Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет185/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

«Қазақ үні», 10.06.2014ж.

                             




398

«МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ»  ӨЗЕГІ 

ҰЛТТЫҚ, АЛАШШЫЛ ИДЕЯЛАР

 БОЛУЫ КЕРЕК

 

 

1.  Алаш  қозғалысы  өзінің  тарихи  миссиясын  қаншалық-



ты атқара алды? Алаш үкіметінің қай идеясы әлі күнге дейін 

өзекті деп ойлайсыз?

1. Алдымен, «алаш» атауының терминдік мағынасын айқындап 

алған  жөн  сияқты.  «Алаш»  атауын  біз  әдетте  халық,  ұлт    мағы-

насында қолданып жүрміз. Шын мәнінде, «алаш» сөзі бауырлас, 

қандас  халықтар дегенді, «туысқан түркі халықтары» ұғымын да 

білдіреді. Түрік ғалымдары «алаш» терминін жалпы «түркі тектес 

халықтар» мағынасында қолданады. Біз «алаш» атауын көбіне осы 

бірінші  мағынасында  қолданып  жүрміз.  ХХ  ғасырдың  алғашқы 

ширегіндегі қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстың «алаш» 

атануы да сол себептерден болса керек. Мұнымыз алаш қозғалы-

сының түркілік сыпаты болмады,  тек қазақтың мүддесін ғана қор-

ғаған ұлттық деген емес. Бұл жерде алашшыл Мағжан Жұмабаев 

сынды  ұлт  ақынының  «Алыстағы  бауырыма»  өлеңін  жазып,  со-

ғыста қансырап жатқан түріктерге бауырластық сезімін білдіргені 

сияқты түркішілдік жалғасып жатқанымен де қозғалыстың негізгі 

мақсаты орыс отаршылдығындағы қазақ халқының ұлттық азатты-

ғына қол жеткізу жолындағы, яғни ұлт-азаттық қозғалыс болған-

дығын баса айтқымыз келеді. 

1917 жылы ақпан төңкерісінен кейін Ресей империясының әлсі-

реген  кезін  пайдалана  білген  қазақ  зиялылары  алаш  қозғалысын 

құрды. Осы жылдың соңына қарай Орынбор қаласында өткен қа-

зақ  құрылтайында  қазақ  автономиясы  құрылғанын  жариялады. 

Оны басқаратын Уақытша Ұлттық Кеңес құрылып, ол «Алашорда» 

атанды. Осы құрылтайда қабылданған бағдарламада болашақ қа-

зақ мемлекетінің қандай болатындығы нақтыланып, тәуелсіздіктің 

негізгі бағыттары айқындалды. Бірақ та кеңес өкіметінің алғашқы 

кезеңінде  жүрген  Азамат  соғысы  барысында  түрлі  себептермен 

алашордашылар жеңіліп, олардың  алға межелеген тәуелсіздік ар-

мандары жүзеге аспай қалды. Осындай жағдайға қарамастан, олар 

қабылдаған алаштық идеялар өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, қазақ 

халқын болашаққа бастаған ұлттық идеологияның негізіне айна-

лып келеді.  




399

Жеке  мемлекет  болу  үшін  алдымен,  ұлттың  өмір  сүретін,  өсіп 

өнетін  үйі,  яғни  жері,  территориясы  болу  керек.  Алашордашы-

лардың саяси бағдарламасында қазақтардың ғасырлар бойы өмір 

сүріп келе жатқан ата-баба мекені, жер асты, жер үсті байлықтары 

түгелдей    қазақ  елінің  меншігі  болуы  тиіс  деп,  айқындалды.  Ол 

жерді сатуға, не болмаса басқалардың қоныстануына беруге бол-

майтындығы айтылды. 

Шындығында да өз елінің жеріне, табиғи байлықтарына ие бола 

алмаған, оның игілігін көре алмайтын халықты, немесе мемлекетті 

тәуелсіз деу қиын. Мәселеге осы тұрғыдан келгенде, мені респуб-

ликамыздағы халық байлығы саналатын жердің қалталыларға са-

тылып кетуі, кен орындарының, завод-фабриктердің жат жұрттық-

тардың иелігіне берілуі сияқты түптің түбінде қазақты мекенінен, 

тіршілік  қорынан    айырып,    ұлт  тәуелсіздігіне  қауіп  төндіретін 

жағдайлар мазалайды. 

Екінші бір ұлт тәуелсіздігі үшін аса маңызды  мәселе –  тіл. Тіл 

– ұлттың негізі. Тіл жойылса, ұлт та жойылады. Сондықтан да ала-

шордашылар  қабылдаған  бағдарламада  қазақ  автономиясында  іс 

қағаздары, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының барлығы  да қазақ 

тілінде  жүреді  деп,  көрсетілген  еді.  Алаш  көсемдерінің  бірі  А. 

Байтұрсынов «...әр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу. 

Солай болған соң, бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, 

политикадан  алыс  боларға  керек,  яғни  қазақтың  діні,  тілі  жазуы 

сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек...Әуелгі үш жыл-

да бала кілең қазақша оқу керек...  Бастауыш мектепте кілең қазақ 

тілінде үйретілетін нәрселер: оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы 

есеп,  жағрапия,  шаруа-кәсіп,  жаратылыс  жайы»;  «Әуелі  біз  елді 

түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек. Неге десек, бо-

лыстық та, билік те, халықтық та оқумен түзеледі. Қазақ ісіндегі 

неше түрлі кемшіліктің көбі түзелгенде, оқумен түзеледі» деп, ай-

тудайын-ақ айтып кеткен. Мұндай пікірлерді алашшыл азаматтар-

дың барлығы да айтқан. 

Қазіргі  Қазақстанның  заң  жүзіндегі  мемлекттік  тілі  саналатын 

қазақ тілінің жағдайы сын көтермейді. Еліміз тәуелсіздігін алған-

нан кейін міндетті түрде жүруі тиіс отарсыздану үдерісі жүрмеді.  

Соның салдарынан күні бүгінге дейін билік басында ана тілінен, 

ұлттық атаулыдан жұрдай орыс тілділер отыр. Олар  бұрынғы ба-

ғытынан айныр емес: биліктің тілі, іс қағаздарының тілі  орысша; 

қазақ балаларының 30  пайыздайы әлі орыс мектептеріне барады; 

ұлттық мәдениеттің өрісі тарылып, Батысқа табынушылық күшейе 

түсуде; әлемде қанша дін, діни ағым  болса, соның барлығы дерлік 

Қазақстанға келіп, ұя салып, күшейіп, дәстүрлі дінімізді тықсыра 

бастады...  Осыларың  барлығы  да  қазақ  ұлтын,  қазақ  мемлекетін 

құрдымға қарай жетелеп, болашағына қауіп төндіруде. 



400

Қазақстан қазақ ұлты құрған мемлекет екендігі рас болса,   кезін-

де алаш қайраткерлері көрегендікпен айтып кеткен осы ең негізгі 

міндеттер  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Әйтпесе,  әлемдегі  барлық  тіл-

дерді, мәдениеттерді, ұлттарды шетінен біртіндеп жұтып келе жат-

қан жаһанданудың жұмырына жұтылып кетуіміз хақ.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет