Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


  Алаш  қайраткерлерінің  еңбегі  қаншалықты  бағалануда



Pdf көрінісі
бет187/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191
3.  Алаш  қайраткерлерінің  еңбегі  қаншалықты  бағалануда 

(зерттеліп, насихатталуда)?

    ХХ  ғасырдың  басындағы  алаш  қозғалысы  бұрын  жабық  та-

қырып  болып  келсе,  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  біршама  зерт-

телді  деуге  болады.  Алаш  қозғалысы  К.  Нұрпейісовтің,  М.  Қой-




401

гелдиевтің, Т. Омарбековтің,  Ә. Қараның,  Қ. Бегмановтың т. б. 

зерттеулерінде тарихи, саяси, Б. Кенжебаевтың, Т. Кәкішевтің, Ш. 

Елеукеновтің, Р. Нұрғалидың, Ө. Әбдімановтың, А. Ісмақованың, 

Д. Қамзабекұлының, Р. Тұрысбектің, А. Шәріптің, С. Аққұлыұлы-

ның, Р. Имахамбетованың, т. б. еңбектерінде әдеби тұрғыдан бір-

шама зерттелінді. Қазір алаш қозғалысының қазақ халқының ұлт-

азаттық тарихында, саяси, қоғамдық, ғылыми ой-пікір дамуында 

алатын орнын анықтаған бірсыпыра зерттеулер жарық көрген.     

Мен де осы тақырыптың аясында біршама іздендім. «Әдебиет 

алыптары», «Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған» (Мағжан) секілді мо-

нографиялық  зерттеулерім  алаш  әдебиетінің  ірі  өкілдерінің  шы-

ғармашылықтарын зерделеуге арналды. «Әдеби сын тарихы» атты 

көлемді  еңбегімде  алашшыл  әдебиет  қайраткерлерінің  сыншыл 

ой-пікірлері кеңінен сараланды.

Алаш әдебиеті бағытында ізденістер жасау барысында алаш қоз-

ғалысы  шын  мәніндегі  қазақ  халқын  тәуелсіздікке  бастаған  ұлт-

азаттық қозғалыс болғандығына, алаш қайраткерлерінің қоғамдық 

өмірдің  заңдылықтарын  жан-жақты  меңгерген,  сол  негізде  қазақ 

халқының болашақ даму бағыттарын белгілеп, не істеп, не қою ке-

ректігін айқындап берген ұлттық бағдарлама, яғни ұлттық идеоло-

гиямыздың негізін салғандығына көзім жетті. 

Біз әлі күнге дейін әртүрлі себептермен ашық түрде ұлттық идео-

логияны басшылыққа ала алмай келеміз. Енді-енді «Мәңгілік ел» 

боламыз деп жатырмыз ғой. «Мәңгілік елдің» өзегі ұлттық идеея-

лар болуы керек. Десек те кезінде алашшыл азаматтар іргесін қа-

лап кеткен алашшыл идеялардың негізіндегі мемлекетіміздің сара 

жолда  дамуын  қамтамасыз  ететін  ұлттық  идеологияны  бағдарға  

алып, тілде,  пікірде, істе бір болып, әлемдік өркениеттегі қазаққа 

тиесілі орынды алуға жұмылатын кез келген сияқты. 

Қорыта  айтқанда,  алаш  қозғалысы  біршама  зерттелініп,  өзіне 

лайықты  бағасын  алды  десек  те,  алаштық  идеялардың  әрбір  қа-

зақтың  құлағына кіріп, миына сіңіп, жүрегіне ұялап, ұлттың қоз-

ғаушы күшіне айналу жағы жетісіңкірей бермей жатыр. Бұл мақ-

сатқа жету  үшін алаштық идеяларды насихаттау жағы күшейіп,  

мектептерде, жоғары оқу орындарда алаш әдебиеті, алаш қайрат-

керлерінің  өмір  жолдары  кеңінен  оқылуы  керек.  Алаштық,  яғни 

ұлттық, халықтық өміршең идеяларды насихаттайтын бұқаралық 

шаралар жиі өткізіліп тұруы қажет. Сонда ғана барып, әлем таны-

ған іргелі ел бола аламыз. 

Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні,  алаштық  идеяларға  негіз-

делген ұлттық идеологияның ресми түрде қазақ елінде басшылық-

қа алынып, жүзеге асырылуы  ұлтымыздың жарқын болашағының 

бірден-бір кепілі болмақ.  

                                                         «Аңыз адам», №24, 2014ж.



402



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет