Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет106/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

«Алла атымен айттым сөздің әдібін

  Жарылқаған, жаратқан бір тәңірім» – түрінде түскен. Алла-

тағаланың жер бетінде тіршілікті жаратқаны, пайғамбарлар, саха-

балар жайлы айта келіп, күнделікті тіршіліктің мәселелерін фило-

софиялық тұрғыдан пайымдауға кіріседі.




235

Дастанда негізінен төрт түрлі мәселе көтеріледі. Оның біріншісі 

– патшаның әділ болып, елді дұрыс басқара алуы. «Алдыңғы арба 

қалай  жүрсе,  соңғы  арба  да  солай  жүреді»,  «Балық  басынан  ші-

риді» дейді халық даналығы. Жүсіп те әңгімені сол халықты бас-

қаратын, өзіне үлгі тұтатын патша қандай болуы керек деген мәсе-

леге айрықша көңіл бөлген. Автор әділ биліктің символы ретінде  

Күнту патшаны үлгі етеді. 

Екінші көтерілген мәселе – ел қайтсе дәулетті болады, бақ қонып, 

қыдыр дариды. Бұл тақырыпты патшаның уәзірі Айтолдының тұл-

ғасы арқылы баяндаған. Үшіншісі – ақыл-парасаттың қоғамдағы 

рөлі. Мұны уәзірдің баласы Ұғділміштің бейнесі төңірегінде жыр-

лайды.  Төртінші  қанағат,  ынсап  мәселесін  дәруіш  Ордгүрміштің  

басынан өткендерін, айтқандарын суреттей отырып көтереді. 

Автор  бұларды  жай  баяндай  салмайды,  өмірдің  өзінен  ойып 

алынған  мәселелер  ғұламалық,  ойшылдық  сүзгіден  өткен  фило-

софиялық  толғаныстар  ретінде  бейнелі  түрде  оқырман  назарына 

ұсынылады.  Дастанның  өмірлік  аса  маңызды  мәселелерді  дұрыс 

пайымдай білуіне оның авторының түркілік мәдениеттің асыл қа-

сиеттерін  бойына барынша сіңіріп, оған қоса ислам өркениетінің 

нәрімен сусындауы кең өрістер ашқан. 

Әлемдік өркениеттің төрінен орын алған әрі әдеби, әрі филосо-

фиялық,  әрі  ғылыми  шығармада  адам концепциясы  әр  түрлі  қы-

рынан қарастырылып, ол қайтсе бақытты болады деген әлімсақ-

тан келе жатқан сауалға жауаптар берілген. Мұнда адам өмірінің 

мәні, қоғамда алатын  орны,  басқалармен қарым-қатынас түрлері 

адамзат баласының рухани құндылықтары ауқымында қарастыры-

лады. Осы ыңғайда адамгершілік нормалары мен діннің, білім мен 

ғылымның адам өміріндегі аса маңызды рөліне ерекше мән беріп, 

бұл мәселелердің дұрыс шешім табуының  бақытқа жеткізер бір-

ден-бір жол екендігін көрсетеді. 

Жүсіптің  адамзат  қоғамы  жайлы  ойлары  негізінен  әділет,  ба-

қыт, ақыл, қанағат категориялары жайлы өрбіп, адам баласының 

барлығы бақытты ғұмыр кешетін қоғам төңірегінде түйіскен. Ол 

қоғамның  бақытты  болуын  әділетті  билікпен,  адамдардың  бір-

бірімен,  қоғаммен  қатынастарында  үйлесімділік  табуымен  бай-

ланыстырады. Оған білім-ғылым, дұрыс тәрбие арқылы ғана қол 

жеткізуге болады. Енді Жүсіп Баласағұнға құлақ салайық.

           «Ақылды – ұлы, біл, білімді – білікті, 

             Қонса екеуі, ұлы етер жігітті... 

             Ақыл қайда болса, ұлылық толады, 

             Білім кімде сол білікті болады». 

«Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар

Қор қылар тіл, кететұғын бас болар. 

Тіл – арыстан есік баққан ашулы, 



236

Сақ болмасаң, жұтар ерім, басыңды...

               Тіліңді бақ, басың аман болады

               Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады... 

               Қалар мұра – сөз, кісіден кісіге, 

               Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе». 

«Адамшылық – адамға тән қазына, 

Солай қазір, солай болған бағыдан. 

Қайырым етсе, достарың, не бауырың

Еселеп бер, көтер жүктің ауырын» –  деп, толғанады өмірден 

оқығаны, тоқығаны мол философ ақын. 

«Құтты білік» – халықтың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, 

адамға бақыт берген, құт әкелетін ілім. Ғасырлар бойы көзі ашық, 

көкірегі ояу ұрпаққа адамдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-адал-

дық дәстүрін сіңірген кітап» (Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Ал-

маты, 9-бет). 

Жазылғанына  тоғыз  жарым  ғасыр  өткеніне  қарамастан,  Жүсіп 

Баласағұнның  «Құтты  білік»  дастаны  өзінің  құнын  жойған  жоқ. 

Керісінше, қазіргі жаһандану дәуірінде өмірде не бір келеңсіздік-

тер көбейіп, қоғам моральдық жағынан да, материалдық жағынан 

да дағдарысқа ұшырап,  берекесіздік жайлап, одан шығар жолды 

жанұшыра іздеп жатқан заманда адамдардың бақытты ғұмыр ке-

шетін  қоғам  орнату  бағыт-бағдар  көрсетіп  тұрған  «Құтты  білік» 

сияқты  ұлы  туындылардың  құны  арта  береді.  «Құтты  білік»  – 

адамзат қоғамы бар жерде оған қызмет ете беретін өлмес шығарма.

     

                                           




237

МОЛЛА ПАНАХ ВАГИФ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет