─ Сынды қауып айтпай, тауып айта білу кез келген сыншы-
ның қолынан келе ме?
─ Әдебиеттану ғылымының негізгі құрамдас үш бөлігі бар.
Олар: әдебиеттің тарихы, теориясы, сыны. Осылардың ішінде ең
қиыны да, айкай-шуы көбі де — әдебиеттің сыны. Өйткені, ол өз
заманының әдебиетін, әдеби өмірін зерттейді, замана тұрғысынан
баға береді. Ол үшін сыншы әрі ғалым, әрі публицист, әрі идеолог,
әрі замана үнін білдіретін, көркем әдебиеттің қыр-сырын жетік
сезінетін, өнердің өзіндік сыр-сипатын жақсы білетін, замана ру-
хын түсінетін, сол арқылы көркем өнерді бағалай білетін дарын
иесі болуы керек. Сыншы өз заманының құлағы, көзі болуға тиіс.
Сондықтан қай кезеңде болсын сыншы болу оңай емес. Шындық-
ты тауып тұрса да батыл айта алмайтын кез болады. Кеңес үкіметі
тұсында коммунистік партия өз билігін нығайта түсу мақсатында
көркем әдебиетті өз мүддесіне барынша пайдаланып отырды. Сон-
дықтан сыншының бір жағында билік, екінші жағында әдебиет
түрады. Бұл оңай шаруа емес. Міне, осындай себептерге байла-
нысты оқырман қауым көп жағдайда бүркемелеп, күмілжіңкіреп
айтылған сынға көңілі тола бермеді. Кезінде Белинскийлер халық
көңілінен шыға біліп, ұлы сыншы атанды. Қазақ әдебиетінде мұн-
дай жағдайлар өте сирек кездесті. Бізде идеологиялық тұрғыдан
бағалау басым болды. Бұл кеңестік дәуірдегі әдеби сынның басты
кемшілігі еді. Ал бүгінгі таңда идеологиялық қысым жоқ. Еліміз
тәуелсіздік алған тұста нағыз көркем әдебиет енді туады деген ма-
қалалар жарияланды. Қара қылды қақ жаратын сын пайда болады
деген әңгімелер өрбіді. Бірақ, өкінішке орай, бұл үміт ақталмады.
Неге? Оның бірнеше объективті, субъективті себептері бар. Сын
болу үшін біріншіден, көркем әдебиет болуы керек. Ұлы пікір айту
үшін ұлы шығармалар дүниеге келуі қажет. Міне, он бес жылдан
асып кетті, бірақ ұлттық әдебиетімізде айта қаларлықтай оқиға
дерлік көркем шығарма әлі күнге дейін туа қойған жоқ.
Аласапыран заманда өмірдің ақиқатын көркем тілмен меңгеру
кез келгеннің қолынан келе бермейді. Тарихи тақырыпқа көркем
шығарма жазудан гөрі бүгінгі күннің тыныс-тіршілігін бағалап
жазу әлдеқайда күрделі де қиын. Оның байыбын, өміршеңдігін
ажырату белгілі бір уақыт еншісінде. Бір сөзбен айтқанда, бүгінгі
өмірді көркем шығармаға енгізуге жазушыларымыздың шамасы
жетпей жатыр. Көркем әдебиет болмағасын, мықты әдеби сын да
болмай тұр.
Ал екінші бір себебі, қазіргі біздің заманымызда көркем әде-
биеттің қоғамдағы рөлі төмендеп кетті. Әдебиет халықтың көзі,
құлағы деп білсек, бүгінде ол далада қалғандай. Қазақстанның
Жазушылар одағы кәсіподақ ұйымы іспеттес. Руханияттағы же-
текшілік рөлі бәсеңсіді. Көркем әдебиет заман көшінен қалмауға
тиісті.
367
Ұлттық идеалдарды насихаттау мемлекеттік, ұлттық тұрғыдан
кемшін қалып жатыр. Ұлттық идеологиядан бұрын қазақстандық,
яғни біздің елімізде тұратын ұлттардың мүддесі басымдық таны-
тып тұр. Қазақтың есебінен, қазақтардың намысы тапталып, басқа
ұлттардың сойылын соғуға болмайды. Өзге ұлт өкілдеріне сыйлас-
тықпен қарау керек. Ал қазақ халқының мүддесі бәрінен жоғары
тұруға тиісті. Көркем әдебиет бірінші кезекте қазақ ұлтына қызмет
етуі қажет. Отанын, жерін, тілін, мөдениетін сақтап, қорғап қалу-
ға қызмет еткені жөн. Мемлекетгік, қоғамдық тұрғыдан ұлттық
құндылықтарға жанашырлық керек. Өкінішке орай, қазіргі күнде
идеалымыз дүниеге, байлыққа табыну болып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |