Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Жар-жар – үйлену тойларында ең көп айтылатыны



Pdf көрінісі
бет28/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   191
Жар-жар – үйлену тойларында ең көп айтылатыны. Өлеңнің 

«жар-жар» аталынуы оның атынан-ақ көрініп тұрғандай, ұзатылар 

қызға «сенің балалық дәуренің өтті, енді жас жігіттің сүйген жары 

болдың» деп, көпшілік алдында ресми түрде мәлімдеуімен байла-

нысты.

Бұл  өлең  екі  жақтың  айтысы  түрінде  орындалады.  Екі  топтың  бір 



жағы  қыздар,  екінші  жағы  жігіттер  немесе,  қыз  алушы  және  қыз  бе-

руші құдалар жағы боп айтысады. Өлеңді тойға келген ақындар немесе, 

жігіттер  жағы  бір-екі  ауыз  өлеңмен  бастайды.  Екі  жағы  қосылып,  әр 

жолдың соңынан қайырма ретінде «жар-жар» деп қайталап отырады. 

«Жар-жар»  өлеңі  әуелде  ұзатылатын  қызды  жұбату,  онымен  қош-

тасу мақсатында шыққан. Сондықтан да жар-жар айтылатын негізгі 

тақырып қыз баласының мәселелеріне байланысты болып келеді.

Бұрынғы кездерде қазақ қыздарының көпшілігі сүйгендеріне қосы-

ла алмағаны белгілі. Қалың мал үстемдігі олардың күшті наразылы-

ғын туғызып отырды. Ұзатылып бара жатқан қыздар әлсіз де болса 

өз қарсылықтарын білдірді. Олардың көңілін жұбатып, ата дәстүрді 

түсіндіру керек болды. Ол үшін ұзатылып бара жатқан қызға соңғы 

реті өз мұңын, наразылығын айтуға мүмкіншілік беріп, оның айтқан-

дарының  бәріне  де  қарсы  дәлелді  жауаптар  айтып  теріске  шығару, 




81

ата-ананың берген жеріне жыламай бару керектігін ұғындыру керек 

болды. Бұл ретте үгіт құралы ретінде «жар-жар» негізгі роль атқарды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет