2. Бүгінде Алашордалықтар аңсаған тәуелсіздікке қанша-
лықты қол жеткіздік деп ойлайсыз?
Кезінде осы жолға өмірін арнап, күресіп, өз ұлтын тәуелсіздік-
ке бастағаны үшін құрбан болған алашордашылар аңсаған шын
мәніндегі тәуелсіздік бізде әлі күнге дейін жоқ. Заң жүзінде бол-
ғанымен де, іс жүзінде басқаша. Әсіресе Қазақстанның солтүстік
өңірлерінде ұлттық бағытта айтарлықтай өзгерістер бола қойған
жоқ; тәуелсіздіктің нышандары байқала бермейді. Бізде заң жүзін-
де бәрі бар да тіліміз де, ісіміз де орысша болып тұр.. Осылай-
ша болуының бірнеше обьективтік және субьективтік себептері
бар. Соның негізгілері билік басында орыс тілділердің отыруы, ал
«орыс тәрбиесін алған бала ұлт қызметкері бола алмайтындығы»
(Ж. Аймауытов), қазақтардың республика халқының абсолютті
көпшілігін құрай алмауы, Ресей тарапынан күні бүгінге дейін
саяси қысым жасаудың тоқтамауы, т. б. Оның үстіне орыс отар-
шылдығынан есімізді жия алмай, құтыла алмай жатқанда, одан
да күщті, одан да қарқыны қатты Батыстан бастау алған әлемдік
жаһандануға тап болдық. Қазіргі қазақ халқы екі жақты жаһанда-
нудың қыспағында қалып отыр. Бұлардан аман қалу біздің қазақ
екендігімізге, ұлт екендігімізге үлкен сын болып тұр.
«Мемлекеттің атауы «Қазақ республикасы» болмайынша, елдегі
барша жұртшылық қазақ халқының төңірегіне ұйыспайынша, ке-
лешегіміз күңгірт болмақ. Кез-келген елде негізгі ұлт болады және
басқа диаспоралар соның маңына топтасады, сөйтіп оның ұлттық
мемлекет құруына көмектеседі» (Р. Бердібай).
Әр қазақ күнделікті тіршілікте өзінің адам, адам болғанда да
анау-мынау емес, қазақ екендігін қазақша сөйлеу, ұлттық рухани
құндылықтармен, әдет-ғұрып, салт-дәстүрімен өмір сүру арқылы
дәлелдеп, сонысын мақтаныш тұтқанда, саяси билік өзінің мемле-
кеттігін құрған қазақ ұлтының, одан қалды бірге өмір сүріп жатқан
басқа да ұлттық диаспоралардың мүддесіне қалтқысыз қызмет
еткенде барып қана шын мәніндегі тәуелсіздік орнайды. Әзірше
осы шынайы тәуелсіздікке қол жеткізу жолындағы мәңгілік май-
дан жалғасуда.
Достарыңызбен бөлісу: |