірибелік-эксперименттің іс-әрекет 

бойынша жұмыстың мазмұны» атты ақыл-кеңес берілді.  

Осындай  тәжірибелік-эксперименттік  іс-әрекет  барысында  мынадай  нәтижеге  қол 

жеткіздік:  

1. «Бәрін білгім келеді», «Зертхана» эксперименттік бұрышын тәжірибеге қажетті құрал-

жабдықтармен безендірдік.  

2. Қартотекалар құрастырдық: 

-тәжірибелер мен эксперименттер; 

- сабақтар конспектісі; 

-«Біздің ашық хаттар» жоспары құрылды (фотоматериалдар).  

Дұрыс  ұйымдастырылған  тәжірибелік-эксперименттік  іс-әрекет  балалардың  жаңа 

білімге  және  әсерлерге  деген  қажеттіліктерін  қанағаттандырады.  Интеллектуалды  дамуына 

себеп болып, өзінділік пен білімге құмарлық қасиеттерін тәрбиелейді.  

 

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

 «Бала мен балабақша» республикалық педагогикалық журналы//№6, 2012 ж. 



2.

 

«Мектепке дейінгі білім» №39,40,2000ж . 



 

 

 



БАЛАБАҚШАДАҒЫ ҮШТІЛДІЛІК – КӨП ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҚҰРАЛЫ 

 

 

Жумырова Г.О. 

Балқаш қаласының «Күншуақ» балабақшасы 

 

 



Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан халқына  Жолдауында  «Қазақстан  бүкіл  әлемге 

халқы  үш  тілді  пайдаланатын  мәдениетті  ел  ретінде  танылуға  тиіс.  Бұлар  қазақ  тілі  - 

мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық тіл, ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай 

кірігу тілі» делінген. Тек қазақ жұрты ғана емес, барша қазақстандықтар осы үш тілді өзара 

ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. 

Қазақстан – көпұлтты мемлекет. 135-тен астам халық бірлік пен татулықта өмір сүріп 

жатыр.  Әрбір  ұлт  өкілдері  өз  тілдерін,  салт-дәстүрін    сақтап  қалуы  үшін  барлық  жағдай 

жасалуда.  Оны  елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  та  атап  өткен  болатын:  «Біз  көпұлтты  қоғамбыз. 

Қазақстанда  тұратын  барлық  ұлттар  мен  ұлыстардың  тілін,  мәдениетін  және  салт-дәстүрін 

дамытуға барынша жағдай жасауды алдыңғы уақытта да жалғастыра беретін боламыз» - деп 

айтқан пікірі баршамыздың берік ұстанатын қағидамыз болуы керек.  

Тілдердің үйлесімде бірлесіп өмір сүруі  көпұлтты мемлекетке тән құбылыс. «Ұлттардың 

бір-бірінен тілдік айырмашылығы олардың кеңістіктегі гармониялық бірлігін де қамтамасыз 

етеді.  Дүниенің  сұлулығы,  табиғаттың  кереметі  –  ондағы  сан  алуан  түстердің  гармониясы 



247 

 

болуымен құнды десек, адамзаттың рухани әлемнің байлығы – әртүрлі ұлт мәдениеті мен ұлт 



тілдерінің гармониялы дамуымен де ерекше».   

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Еліміздің тәуелсіздігінің нышаны. Қазақстанның болашағы 

– қазақ тілінде, яғни қазақ тілі – болашақтың тілі.  

Орыс тілін білу – тарихи артықшылығымыз. Орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше 

ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымындары мен 

араласатын орталарын кеңейтіп жатыр.  

Ағылшын  тілін  меңгеру  –  жастарға  әлем  танудың  кілті  болмақ.  Ағылшын  тілін  білу 

біздің жастарға шексіз мүмкіндіктер ашады. Ол – жаһанданудың кепілі.  

Өзге  ұлт  өкілдерінің  тілдерін  оқып-білуге,  үйренуге  жағдай  жасау  арқылы  әр  тілдің 

өзіндік ерекшелігін білеміз, салт-дәстүрімен таныс боламыз.  

Ағылшын тілі мен орыс тілін меңгерген азамат шет елде білім алып, ел экономикасымен, 

саяси  ахуалымен,  салт-дәстүрімен,  болмысымен  таныса  алады.  Оны  еліміздің  түрлі 

салаларында  қолданып,  жетістіктерге  қол  жеткізе  алады.  Тілді  білудің  ерекшелігі  де  осы. 

Сондықтан  жастарды  тілге  баулу,  еркін  сөйлеуге  машықтандыру  балабақшада,  мектеп 

қабырғасында, оқу орындарында қолға алынып, жүзеге асылуы қажет. 

Мұндай қоғамды қалыптастыруда білім жеру жүйесінің алатын орны ерекше.  

Білім беру жүйесі 4 деңгейден тұрады.  Ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 

заңымен бекітілген.  

Бірінші деңгейі мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту. Оның келесі білім сатыларында 

алатын орны ерекше.  

 

Ж

ас



ы

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

17

-18 



Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім 

Б



ілі

м

 де



ңге

йле


рі 

 

Докторантура 



Университеттер, академиялар, ҒЗИ – 3жыл 

Аспирантура 

Университеттер, академиялар, ҒЗИ – 2 -3 жыл 

Жоғары білім 

Жоғары ғылыми-педагогикалық 



(Магистр) 

Университеттер, академиялар – 1-2жыл 

Арнаулы жоғары 

 

(Дипломды маман) 



Университеттер,  академиялар, 

институттар – 4-5 жыл 

Базалық жоғары 

(Бакалавр) 

Университет,  академия 

– 4жыл 


 

17

-18 



 

 

 



 

 

 



15

-16 


Орта білім 

Жалпы 



Кәсіптік 

Жалпы  білім  беретін 

мектептер, 

гимназиялар, 

лицейлер, 

10,11(12) 

сыныптар 

Бастауыш 

кәсіптік 

Орта кәсіптік 

Кәсіптік 

мектептер, 

лицейлер  –  2-

3(4)жыл 


Колледждер 

– 3-4жыл 

15

-16 


Негізгі жалпы 

248 

 

10



-11 

Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, негізгі мектептер 

– 5-9 сыныптар 

 

10



-11 

6-



Бастауыш жалпы 

Жалпы білім беретін мектептер, гимназиялар, негізгі мектептер 

– 1-4 сыныптар 

 

5-





Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту 

Мектепалды даярлық 



Отбасы, балабақшалар, жалпы білім беретін мектептер 

Мектепке дейіңгі тәрбие 

Отбасы, балабақшалар, бүлдіршіндер бақшасы 

 

Байқап отырсақ, білімнің негізі отбасы, саябақтар мен балабақшадан бастау алады. Бала 



«Ұяда  нені  көрсе,  ұшқанда  соны  іледі»  дегендей,  алғашқы  сөздерді  қай  тілде  меңгеріп, 

үйренсе, сол тілге жақын тұрады. Мектепке дейінгі  бала сөздік қорын толықтырады, білімін 

жүйелейді, жаңа ілім-білімге ұмтылады. Қазақ тілін және орыс тілін  меңгеріп келген бала, 

білімін  ары  қарай  басқа  тілде  жалғастыруды  қалайды.  Яғни,  баланы,  балабақша  жасынан 

бастап  ағылшын  тілінде  сөйлеуге  бағыттау  керек.  Осы  арқылы  біз  мектеп  жасына  дейінгі 

баланы көптілді меңгерген - көп ұлтты  азаматтын тәрбиелейміз.  

Қазіргі  жас  ұрпақ  –  еліміздің  келешегі.  Бүгінгі  бала-  ертеңгі  еңбек  етуші,  тұтынушы, 

инновациялық технологиялар мен менежметтік басқарудың алып барушысы. Балабақшадағы 

оқу-тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының  бірі – бала тілін ұстартып, жақсы сөйлей 

білуге  үйрете  отырып,  оның  ой-өрісін  дамыту.  Бала  тілді  ертерек  меңгере  бастаса,  оның 

келешегі жеңілірек болатыны мәлім.  

ҚР  мемлекетік жалпыға білім беру стандартының   «Денсаулық», «Қатынас», «Таным» 

«Шығармашылық»,  «Әлеуметтік  орта»    білім  беру    салалары    алуан  түрлі        мәдениет 

шеңберіндегі  құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған.  

 «Қатынас»  білім  беру  саласы  -  ана  тілінің  базалық  құндылықтарын  меңгерген, 

мемлекеттік және басқа тілдерде мәдени- әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасындағы 

ортамен ауызша және ауызша емес  құралдардың көмегімен қатынас жасауға қабілетті мектеп 

жасына  дейінгі  көптілді  тұлғаны  тәрбиелеу    көзделген.      Стандарт  бойынша  алты  жастағы 

балаланың  тілдік  құзыреттілігі  балаланың  жас  ерекшеліктеріне  сай  тілдің  грамматикалық 

құрылымы және тілдің дыбыстық мәдениеті   даму деңгейі талаптар шеңберіннде ана тілінде  

сөйлеу, басқа тіл негізінде  қарастырылған.  

Қазіргі кезде алдында тұрған өзекті мәселе бұл жанжақты дамыған, көп тілді меңгерген 

шығармашылық тұлға қалыптастыру. Баланы шет тілінде қарым-қатынас жасап, сөйлеуге ерте 

жастан бастап үйрету қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Балаларға жас ерекшіліктеріне 

сай  тілді  менгертіп,  басқа  халықтын  мәдениеттерін  әрі  дүниежүзі  мәдениетіне  жол  ашуға 

мүмкіндік береді.      Сондықтан да бүгінгі өскелен уақыт талабына сай білім беруді одан әрі 

жетілдіру  мәселесі  толассыз,  үздіксіз  күн  сайын  өзгеріп  тұрған  әлеммен  бірге  жүрері  

анық.Балабақшада берілген  білім- барлық білімнің бастамасы әрі жан- жақты дамыту түпкі 

негізінен қалайтын орын. Сондықтан да, балалардын ой өрісін үздіксіз  дамыту үшін сабақты 

ойын  арқылы  өткізудің  маңызы  зор.  Дыбыстарды  дұрыс  айту,  үйрету  үшін  артикулясына 

айрықша көңіл бөлеміз,  тілдің, еріннің, тістің, жақтын атқаратын қызметін көрсетіп түсіндіру 

қажет. Мектепке дейінгі балаларды ағылшын тіліне, дыбыстарды дұрыс дыбыстауға үйрету. 

Ағылшын  тілі  сабағында  балалардын  коммуникативтік,  танымдық  және  басқада 

белсенділіктерін  арттыру,  баланың  еркіндігімен,  өзін-өзі  шығармашылық  тұрғысына 

көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз керек. 

Балқаш қаласының «Күншуақ» балабақшасы 2012-2013 оқу жылынан бастап «Мектепке 

дейінгі  балаларды  билингвалдық  білім  үдірісінде  көп  ұлттық  мәдениетіне  тәрбиелеу»  


249 

 

бағдарламасымен  жұмыс  істеп  келеді.  Бағдарламаның  міндеттерін  жүзеге  асыруда 



балабақшамызда  қазақ  тілімен  қатар,  орыс  және  ағылшын  тілдерін    белсенді  меңгеру  үшін 

көптеген  жағдайлар  жасалды.  

 «Балабақшадағы    көптілділік  -  көп  ұлттық  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  барлық 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде    және  күн  тәртібінде  (қабылдау,  серуен,  сюжеттік-

рөлдік  ойын,  дидактикалық  ойын  және  т.б.  )  жүзеге  асырылады.      Мысалы,    қарапайым 

математикалық ұғымдарды қалыптастыруда  балалар үш тілде санайды, экология, қоршаған 

ортамен  таныстыру  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерінде  балалар  жануарлардың, 

көкөністер  мен  жемістерді  үш  тілде  атайды,  музыка  ұйымдастырылаған  оқу  іс-әрекетінде  

балалар    әр  халықтың  билерін  билеп,  әндерін  орындап,  ойындар  ойнайды.  Сонымен  қатар, 

барлық  топта  этникалық  бұрыштар  да  әзірленген.  Онда  ұлттық  киімдегі  қуыршақтар, 

тұрмыстық  заттар,  халық  қолтанбалы  өнер    шығармалары  бар.  Сонымен  қатар,  қазақ  тілі, 

ағылшын тілі  кабинеті, «Достық» мұражайы бар. Кабинеттер  баланың торлыққанды үш тілде 

білім  алуларына    дидактикалық  материалдармен,  оқу-көрнекілік  құралдарымен,  заманауи 

техникалық құралдармен жабдықталған.  Ал, «Достық» мұражайында үш елдің (қазақ, орыс, 

ағылшын) салт-дәстүрін, тұрмыс-салтын, тарихымен танысуға болады.   

Қорыта  келгенде,  Қазақстанның  тілдер  саясатындағы  басты  бағыт  –  тілдердің 

үштұғырлылығы.  Бағдарлама  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  еркін  меңгертуді  көздеп 

отыр.  Көпұлтты  мемлекет  үшін  бұл  қалыпты  жағдай.    Тілдердің  бірлік  пен  үйлесімде  өмір 

сүруі  және  бір-бірін  ығыстырмауы  тілдер  гармониясын  құрып,  солай  аталып  та  жүр. 

Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге 

ден  қойылуда.  Алайда,  Қазақстан  жерінде  тұратын  азаматтардың  басын  біріктіретін  тіл 

ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап 

етіп отырған жағдай.  Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан 

басталуы тиіс. Бұл заман талабы». 



 

 

Қолданылған әдебиеттер: 

1.

 



Ақиқат. 2013 жыл, №1. «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа 

саяси бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 

жолдауы 

2.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелерімен) 

және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. Алматы. – «Дастан» баспасы, 2000 – 336бет. 

3.

 

 Әбдуәли Т.Үштұғырлы тілден түңілмейік // Жетісу, №31. 2008 



 

 

АДАПТАЦИЯ ДЕТЕЙ К ДЕТСКОМУ САДУ 

 

 

КГКП  д/с «Ертөстік» 



Педагог-психолог  Жусупова Д.С., Мукушова Г.С. 

 

 



Адаптация детей к детскому саду очень серьёзный период для каждого ребенка.  Для 

ребенка  детский  сад  является  новым,  еще  неизвестным  пространством,  с  новым 

окружением и новыми отношениями. Когда ребенок впервые приходит в детский сад, у него 

происходит  ломка  привычек,  перестройка  всех  его  отношений  с  людьми.  Резкая  смена 

условий  нередко  сопровождается  тяжелыми  переживаниями,  снижением    речевой  и 

игровой активности, сказывается на здоровье, и адаптация протекает зачастую болезненно. 

Новая обстановка, новое окружение выводит ребенка из равновесия и нередко вызывает у 

него  бурные  реакции.  Наша  задача,  чтобы  адаптационный  период  у  каждого  ребенка 

протекал  нормально,  помочь  ребенку  безболезненно  переступить  порог  детского  сада 


250 

 

нужно своевременно организовать подготовку к приему новичков, проявлять больше ласки, 



заботы, внимания к ним, постоянно поддерживать у них хорошее, бодрое настроение. 

Для  того  чтобы  адаптационный  период  протекал  нормально  необходимо 

проконсультировать родителей. Родители должны  рассказать своему  ребенку,  что  такое 

детский сад, зачем туда ходят, и почему вы хотите, чтобы ваш малыш пошел в сад.  Проходя 

мимо детского сада, с радостью напоминайте ребенку, как ему повезло - скоро он сможет 

ходить в детский сад. Рассказывайте родным и знакомым в присутствии ребенка о своей 

радости, гордитесь своим ребенком, ведь он уже большой и скоро будет ходить в детский 

сад. Родители могут подробно рассказать ребенку о режиме детского сада: что, как и в какой 

последовательности,  он  будет  делать.  Чем  подробнее  будет  ваш  рассказ,  и  чем  чаще  вы 

будете его повторять, тем спокойнее и увереннее будет чувствовать себя ваш ребенок, когда 

пойдет  в  детский  сад.      Научите  малыша  знакомиться  с  другими  детьми,  обращаться  по 

имени,  просить,  а  не  отнимать  игрушки.  Разработайте  вместе  с  ребенком  несложную 

систему прощальных знаков внимания, и ему будет проще отпустить вас. 

Помните,  что  на  привыкание  ребенка  к  детскому  саду  может  потребоваться  до 

полугода. Рассчитывайте свои силы, возможности и планы. Лучше, если на этот период у 

семьи  будет  возможность  подстроиться  к  особенностям  адаптации  своего  малыша.  В 

присутствии  ребенка  избегайте  критических  замечаний  в  адрес  детского  сада  и  его 

сотрудников. Никогда не пугайте ребенка детским садом. 

В  период  адаптации  эмоционально  поддерживайте  малыша.  Теперь  вы  будете 

проводить с ним меньше времени, компенсируйте это качеством общения. Чаще обнимайте 

ребенка.  Если  через  месяц  ваш  ребенок  не  привык    к  детскому  саду,  проверьте  список 

рекомендаций и попытайтесь выполнить те рекомендации, о которых вы забыли. 

Для того  чтобы удостовериться насколько успешно проходит адаптация у ребенка, 

мы поставили несколько задач:   

1  задача  -  установить  с  ребенком  такие  отношения,  чтобы  педагог  стал  для  него 

близким человеком. 

Показатель того, что цель достигнута: 

-ребенок охотно идет от матери к воспитателю; 

-улыбается, радуется, когда его видит; 

-обращается к нему за помощью; 

2 задача: помочь ребенку привыкнуть к новой для него обстановке и ориентироваться 

в ней. 


Показатель достижения цели: 

-ребенок знает расположение и назначение комнат; 

-знает, где находятся предметы его личного пользования; 

3 задача: помочь ребенку как можно лучше и быстрее привыкнуть к новой для него 

организации жизни. 

Показатель достижения цели: 

-ребенок легко подчиняется режиму; 

-в течение дня сохраняет хорошее настроение; 

4 задача: помочь ребенку установить правильные взаимоотношения со сверстниками. 

Показатель того, что цель достигнута: 

-ребенок с желанием играет с детьми; 

-спокойно относится к тому, что его обслуживают не первым и играет с игрушками 

не только он. 

Степени адаптации ребенка к условиям детского сада: 

Легкая адаптация - ребенок спокойно входит в группу, внимательно осматривается, 

прежде  чем  остановить  свое  внимание  на    чем-либо.  Он  смотрит  в  глаза  незнакомому 

взрослому, когда тот к нему обращается. Ребенок вступает в контакт по своей инициативе, 

может  попросить  о  помощи.  Умеет  занять  себя  сам,  использует  в  игре  предметы-

заменители, настроение бодрое или спокойное, пантомимика выразительная, эмоции легко 


251 

 

распознаются.  Ребенок  придерживается  установленных  правил  поведения,  адекватно 



реагирует  на  замечание  и  одобрение.  Он  умеет  играть  рядом  с  другими  детьми, 

доброжелателен к ним. 

Адаптация  средней  тяжести  –  ребенок  вступает  в  контакт,  наблюдая  за 

привлекательными  действиями  воспитателя.  Напряженность  первых  минут  постепенно 

спадает,  ребенок  может  вступать  в  контакт  по    своей  инициативе,  может  развернуть 

игровые  действия.  На  замечания  о  поощрения  реагирует  адекватно,  может  нарушать 

установленные правила и нормы поведения. 

Тяжелая адаптация – контакт с ребенком удается установить только через родителей. 

Малыш  переходит  от  одной  игрушки  к  другой,  ни  на  чем,  не  задерживаясь,  не  может 

развернуть  игровых  действий,  выглядит  встревоженным,  замкнутым.  Замечания  или 

похвала  воспитателя  оставляют  ребенка  либо  безучастным,  либо  он  пугается  и  ищет 

поддержку у родителей. 

Очень  тяжелая  адаптация  –  с  ребенком    не  удается  установить  контакта.  Родители 

находятся в слиянии с ребенком, сомневаются в том, что он  сможет  освоиться в детском 

саду.  Часто  родители  авторитарны,    вступают  в  конкуренцию  с  воспитателями, 

демонстрируют свою сверх компетентность во всех вопросах.  

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет