– Сіздің ойыңызша, ел Тәуелсіздігін сақтаудың жолдары қан-
дай?
– Тәуелсіздікті сақтап қалудың жолдары көп. Оның негізгісі – Ұлт-
қа қалтқысыз қызмет ету керек. Ұлтты күшейту керек. Қазақ халқы
үш жүз жылға жуық Ресейдің отары болды. Осы үш ғасырдың ішін-
де қазақ халқының ұлттық иммунитеті барынша әлсіреді. Иммунитет
әлсіреген кезде, ол ұлт түрлі жағымсыз нәрселерді бойына көп сіңі-
ре береді. Яғни, бұл ұлттық сана-сезімі төмендеген деген сөз. Міне,
тәуелсіздік алған соң, біз әлсіреп жатқан иммунитетті қалпына келтіре
алмадық. Бізде, отарсыздану саясаты, ұлттық сана-сезім қалыптасты-
ру саясаты жүрген жоқ. Ал, орыстану бағытынан құтыла алмай жатқан
кезде, ағылшындану саясаты басып кетті. Қазір ұлттық саясатымызды
батыстық, орыстық кереғар дүниетаным басып тұр. Кейде біздің бас-
шылар ойланбай, балабақшаларда үш тілді оқытуды қолға алып отыр.
Осы тұрғыдан келгенде, ұлт мықты болуы үшін, ең алдымен, оның тілі
мықты болу керек, сол тілі арқылы қалыптасатын дүниетанымы мық-
ты болуы керек! Бізде қазір екі үлкен қауіп бар. Біріншісі – тіліміздің
шубарлануынан құтыла алмай келеміз. Қазақ тілінің үндестік заңы
барынша бұзылған, орысша көп сөйлегендіктен қазақ тілінде жоқ
дыбыстар пайда болған. Тіпті, қазақ тілінің өзіндік дыбысы, өзіндік
ырғағына дейін бұзылған. Мұның басты себебі, орыстың ырғағымен,
екпінімен сөйлейтін жағдайдамыз. Міне, тәуелсіздік алғаннан кейін,
орфоэпия, орфография мәселелерін шешіп алуымыз керек еді. Екінші
мәселе, батыстық ықпалдың күшеюі арқасында күн сайын ағылшын-
дану саясаты жүргізіліп жатыр. Батыс қуатты экономикаға, ауыр ин-
дустрияға арқа сүйеп, үлкен корпорациялардың демеушілігімен бүкіл
әлемнің ақпараттық жүйесін жасаған. Бүкіл әлемді қазір осы батыс-
тық электронды тораптар қоршап алып, бұғаулап, қысып келе жатқан
сияқты көрінеді. Осы жерде мен бір мәлімет айта кетейін. Бұдан тура
бір ғасыр бұрын Ахмет Байтұрсынұлы «Әлхамдулилла, алты миллион
қазақпыз!» деген екен. Сол кезде Англияда алты миллион ағылшын
тұрған көрінеді. Қазір Англияда – алпыс миллион, Қазақстанда он
жеті миллион адам тұрады. Қазақтың тілі Қазақстанда ғана мемле-
кеттік тіл, ал, ресми тіл орыс тілі мемлекеттік салада көбірек қолданы-
лып жүр. Ал, ағылшын тілі қазіргі таңда алпыс бір елде мемлекеттік
тіл статусын иеленіпті. Әлем халқының миллиардқа жуық тұрғыны
ағылшын тілінде сөйлейді. Келесі жылы әлем халқының тең жартысы
ағылшын тілінде сөйлейді деп күтілуде. Міне, осындайда не істеуге
болады? Менің ойымша, ең алдымен, тіліміздің жағдайын көтеруіміз
керек. Тіл жағдайы жақсармай, ұлт оңалмайды. Бізде кейде, «алды-
мен экономика, сосын барып руханият» деген ой бар. Жоқ. Екеуі де
қатар жүру керек. Екеуі қатар жүрмесе, бір-біріне кереғар әсер етеді.
Біз материалдық құндылықтарға көбірек назар аударып кеттік те, тіл,
руханият жағы артта қалып қойды. Соның кесірінен, өмірдің мәні
397
байлық болу болып кетті, ал, ұлтқа қызмет ету мәселесі аяққа тапта-
лып жатыр. Ұлтты күшейту ұлттық идеология арқылы жүзеге асады
емес пе? Кейде біздің басшылық ұлттық идеологияны ескермейтіндей
әсер билейді. Себебі, тұрғылықты халықтың идеологиясына жіті мән
берілсе, елдегі басқа да ұлт өкілдеріне қысым жасалатындай көрінеді.
Тіпті, еліміздегі кейбір мемлекеттік қайраткерлер қазаққа қызмет ет-
пек түгілі, орыс мүддесін қорғап кеткен жайы жасырын емес қой. Ах-
мет Байтұрсынов: «Ұлттық тәрбие алмаған, ұлт тілінде білім алмаған
адам, ұлтына қызмет қыла алмайды» дегендейін, өз ұлтының тіліне
қарсы шыққандардың енді «жемісін» көріп жүрміз. Мысалы, кейбір
әлемге танымал қайраткерлеріміз, ақындарымыз, аузына жұрт қараған
азаматтар «орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей болуы керек» деп, сол
үшін күресіп, сол елдің сойылын соғып жүрген жоқ па!
Достарыңызбен бөлісу: |