Тератогенез– зиянды орта факторларының (радиация, химиялық қосылыстар, дәрілік препараттар, инфекциялар ) әсерінен ұрықта даму ақаулықтарының пайда болуы. Тератогенездің негізгі үш шарты бар:
Бір типті тератогендер дамуыдың әртүрлі мерзімінде әртүрлі аномалиялар тудырады.
Әртүрлі тератогендер бiрдей паталогиялық өзгерістер тудыруы мүмкiн
3. Аномалиялар типтері тератогендердің әсер ету кезеңдері мен ұрықтың даму сатыларына
тәуелді болады.
Тератогенді факторлар– ұрықтың дамуына зиянды әсер ететін факторлар: Оған жататындар:
Анасының аурулары (ФКУ, қант диабеті, жүктіліктегі токсикоз, эпилепсия);
Инфекциялар (қызылша вирусы, герпес, цитомегаловирус, созылмалы инфекция: токсоплазмоз, сифилис);
Химиялық заттар (дәрілік препараттар): тератогендік әсері бар заттар (жүктілікті үзуге арналған, түсікке қарсы препараттар, гормондар -андрогендер, құрысуға арналған препараттар, седативті және транквилизаторлар, ісікке қарсы препараттар, антибиотиктер (стрептомицин, тетрацикилин), қан ұюға қарсы, қан қысымын төмендететін, антитреоидты. А текті дәрумендер, талидомид);
Физикалық (иондаушы сәулелер, жоғары температура, шум, шаң-тозаң, жоғары физикалық жүктеме);
Анасының зиянды әдеттері (темекі шегу, алкоголды, наркотикті қолдану).
Тератогендік және мутагендік факторлардың арасында белгілі байланыстардың болуы себебі, кейбір тератогендік факторлар мутагенді болып табылады, яғни жасушаның генетикалық аппаратының өзгеруіне алып келеді.
ДТБА зерттеу барысында плейотропиялық феномен байқалады. Құрсақтағы даму сатысының әртүрлі кезеңінде негізгі патоген эмбрионның әртүрлі бөлігіндегі бір жүйеде немесе оданда көп мүшелер жүйесінің құрылысында аномалияларды тудырғанда ғана ДТБА плейотропиялық жағдайда көрініс береді. 1. Мутантты ген де, тератогенде патоген бола алады. ДТБА плейотропияның көрініс беруінің екі механизмі бар:1) егер мутантты ген немесе тератогендер көптеген аномалиялар тудыратын болса – синдромдар деп аталады. 2) егер сол агент бір уақытта тек бір жүйенің мүшесіне әсер етіп, оны бұзып, екіншілік дефект плейотроптық ақаулар тудыратын болса–бұл реттікдеп аталады.