Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015


Жиын-тойларда көп айтылатын өлең түрінің бірі – тойбастар



Pdf көрінісі
бет26/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   191
Жиын-тойларда көп айтылатын өлең түрінің бірі – тойбастар

Ескіден келе жатқан дәстүр бойынша, тойбастар өлеңі қуанышты той-

думанның  басталғанын  ресми  түрде  мәлімдейтін  шарт  болған.  Той-

бастар өлеңі тек қана үйлену тойларында ғана айтылмайды, сонымен 

бірге шілдехана, сүндет тойы, т.б. сияқты барлық тойларда да айтыла 

береді. 


Тойбастарды әдетте жеке адам айтады. Қазақтың салты бойынша, 

той бастаған адамды құрметтеген. Топ арасынан суырылып шығып, 

көпшілік алдында өзінің ақындық, әншілік, тапқырлық өнерін жұрт 

көзіне іркілмей көрсету өнерлінің өнерлісінің ғана қолынан келетін. 

Халқымыздың жалпы өнер атаулыны ерекше қадірлегені белгілі. Той 

бастаған  өнерпаздарға  да  ерекше  ілтипат  көрсетіп,  «той  бастағаны 

үшін» жол-сыйлық беріп отырған.

Той бастаған адам ең алдымен, той иесіне құтты болсын айтады. Ақ-

ниетті ата-аналардың қуанышына өздерінің де ортақтастығын білді-

реді: 


–Шарықтасын самғай өтіп ән қырдан

Туған ауыл құтты болсын той-думан.

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана

Арман құсын алақанға қондырған.

(Қ.Мүсірепов. Тойбастар, «Мәдениет және тұрмыс».1966, №1)

–Құнан қойын шайлатып сойдырған үй

Табақ-табақ ет тартып тойдырған үй

 Сәтті күні сәрсенбі той қылыпсыз

Құтты болсын тойыңыз той қылған үй.

(С.Сейфуллин, Шығармалары, 6 том,А., 1964).

Осы  шумақтарды  салыстыра  қарасақ,  екеуінің  арасындағы  өзге-

шеліктер бірден көзге ұрады. Екі шумақтың екеуінің де қай кездерде 

айтылғандығы  білінеді.  Қазіргі  жиын-тойлардың  сәрсенбі  күні  бол-

майтындығы, көбіне демалыс, мейрам күндері болатындығы белгілі. 

Сондықтан да қазіргі тойларымызда айтылып жүрген тойбастарларда 

«сәрсенбінің сәтіне қылған тойыңыз құтты болсын» деген мағынадағы 

өлең  жолдары  кездеспейді.  Ал,  бұрынғының  тойбастар  өлеңдерінде 

бұл жолдар міндетті түрде кездесіп отырады. Оның да себептері бар. 

Қазақтың ескі діни нанымдары бойынша, аптаның әрбір күндерінің 

өзіндік  ерекшеліктері,  қасиеттері  болған.  Мысалы,  бейсенбі,  жұма 

күндерін құдайға құлшылық етуге ең қолайлы, қасиетті күн деп есеп-

теген. Өлген адамның артынан берілетін жетісі, қырқы, жүзі, жылы, 

құдайысы  деген  сияқты  діни  жораларды  осы  күні  жасайтын.  Жұма 

күні мешітте намаз оқыған адамның ниеті қабыл, жоғарыда айтылған 

екі күнде опа болған адамдар қасиетті, әулие деп ұғынылған. Осындай 

түсініктер бойынша, сәрсенбі күні ең сәтті, ең қуанышты күн болып 

есептелінген. Үлкен істі атқарғанда, оның басталуын да, аяқталуын 




78

да осы күнге туралаған. Осындай ниеттермен қуанышты тойларды да 

көбіне осы күндерде өткізіп отырған. Кейіннен жиын-тойларды сәр-

сенбі күні өткізу дәстүрге айналып кеткен. Халық өміріндегі осы бір 

құбылыс тойбастар өлеңдерінде көрініс тапқан. 

Тойбастардың  ескі  түрлерінде  өлеңді  айтушы  адамның  той  иесін 

осындай үлкен той жасап, халықты жиғандығы үшін мақтайды. Бұл 

туралы С.Сейфуллин «Қазақ әдебиеті» атты кітабында «Той иесінің 

қуанышын көтермелеп «тойының тойға ұласуын» тілеп, той істеуші 

мал  иесін  «ақпейіл»,  «шүлен»  деп,  оның  «ақпейілділігі,  шүлендігі» 

үшін, мал басына «қыдыр даруын» тілейді. Және тойды «тәңір қазы-

насы» деп тойға шығарған шығынды «тәңірінің өзі төлейді» – дейді» 



(сонда, 93-бет)

 – деп жазды. Осы ойын нақтылай түсу үшін мысалдар 

да келтірген.

 – Болыпты жұрт көрмеген бір ұлы той,

Таңқалып қарағандай жер менен көк.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет