Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет24/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   191
(«Қазақ халық әдебиеті».1928, орыс тілінде).


73

Салт өлеңдері орыс халқында да бар. Бірақ оларды бұлайша жік-

теуге келмейді. Орыс фольклорын зерттеуші Н.П.Колпакова орыс хал-

қының салт өлеңдерін төртке бөледі: 1/заклинательные, 2/игровые, 3/

величальные,  4/лирические 

(Н.П.Колпакова.  Русская  народная  бытовая 

песня, М.Л.,1962).

Әр халықтың ауыз әдебиетінде салт өлеңдерінің әртүрлі жіктелінуі 

шаруашылықтың, тұрмыстың түрліше болуымен байланысты. Қазақ 

халқының тұрмысында мал шаруашылығы зор роль атқарғандықтан 

да, оған байланысты туған өлеңдер көп. Ал, басқа мал шаруашылы-

ғы емес, егін шаруашылығы дамыған елдерде егін шаруашылығына 

арналған өлеңдер көп болуы – заңды нәрсе. Қоғамдық, экономикалық 

даму жағдайларына сәйкес ерекшеліктер қазақ фольклорында, оның 

ішінде,  әсіресе,  салтпен  байланысты  туған  өлеңдерден  айқын  көрі-

неді.


Ән,  өлеңді  сүйіп,  құрметтеу  –  халқымыздың  туа  біткен  қасиет-

терінің бірі. Қазақтың баласының «әу» деп, екі ауыз өлеңнің басын 

құрай алмайтыны жоқ десе де болғандай. 

Біздің тұрмысымыз әнмен, өлең-жырмен көмкерілген. Салт өлеңдері 

бүгінгі күндері барлық жиын-тойларда, елеулі оқиғаларда жаңаша ай-

тылып жүр десек те ойланарлық жәйттер. Өткен ғасырдың басында-ақ 

қазақтың ұлттық дәстүрлеріне жат жұрттықтардың кері әсерін тигізе 

бастағанына дабыл қаққан Сұлтанмахмұт Торайғыров соңғы кездерде 

ойын-сауықтарда әсем ән мен күмбір күйлердің аз орындалып жүр-

геніне мазасызданып: «Қысқасы, бір халықтың әні кетсе, жаны кетеді. 

Қазақты ағаш қылып отқа жаққыларың келмесе, әнді сақтаудың қа-

мын қылыңдар» 



(«Айқап», 1913,№13) 

– деп, жар салған екен. Ақынның 

осы бір жан айқайы күні бүгін де құлақта тұр.

***


Барлық халықтар сияқты қазақ халқы да үйленумен байланысты бо-

латын тойларды ерекше құрметпен өткізетін болған. Әсем әндер шыр-

қалып, кейбір тек қана үйлену тойларында ғана орындалатын өлеңдер 

айтылған. Үйлену тойына байланысты айтылатын бірнеше өлең түр-

лері бар. Оларға: «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» т.б. 

өлеңдер жатады.

Бұл өлеңдердің көпшілігі қазіргі кезде айтылып жүр. Ал, ұзатылып 

бара жатқан қыздың өз аулымен, ата-анасымен, туған-туыстарымен, 

құрбы-құрдастарымен  қоштасып  айтатын  өлеңі  –  сыңсу  бұл  күнде 

айтылмайды. Себебі, қыз тағдырын бұрындары өздері шеше алмай, 

басқалардың шешуінің жойылуына байланысты еді. Өткен кездерде 

ақын қыздар шығарды деген небір тамаша «сыңсулар» бізге жеткен. 

Олар өзінің көркемдігі, ойлылығы жағынан салт өлеңдері ішінде ерек-

шелене көзге түседі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет