Дандай ысқАҚҰлы рухани толғамдар алматы «ДӘСТҮР» 2015



Pdf көрінісі
бет107/191
Дата06.01.2022
өлшемі3,03 Mb.
#11468
түріБағдарламасы
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   191
Байланысты:
0221a9b61916ef3923a2d2a516d24b60

 (1717-1797)

     


О

н сегізінші ғасырдағы әзербайжан әдебиетінің аса ірі өкілі, көр-

некті қоғам қайраткері Молла Панах Вагиф 1717 жылы Қазақ 

сұлтандығының Салахлы аулында (қазіргі Әзербайжандағы Қазақ ау-

данының Салахлы аулы)  кедей шаруаның отбасында өмірге келген. 

Жастайынан  араб, парсы тілдерін үйреніп,  астрономия,  математика, 

сәулет, саз өнері, сөз өнері пәндерін оқып, жақсы білім алады. Оның 

жан-жақты білімдарлығы соншалақ – «оқығанның бәрі Молла Панах 

бола алмайды» деген қанатты сөз ел арасына кеңінен тарап кетеді. Ең-

бек жолын Қазақта бала оқытудан бастап, қырық жасында Қарабаққа 

көшіп  келіп,  алдымен,  Тертербасар,  кейіннен  Қарабақ  хандығының 

орталығы  Шуша  қаласында  тұрақтап,  мешіт  жанындағы  медреседе 

дәріс береді (ақынның аты-жөніне тіркесіп жүрген «молла» сөзі оның 

осы оқытушылық қызметіне байланысты). 

Бір жағынан бала оқытып, екінші жағынан өлең жазған Панахтың есімі 

ел арасына кеңінен танымал болады. Ақынның атақ-даңқы сол кездегі 

Қарабахтың ханы Ибрагим ханға дейін жетіп, оны өзіне қызметке ша-

қырады. Хан сарайында ол алдында сыртқы қарым-қатынастарға жауап 

беретін уәзір, кейіннен сарайдың бас уәзірі қызметтерін атқарады. Осы 

қызметте жүріп ол нағыз дипломат ретінде де жарқырап көрінеді. Оның 

тікелей  басшылығымен  сол  кездерде  басқыншылық  саясатымен  өңір-

ге қауіп төндіріп тұрған Парсы патшалығына қарсы Грузиямен, Талыш 

және Ереван хандықтарымен қорғаныстық мақсаттағы келісім-шарттар 

жасалады; Ресеймен ынтымақтастықты көздеген келіссөздерді бастайды. 

  Иран шахы Аға Мұхамед Қаджар 85 мыңдық әскерімен 1795 жыл-

дың жазында Қап тауына қарай қозғалады. Ардебелияны бағындырып, 

Қарабах хандығына қарай бет алады. Аға Мұхамед шахтың қарсылас-

пай, беріл дегеніне көнбей, Қарабақтың ханы Ибрагим Халил хан 15 

мың әскерімен оған қарсы тұрады. Хандықтың орталығы Шуша үшін 

кескілескен шайқастар созылып, басқыншылар қаланы ала алмайды. 

Шыдамы таусылған шах түрлі амалдарды қолданып бағады. Сондай 

әдістердің бірі ретінде ақын Сейіт Мұхаммед Ширази қасидасының 

екі жолын алып, «ақымақтар, төбеден тас жауып тұрғанда, шишадан 

соғылған қорғандардың тасасында қандай кереметті күтесің» түрінде 

өзгертіп, оны садақтың жебесіне жапсырып, қалаға қарай жаудырта-

ды. Қорғанушыларды қорқыту,  үркіту,  психологиялық  қысым жасау 

мақсатымен жазылған парақшаның бірі хан Ибрагим Халилдің қолы-

на жетіп, ол дереу Вагифты шақырады. Ол табан астында «мені ши-

шамен жаратқан қорғап тұр, ал шиша берік тасқа бекітілген» деген 

жауап  жазып,  өздеріне  қарай  жібереді.  Ашуға  әбден  булыққан  шах 




238

қаланы зеңбірекпен атқылап, быт-шытын шығарады. Қаланы 33 күн 

қоршап, қаншама әрекеттер жасағанымен де қаланы ала алмай, амалы 

таусылған ирандықтардың шегінуіне тура келеді. 

Көп ұзамай иран шахы Аға Мұхамед қайта шабуылға шығады. Қа-

рабақта жауын-шашын жаумай, егін шықпай, соның салдарынан жұт 

болып, халық аштан қырылып жатқан кез болатын. Қарсыласуға ша-

масы жоқтықтан Қарабақтың ханы Ибрагим Халил аз ғана әскерімен 

қаладан қашып шығады. Қаланы қарсылықсыз алған иран шахы Ва-

гифты  зынданға  тастап,  өлім  жазасына  кеседі.  Бірақ  дәл  осы  кезде 

оны өлтірмекші болған Аға Мұхамедтің өзін оларды да ауыр жазамен 

жазаламақшы болған өзінің қызметшілері түнде өлтіріп кетуіне бай-

ланысты үкім орындалмай, қалады. Шахтың өлімінен аман қалғаны-

мен,туралап келген ажал қыр соңынан қалмайды. 

Қарабақ хандығының билігін 1797 жылы уақытынша қолына алған Иб-

рагим Халил ханның немересі Мұхамед бек Жеваншир Вагифтен өзінің 

болашағына төнер қауіп көріп, оны өлтіруге бұйрық береді.  Сөйтіп, шах-

тың ажал тырнағынан аман қалған ұлы гуманист, халқына арнап өлмес 

жырлар жазып, адал қызмет еткен   ақын таққа таласып, көлеңкелерінен 

қорыққан  өз қандастарының қолынан опасыздықпен  қаза табады. 

Ақынды баласы Әли бекпен бірге әбден азаптап, құздан лақтырып 

өлтірген Жеваншир мұнымен де тоқтамай, оның үйін өртеп, өлеңдері 

жазылған  қолжазбаларының  барлығын  отқа  орап,  жойып  жібереді. 

Өршіл ақынның өзінен де, халықтың жүрегін жаулап жатқан өлеңдері-

нен де сескенген хан осылайша оның артында із қалдырмай, тып-тый-

пыл  жоқ қылып жіберуді ойлайды. 

Вагифтың өлеңдері оның өзі өлген соң барып, жекелеген айтушылар-

дың аузынан, кейбір тасқа басылып қалған жерлерінен жиналады. Ал-

ғашқы өлеңдер жинағын 1856 жылы М. Ю. Нересов Темір-Хан-Шуреде 

(қазіргі Бұйнақ) бастырып шығарған. Толық шығармалар жинағы 1945 

жылы жарық көрді. Өлеңдері орыс тіліне аударылған (1949), басқа да 

бірнеше елдерде басылған.  Кейіннен Шуша қаласындағы оның қабірінің 

басына мавзолей тұрғызылған (1982). Әзербайжан ақыны Самед Вургун 

ақынның өміріне  арналған  «Вагиф» атты драмалық поэма жазды. 

Бүкіл шығармашылығы әзербайжан халқының тіршілігімен тыныс-

таған Молла Панах Вагифтің өлеңдері өмірге шынайы жақындығы-

мен,  өміршеңдігімен  ерекшеленіп,  жаңа  дәуірдегі  жаңа  әдебиеттің 

басы болды. Ақын поэзиясында халық өмірі бар болмысымен көрініс 

тауып, тіршіліктің түрлі проблемаларын ақылдың сарабына  салып, 

оның философиялық шешімін табуға ұмтылады. 

Ортағасырлық  шығыс  поэзиясында  романтизм,  идеалдандыру  ба-

сым болса, ақын оны өмірдің қақ ортасына алып келіп, жан кіргізді. 

Ақынның  кейіпкерлері,  өлеңдерінің  тақырыптары  қайнаған  өмірдің 

қақ ортасынан алынып, жерге түсті. Оның жырларында өмірдің шын 

болмысы шынайы көрініс тапты. Мысалы, ақынның «Мейрам келді» 

атты өлеңінде: «Мейрам келді – не қыларымды білмеймін



Қапқа қарайын десем, қарайтын қап та жоқ. 


239

Күріш пен майдың болмағанына не заман

Ет жегім келеді, бірақ үйде бір түйір ет те жоқ. 

Мейірімді алла бізді ұмытып кеткендей

Бір ауыз сөз айтсаң, ауылды маңайлай алмайсың. 

Ал көрші күшті тамағын сіңіре алмай, кекіріп отыр, 

Біз болсақ, бір түйір жуа да таба алмаймыз. 

Жоқ! Байлықпен Вагифтың аты шықпайды

Үйде тіпті серік болар әйелім де жоқ.

 Ақыл жоқ, оның жуырда болар жайы тағы да жоқ, 

Иә,  ақылдың  өзін  қайдан  табарсың»  –  деген  жолдарды  оқисыз. 

Әдетте,  мейрамға  арналып,  немесе  сол  кездерде  туған    өлеңдердің 

көтеріңкі леппен   жазылатындығы белгілі. Ал Молла Панахта мүл-

дем басқаша. Жұрттың бәрі мейрам деп,  барымен базар қылып, той 

тойлап  «шалқып»    жүрсе,  ақынның  лирикалық  кейіпкері  керісінше. 

Жоқшылықтың ауыртпалығы әбден езіп тастаған кедейге той тойла-

мақ түгілі, күн көрудің өзі – қиын. Үйінде тіске басар бір түйір жоқ 

жанның жүрек жарды сөзінен әділетсіздікке құрылған сұм заманның 

қатыгездігін сезінгендей боласыз. 

Молла  Панах  адамның  бойындағы  өмірді,  сұлулықты  сүйе  білу 

қабілетін оның ең жоғарғы қасиеті деп біліп, оны жырлауды  поэзия-

сының  өн  бойында  өріліп  жатқан  негізгі  желіге  айналдырды.  Яғни, 

мәңгілік саналып келген махаббат тақырыбы Вагифтің поэзиясында 

жаңаша мазмұнда, жаңаша қырынан жырланды. 

Ол асқақтата жырлаған арулар да – кәдімгі жер басып жүрген қара-

пайым қыздар. Ақынның атақ-даңқы негізінен осы махаббат пен сұлу-

лықтың жыршысы ретінде шықты. Бұрынғы ақындар махаббат тақы-

рыбын қиялдағы идеалдар тұрғысында жырласа, Вагиф енді оларды 

қарапайым халықтың арасына алып келіп, оған жамалған түрлі діни-

пәлсәпәлік  қатпарлардан  тазартып,  өмірдің  өзіндегі  шынайы  махаб-

батты, шынайы сұлулықты жырлады.  Бұрынғы ақындар махаббатты 

романтикалық шабытпен жырлап, идеалдандыра түсу жағына көбірек 

көңіл бөлсе, енді ақынның поэзиясында күнделікті тіршіліктің қақ ор-

тасында жүрген нақтылы арулардың небір көркем бейнелері жасалды; 

яғни қиял сұлулығын емес, өмірдің өз сұлулығын, сол өмірдің сәнін 

келтіріп тұрған аруларды жырға қосты. 

Ақындық жолында ел әдебиетінен көп үйреніп, Физулидің ақындық 

мектебін үлгі тұтқан Вагифтің реалистік поэзиясының халықтық сыпа-

ты басым.  Сондықтан да оның гошма, газель, мухаммас жанрларында 

жазған лирикалық өлеңдері халық арасына кеңінен танымал. Халық-

тан үйреніп, халықтың сөзін сөйлеп, қуаныш-мұңын жырлаған ақын 

өлеңдерінде қарапайым әзербайжан тілі бар болмысымен, поэтикалық 

құдіретімен  барынша жарқырай көрінді. Сөйтіп, он сегізінші ғасыр-

дағы әзербайжанның әдеби тілі Вагифтің поэзиясы арқылы көркемдік,  

бейнелілік жағынан мүлдем жаңа биіктерге көтерілді. Молла Панах-

тың ақындық жолын кейіннен Зәкір, М. Ф. Ахундов т. б. жалғастырды.




240

ЖАБИД ГҮСЕЙІН

(ДЖАВИД ГУСЕЙН) 

      


                                      



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет