Дамудың туа біткен ақаулары Ақпаратты-дидактикалық блок



бет2/4
Дата20.04.2023
өлшемі66,82 Kb.
#84826
1   2   3   4
Даму ақауларының сызбасы
ДТБА жіктелуі:
- кездесу жиілігі бойынша:
Кең таралған ( жаңа туылған нәрестелерде 1:10000 жоғары )
Жиі таралған (жаңа туылған нәрестелерде 0,1-0,99:10000)
Сирек кездесетін (0,01:10000 төмен)
Жаңа туылған нәрестелер арасында ДТБА кездесу жиілігі- 600:10000 немесе 6%
- этиологиясы бойынша:
Тұқым қуалайтын (гендік 20%және хромосомалық 25%)
Экзогенді немесе сыртқы орта факторлары (тератогендік, анасының аурулары)-8%
Мультифакторлы немесе көптік-32%
Идиопатиялық немесе себебі анықталмағандар -15%
- аурудың ауырлығына байланысты:
Летальды-0,6%
Жартылай летальды немесе ауырлығы орташа-1,9-2,5%
Дамудың аз аномалиялары немесе микробелгілер-3%
-көрініс беруіне байланысты:
Оқшауланған- бір мүшеде 
Жүйелік-бір мүшелер жүйесінде
Көптік- бірнеше мүшелерде орналасқан.
- даму сатыларына тәуелді пренатальды онтогенездiң барлық ақаулықтары: гаметопатия, бластопатия, эмбриопатия және фетопатия. 
Гаметопатиялар – ұрықтануға дейін ата-аналарының гаметаларындағы мутацияларға байланысты пайда болады. Бұл өзгерiстер спонтанды түсікке және тұқымқуалайтын ауруларға әкеледi. 
Бластопатиялар - ұрықтанудан кейiнгі алғашқы 2-ші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Осы кезеңде зақымдану факторының әсерiне ұрықтың жауап беру “барлығы немесе ештеңе” принципімен, яғни ұрық тiршiлiгiн жояды немесе репаративтiк қабiлетi жоғары болса, әсер еткен факторларды “сезбей”, арықарай дамиды. Бластопатияға қосарланған ақаулықтар, циклопия, сиреномегалия.
Эмбриопатия – жүктіліктің 16 тәулігінен бастап 8- аптасының аяғына дейiнгi уақыттағы тератогенді факторлардың әсерінен ұрықтың зақымдалуы. Бұл кезеңде онтогенездің барлық негізгі жасушалық механизмдері: пролиферация, миграция, адгезия, апоптоз жүріп жатады, олардың іске қосылуы және өшіруі нақты бір гендермен бақыланады. Зақымдаушы факторлардың әсерінен осы кезеңде жүретін онтогенездің кез-келген механизмдерінің бұзылуынан ДТБА пайда болады. Мәселен, жасушалардың пролиферациясының бұзылуы мүшенің гипоплазиясы немесе аплазиясына, дизрафия немесе таңдай және ерін жырығына, жүйке түтігінің дефектілеріне алып келеді. Жасушалардың миграциясының бұзылулары агнезиялар, гетеротопияларды қалыптастырады. Мысалы: лиссэнцефалия (мидың жұмсаруы). Апоптоздың бұзылуы ішектің бітелуіне және синдактилияға әкеледі. \


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет