Байланысты: Туа біткен даму ақаулары ақпараттық блок
Фетопатиялар – жатырiшiлiк дамудың 9-аптасынан бастап туылғанға дейінгі зақымдаушы факторлардың (тератогендік) әсерінен нәрестеде қалыптасқан, эмбриопатияға қарағанда сирек кездесетін ақаулықтар. Осы кезде егер мүшелердiң дамып жетiлуi аяқталмаса, онда шынайы ақаулықтардың қалыптасуы мүмкiн. Фетопатияға мүшелер қызметтерінің бұзылулары: урахус- несепағардың бiтiспеуi, боталов өзегі- ашық артериальды өзек, крипторхизм – аталық бездің ұмаға түспеуі, бүйрек ақаулықтары, жамбастық бүйрек, қант диабетіндегі интоксикация –диабеттік фетопатия, алкогольды пайдалану алкогольдік фетопатияға жатады.
Әр түрлi факторлардың әсерiне сезiмтал онтогенездiң кезеңдерiн - қауiптi, ал оған зиян келтiретiн факторларды тератогендi факторлар деп атайды.
Қатерлі кезеңдерді зерттеуде П.Г. Светлов, дифференциация, детерминация кезеңдері онтогенездің қатерлі кезеңдеріне сәйкес келетіндігін көрсетті.
Әртүрлі мүшелердің қауіпті кезеңдері бір-бірімен уақыты бойынша сәйкес келмеуі мүмкін. Ұрықтың дамуының бұзылу себебі, сол уақытта әсер ететін факторлардың әсеріне сезімталдылығы жоғары болуы мүмкін. Сондықтанда қалыптасып біткен мүшеге қарағанда, қалыптасып жатқан мүше патогендік факторлар әсеріне сезімталдылығы жоғары болады. Сондықтанда әртүрлі факторлар бiрдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкiн. Әрбір мүшенің өзіне тән қауіпті кезеңдері болады. Әртүрлі мүшелердің зақымдаушы әсерлерге сезімталдылығы эмбриогенездің кезеңдеріне байланысты болады. Адам антенатальды онтогенезінің үш қауіпті кезеңдерін ажыратады:
Имплантация - бұл ұрықтанғаннан кейiнгі 6-7 тәулiк немесе жүктіліктің бірінші апта соңында және екінші апта басында ұрықтың жатырдың кiлегей қабатына енуi.
Плацентация – жүктіліктің үшініші мен алтынша апта аралығында плацентаның түзiлуi, ұрықтанғанан кейiнгі 14-15 тәулiк.
Туылу – жүктіліктің 39-40- апталары.
Имплантация кезіндегі зақымдаушы тератогендiк факторлардың әсері ұрықтың ерте өлiмiне немесе түсікке әкеледi. Патогендік факторлар әсерінен және ірі тұқым қуалайтын аномалиялардың себебінен, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының 50—70 % дамымай қалады.