Жігіт:
–Мұнда әкем қалды деп қам жемеңіз, жар-жар,
Жақсы болсаң, қайын атаң орын басар, жар-жар.
Қыз:
– Қайын атасы бар дейді осы қазақ, жар-жар,
Айналайын әкемдей қайдан болсын жар-жар.
Осы ретпен жігіттер жағы әзіл-қалжың араластыра отырып, қалың-
дыққа әкеңнің орнын қайын атаң, шешеңнің орнын қайын енең баса-
ды; үйден кеттім деп налыма, ол жақта да үйге барасың, ол күйеуіңнің
отау үйі деп жұбату айтады.
Жар-жар көбіне бұлайша айтыла бермейді. Еріксіз ұзатылып
бара жатқан қыз сүймеген адамына еріксіз бара жатқандығын, әйел
теңсіздігін туғызып отырған заманға, оның кейбір әдет-ғұрыптарына
қарсы шығады. Тіпті, өзін асырап өсіріп есейткен ата-анасына да риза
еместігін, өзінің қарсылығын ашық айтады.
Қыз:
– Төркіндегі үйімнен кеттім әке,
Қыз да болсам сізге мен перзент едім, жар-жар.
Жалғыз басым симастай не еттім, әке, жар-жар.
Қыз:
– Жетім балаға ұқсатып жалтаңдатты,
Байлап беріп жат елге танымаған.
Өмірің қысқа жалған жар-жар, – ойбай елім, аман бол!
Өз баласын қызығып малға сатты
Әке менен шешнің мейірі қатты,
Өмірің қысқа жалған жар-жар, – ойбай елім, аман бол!
Уылжыған ақша бет, қуарсайшы,
Мөлдіреген екі көзі суалсайшы.
Бір жаманға қор болып кеткеніңше,
Өліп қана қыз сорлы уансайшы!
(Сәкеннің кітабы, 62-бет)
Жоғарыда келтірілген мысалдарда бұрынғы заманның қатал да қаті-
гез заңдары өзінің бар болмысымен, рухымен көрініс береді. Мұндай
өлеңдерде бұрынғы қазақ қоғамы туғызған салт-сананың жалпы әйел
қауымына деген көзқарасы, сыпаты көрінеді.
Жар-жар өлеңінде ескі қоғамдағы қазақ қыздарының арман-мұраты
жырланады. Қыздар жағы айтатын жар-жар көбіне ауыр, мұңлы, ауыр
азап пен ащы зарға толы болып келеді. Жігіттер жағы айтатын өлең-
дер көбіне көңілді әзіл, ойнақы түрінде болады. Бұлар жат жұрттыққа
жаралған қыздың ертеңгі ауыр өмірін ұмыттырып, өкінішке толы сол
сәттегі қыз көңілін көтеру үшін қажет.
Жігіт:
–Жас күнімнен өлеңге
82
Қойдым қадам, жар-жар.
Ескі досын ұмытар
Кейбір надан, жар-жар.
Бір сөзім бар сақтаған
Айтайын деп, жар-жар.
Болмағанда қасыңда
Бөтен адам, жар-жар.
Қыз:
– Мен де өзіңдей өлеңге
Құрдым дүкен, жар-жар.
Бөрі жортар қой аңдып,
Бүкең-бүкең, жар-жар.
Сөзің болса бұйымтай,
Оңаша айт та, жар-жар.
Түйе болып түнде кеп
Үйге сүйкен, жар-жар
(С.Сейфуллин, Шығ. 6 том, 1964ж. 102-бет)
Жар-жар өлеңдерінде көбіне дайын мәтіндер пайдаланылған. Кей-
де, өлеңді орындаушылардың ішінде өлең шығаруға ебі барлар болса,
бірден ойдан шығарылып та айтады. Жар-жар өлеңдерінің осылайша
айтылуы нәтижелерінде әртүрлі нұсқалары пайда болған.
Қазіргі үйлену тойларында жар-жар өлеңдері үзбей айтылып ке-
леді. Бұл өлеңдердің бұрынғы кезде айтылған жар-жарларға қараған-
да түбірлі айырмашылықтары бар. Ең алдымен, жалпы әдебиетте өз
көрінісін табатын замана рухы анық көрінеді. Ең бастысы бұрынғы
заманда қыз тағдырын басып-жаншып билеген қалың мал салтына
байланысты көрінетін қыз басының аянышты халі бүгінгі жар-жарла-
рымызда жоқ. Қазір әрбір жас өзінің сүйгенімен қалыңсыз-ақ қосыла
алады. Бұл – ең алдымен, жүрек қалауымен болатын жұмыс.
–Құтты болсын тойыңыз тілек бірге,
Махаббатпен түйіскен жүрек бірге
(Қ.Елімбаева. Жар-жар. «Қазақс-
тан әйелдері», 1966,№1).
Бір-бірінің жүрек лүпілін жете ұғынысқан екі жастың қосылуы
тойларында жиі айтылып жүрген жар-жарларда жаңа заманның лебі,
бүгінгі дәуіріміздегі жастарымыздың жарқын бейнелері көрінеді. Той
қызығы – тек екі жастікі ғана емес, бүкіл жора-жолдастарының, бірге
қызмет істейтін ұжымының да ортақ қуанышы. Өйткені, әрбір адам-
ның өмірдегі сәтті қадамына қуанып отыру, біздің заманымыздың дағ-
дысына айналған. Жар-жар өлеңдерінде жас жұбайлардың құрбы-құр-
дастарының қуанышы мен құттықтауы айтылады.
– Екеу болды бүгін кеп, бір бастарың
Құттықтайды күлімдеп құрдастарың.
(«Мәдениет және тұрмыс»,1966,№1)
– Жаңа отаудың еңсесі мықты болсын,
Қадамдарың екі жас құтты болсын.
Гүлдей шыққан көктемгі көңілдерің
83
Қызғалдақтай құлпырсын өмірлерің.
Ата-ананың ақ сүтін ақтаңыздар,
Махаббатты мәңгілік сақтаңыздар.
Соңғы шумақтан көрініп тұрғандай, екі жасқа игі тілектер айты-
лады. Өмірлерінің келешекте гүлдей жайнап бақытты болуларына
тілектестік білдіреді. Бұрынғы жар-жарлардағыдай қалыңдыққа бар-
ған жеріңде де «қор болмайсың» демейді, керісінше, алдағы өмірдің
жарқын өмір екендігі, сол жарасқан қоғамды құрушы осы жастардың
өзі екендігі, ол үшін еңбек ет, сонда сендер нағыз бақытты бола ала-
сыңдар дейді:
– Ұлы еңбекке үлес қос
Қарлығаштай, жар-жар.
Жаңалыққа жаршы бол
Түлеп бірге, жар-жар
(«Қазақстан әйелдері», 1965, №1).
Жар-жар өлеңдерінің кейбір түрлері республикалық баспасөз бет-
терінде жарияланып жүр. Бұл, әрине, осы өлең түрлерінің жаңа үлгі-
лерін жұртшылық пайдалануына ұсыну еді. Шындығында да, мұндай
өлеңдерге деген қажеттілік аса күшті. Ал енді осы қажеттіліктің жер-
жерлерде орындалу барысы қалай? Мәселеге осы тұрғыдан келсек,
біраз жағдайлардың куәсі боламыз.
Қазір жер-жерлерде жастардың үйлену тойлары көптеп өтіп жатады.
Осы тойлардың бір де бірі жар-жарларынсыз өтпейді. Осында айтыла-
тын өлең түрлеріне қарасаңыз, республикалық газет-журналдар бетін-
де жарияланып, үлгі ретінде ұсынылған жар-жар өлеңдері кездепейді
десе де болады. Ойын-тойларда көбіне жастардың өздері шығарған
жар-жарлар айтылып жүр. Бұдан аңғаратынымыз, біздің ақындары-
мыз жазған жар-жарлар көпшілік талғамынан шыға бермейді екен.
Мұндағы басты себеп көркем сөз шеберлерінің халқымыздың ертеден
келе жатқан өлең түрінің бірі жар-жардың жалпы өлеңдік табиғатын,
ондағы дәстүр мәселесін жете түсіне бермейтіндігінде, сол дәстүрді
жаңаша жырлай алмай келе жатқандығында болса керек. Оның үстіне
жастар «Жар-жарды» өздерінше айтуға құмар.
Жалпы үйлену тойына байланысты қалыптасқан дәстүр бойынша
өлеңді алдымен, жігіттер жағы бастайтын да қыздар жағы іліп алып
жар-жар айтысы басталып кететін. Жоғарыда аталған өлең бойынша,
бұл реттілік бұзылуы керек те, өлеңді қыздар тобы бастауы керек. Мұ-
ның өзі аса жарасымды да емес сияқты.
Бұл өлең бұрынғы жар-жарларда кездесетін ата-анаңның орнын қа-
йын атаң, қайын енең басады деген ретпен құрылған. Мұнда тұрмысқа
шығып ұзатылатын қыз ата-анасына, туған жеріне, еліне енді қайтып
оралмастай, налып қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |